Шежірелер 2-ж. 26
26
Яһуда елінің патшасы Ұзияхтың жетістіктері
1Яһуданың бүкіл халқы он алты жасар патшазада Ұзияхты#26:1 (Пат4 14:21; 15:1) Азариях деп те аталған Ұзиях б.з.д. 792-740 жж. патшалық құрды. әкесі Амасияхтың орнына патша етіп тағайындады. 2Кейін Ұзиях (Қызыл теңіздің шығанағындағы) Елат қаласын#26:2 Елаттың қасында орналасқан, сауда-саттық кемелері тоқтайтын Есион-Гәбер қаласы Сүлеймен патшаның заманында зор байлықтың көзі болатын (8:17-18; 9:21). қайтадан Яһуда еліне қосып, салғызды. Бұл әкесі Амасиях патша көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелген кезден кейін болды.
3Ұзиях патша болған кезде жасы он алтыда еді. Ол Иерусалимде елу екі жыл бойы билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехолия болатын. 4Әкесі Амасиях (алғашқыда) істегендей,#26:4 25:2,4,9-10. Ұзиях та Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді.#26:4 Яки: Ұзиях та әділ істер жасап, онысына Жаратқан Ие оң көзімен қарады. 5Құдайды қастерлеуге үйреткен#26:5 Немесе: Құдайдың аян бергенін ұғындырған. ұстазы Зәкәрия болатын. Соның көзі тірісінде патша Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркіне мойынсұнып жүрді. Содан Құдай оны жарылқап, зор табысқа жеткізді.
6Ұзиях жорыққа аттанып, філістірлермен соғысып, Ғат, Ябнех, Ашдод қалаларының қамалдарын қиратып тастады. Кейін ол Ашдод аймағында және філістірлердің қалған жерлерінде өз қалаларын салғызды. 7Патша філістірлерге, Ғұр-Бағалда тұрып жатқан арабтарға және меундіктерге#26:7 Ғұр-Бағал: Яһуданың оңтүстік жағындағы қала. Меундіктер: Яһуданың оңтүстік шығыс жағындағы Едом елін мекендейтін бір тайпа. қарсы күрескенде Құдай жар болып оны қолдады.
8Аммондықтар да Ұзияхқа алым-салық төлеп тұрды. Оның күшейіп кеткені сонша, атақ-даңқы Мысыр еліне дейін жайылды.
9Сонымен қатар Ұзиях Иерусалимнің Бұрыш, Аңғар қақпаларында және қала қамалының бұрылатын жерінде күзет мұнараларын тұрғызып, нығайтты. 10Батыстағы төменгі қыраттар#26:10 1:15; 28:18; Еш 15:33. мен жазықта өзінің меншікті малы көптеп жайылып жүрді. Содан патша елсіз далада күзет мұнараларын салғызып, көптеген құдықтар#26:10 (Жар 26:18) Немесе: жер астындағы су қоймаларын. (Археолог ғалымдар Ұзияхтың есімі ойып жазылған мөрлі сақинаны сол аймақтағы жер астындағы бір су қоймасынан тапқан.) қазғызды. Ол жер өңдеуді де ұнатып, жоғарғы қыраттар мен шұрайлы жерлерде#26:10 Немесе: Қармилда (Пат3 18:19-20; Иш 33:9; 35:2). егіншілері мен жүзім өсірушілеріне жұмыс істеткізетін.#26:10 Шеж1 27:26-31.
11Ұзияхтың тізімге тіркеліп, топ-топқа бөлініп, әрдайым шайқасқа дайын тұрған әскері де бар болатын. Оны тізімдеп, топтастыру жұмысын патшаның қолбасшысы Хананияхтың басшылығымен хатшы Еиел мен басқарушы Мағасиях атқарды. 12Қуатты жауынгерлер арасындағы әулеттер басшыларының жалпы саны екі мың алты жүз еді. 13Олардың қол астына үш жүз жеті мың бес жүз адамнан тұратын әскер бағынды. Бұл, патшаның әмірімен жауларына қарсы аттанатын орасан зор күш болды. 14Ұзиях бүкіл әскер үшін қалқан, найза, дулыға, сауыт, садақ жасатып, сақпанмен атуға арналған тастарды да дайындатты. 15Патша өзінің озат шеберлері ойлап тапқан жебелер мен дәу тастарды атқылай алатын соғыс құрылғыларын Иерусалимнің күзет мұнараларында және қамалының бұрыштарына орнатты. Құдайдың керемет қолдауының арқасында Ұзиях өте күшейіп, атақ-даңқы алысқа тарады.
Ұзияхтың еркінсіп күнә жасап, жазалануы
16Алайда патша күшейіп алғаннан кейін кеудесін көтеріп, менменсінуді шығарды. Ол Жаратқан Иенің киелі үйіне өз бетімен кіріп, жалғыз Оған ғана бағышталған хош иісті заттарды түтетіп, Құдай Иесіне қарсы күнә жасады.#26:16 Тек арнайы діни қызметкерлер ғана киелі үйдің ішіне кіріп, Құдайға бағышталған хош иісті заттарды түтетуге рұқсат етілген еді (Мыс 30:7-9,34-38; 40:12-15; Леу 10:1-3). 17Патшаның соңынан бас діни қызметкер Азариях Жаратқан Иенің басқа да батыл сексен діни қызметкерімен бірге кіріп, 18Ұзиях патшаға қарсы шықты. Олар: «Уа, Ұзиях, Жаратқан Иеге құрбандық ұсына алатын сіз емес, тек Һаронның ұрпағынан шығып, осы міндетке бағышталған діни қызметкерлер ғана. Киелі орыннан шыға көріңіз. Мына істеп отырғаныңыз күнә. Құдай Ие оныңызды мақұлдамайды!» — деп ескертті.
19Қолына хош иісті заттар салынған табаны ұстап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі құрбандық үстелінің қасында тұрған Ұзиях мұны естігенде діни қызметкерлерге қатты ашуланды. Сол сәтте-ақ олардың көз алдарында Ұзияхтың маңдайында алапес ауруының дағы пайда болды. 20Бас діни қызметкер Азариях пен өзге діни қызметкерлер патшаға қарағанда оның маңдайында алапес пайда болған еді! Мұны көре сала олар патшаны сыртқа қарай тықсырып шығара бастады. Оның өзі де Жаратқан Иенің жазасына ілігіп қалғанын түсініп, тысқа шығып кетуге асықты.
21Ұзиях патша өле-өлгенше алапес күйі қала берді. Ауруы себепті ол Жаратқан Иенің ғибадатханасына кіре алмай, жеке бір үйде тұрды. Оның ұлы Жотам сарайдағы істерді басқарып, елдің халқына билік жүргізді.
22Амос ұлы Ишая пайғамбар#26:22 Иш 1:1; 6:1. Ұзияхтың қалған іс-әрекеттерін басынан аяғына дейін баяндап жазған. 23Ұзиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына патшалар қабірлері орналасқан алаңқайдағы мазарға қойылды, себебі ол алапес болған еді.#26:23 Сол себепті оның мәйіті патша әулетінің бір қабіріне қойылмады (28:27; Леу 13:45-46; Рул 5:2). Оның ұлы Жотам#26:23 Осы есімнің Иотам, Жоқатам, Иоафам деген түрлері де бар. орнын басып патша болды.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 26: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.