YouVersion Logo
Search Icon

Шежірелер 2-ж. 15

15
Азариях пайғамбардың Яһуда халқына Құдайдың хабарын жеткізуі
1Сол уақытта Одед ұлы Азарияхқа Құдайдың Рухы қонды.#15:1 Рул 11:25,26; Бил 3:10. 2Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар.#15:2 15:4,15; Шеж1 28:9; Иш 55:6-7; Ерм 29:12-14. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. 3Ұзақ уақыт бойы Исраил халқы шынайы Құдайдан алыс жүрді. Олардың тәлім беретін діни қызметкері де, Таурат заңы да болған жоқ. 4Ал олар қиыншылыққа ұшырап, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге бет бұрып сиынғанда Оны тауып алды. 5Сол кездері сапарға шыққандар аман-есен барып келе алмайтын.#15:5 Бил 5:6; 20:4-5; Зәк 8:10. Елдердің күллі тұрғындарының бастарына зор пәле туатын. 6Ұлт ұлтқа, қала қалаға қарсы шығып соғысатын, себебі Құдай оларды абыржытып, әр түрлі қиыншылықтарға ұшырататын.#15:6 Бил 7:22; 12:4; 20:19-21,25,46; Иш 19:2-3. 7Ал сендер қайратты болып, мойымаңдар! Еңбектеріңнің жемісін әлі де көресіңдер».
Асаның заманындағы рухани қайта өрлеу
8Аса патша Құдайдың пайғамбары Одед ұлы Азариях арқылы жеткізген осы хабарын естігенде батылданды. Содан патша Яһуда мен Бунямин руларының бүкіл жерлерінен және өзінің Ефремнің қыратты аймағынан иемденіп алған қалаларынан#15:8 16:1; 17:1; Пат3 15:16. жексұрын тәңір мүсіндерін қиратып алып тастады. Сонымен қатар патша Жаратқан Иенің киелі үйінің кіреберісінің алдында орнатылған, Жаратқан Иеге бағышталған құрбандық үстелін қайтадан қалпына келтірді.
9Мұнан кейін патша бүкіл Яһуда мен Буняминнің халқын да, Ефрем, Манаса, Шимон руларынан көшіп келіп, елде тұрып жатқандарды да Иерусалимде бас қосуға шақырды. Өйткені көптеген халық Құдайы Жаратқан Иенің Асаға жар болғанын көріп, Солтүстік Исраилді тастап, Яһудаға көшіп келген болатын. 10Жамағат Иерусалимде Асаның патшалық құрған он бесінші жылының үшінші айында жиналды.#15:10 Б.з.д. 895 ж. сәуір айында, демек, құштық Зарах соғыс ашқан кезден бір жыл кейін. Жылдың үшінші айында Елуінші күн (Жеті апта) мейрамы тойланатын (Леу 23:15-21). 11Сол күні олар соғыстан алып келген олжаларынан Жаратқан Иеге арнап жеті жүз мүйізді ірі қара мен жеті мың ұсақ мал басын құрбандыққа шалды.#15:11 14:13-15.
12Халық ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеге шын жүректен, бар жан-тәндерімен бет бұрып, Оның еркін сұрап, орындау жайлы Келісім жасады. 13Кімде-кім Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге бет бұрып бағынбай жүрсе, жас не ересек болсын, еркек не әйел болсын, соны өлтіруге сөз байласты. 14Олар Жаратқан Иеге адал болу жайлы анттарын Оның алдында қатты дауыспен беріп, тартылған сырнай, керней үнімен бекітті. 15Яһуда халқының бәрі осы антқа қуанды. Олар шын жүректен серт беріп, Құдайға адал ой-ниетпен бет бұрып, мойынсұнып жүрді. Содан Құдай оларға жауап беріп жар болды.#15:15 15:2,4. Осылайша Жаратқан Ие елге жан-жақтан тыныштық сыйлады.#15:15 14:7.
16Аса патша тіпті әкесінің шешесі Маханы#15:16 11:19; Пат3 15:2,10,13. «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға#15:16 14:3; Заң 7:5; Пат3 15:13. арналған ағаш бағананы жасатып, орнатып қойған еді. Аса сол жексұрын бағананы шауып құлатып, қиратты да, оны Қидрон сайында өртеп жіберді. 17Тек халықтың биіктеу жерлердегі Жаратқан Иеге ғибадат етіп келген орындары#15:17 Пат1 9:12; 10:13; Пат3 3:4. ғана Исраил елінен аластатылмады. Әйтсе де бүкіл өмір бойы Аса Жаратқан Иеге шын жүректен берілген адам болды. 18Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Құдайдың киелі үйіне апарып қойды. 19Сол кезден бастап Асаның патшалық құрған отыз бесінші жылына дейінгі аралықта елдің ішінде соғыс болған жоқ.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in