YouVersion Logo
Search Icon

Шежірелер 2-ж. 14

14
1Абиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды.
Яһуда елінің патшасы Аса
Абияхтың ұлы Аса оның орнын басып патша болды. Асаның заманында елде он жылға тыныштық орнады. 2Аса өзінің сиынатын Құдайы Жаратқан Иеге ұнамды ізгі де әділ істер істеді. 3Ол бөгде тәңірлерге арналған құрбандық орындарын және биіктеу жерлердегі табыну орындарын қиратып құртты. Солардағы тас бағаналарды сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды да шауып тастады.#14:3 Пат3 11:6-9; 12:28-32; 14:15; Пат4 17:16-17; Амо 5:26; Заң 4:19. 4Патша, сондай-ақ, яһудалықтарға ата-бабаларының сиынған Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып мойынсұну әрі Оның Таурат заңы мен өсиеттерін орындау жайлы да бұйырды. 5Аса Яһуданың күллі қалаларынан биіктеу жерлердегі табыну орындарын және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді#14:5 Немесе: табыну орындарын және күнге бағышталған бағаналарды. құртып, алып тастады. Оның тұсында патшалық бір тыныш кезеңді өткізді. 6Осы бейбітшілік кезінде патша Яһуда елінде қамалды қалалар салды. Сол жылдары онымен ешкім соғысқан жоқ, себебі Жаратқан Ие оған тыныштық сыйлаған еді.
7Аса Яһуда халқын осы іске жігерлендіріп былай деген болатын: «Сол қалаларды салып, оларды қабырғалармен әрі мұнаралармен қоршайық. Мықты бөренелермен бекітілген қақпалар да тұрғызайық!#14:7 8:5; Пат3 4:13. Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге бет бұрып сиынып келеміз, сол себепті ел әлі де біздікі. Иә, Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін біліп, орындауға ұмтылып келеміз. Содан Ол бізге барлық жағымыздан тыныштық сыйлады!»
Мұнан соң халық құрылысқа жаппай қатысып, табысқа жетті.
Құштық патшаның Яһудаға шабуыл жасап, жеңілуі
8Асаның жасағы үлкен қалқан, найзамен қаруланған үш жүз мың яһудалықтан және қалқан, садақпен қаруланған екі жүз сексен мың буняминдіктен тұрды. Олардың барлығы мықты сарбаздар болатын.
9Кейінірек құштық Зарах#14:9 Құштық: қазіргі оңтүстік Мысырдың және солтүстік Судан мен Эфиопияның жерінде болған ежелгі Құш елінен шыққан адам. Зарах не Мысырдың бір қолбасшысы, не елдің 22-ші (құштық) патша әулетінен шыққан Осорқон І перғауын болса керек. сан мыңдаған#14:9 Яки: мың рет мың. жасақшылардан және үш жүз соғыс күймесінен тұратын әскер қолымен Яһуда еліне қарсы аттанып, (елдің батыс жағындағы) Мареша#14:9 11:8. қаласына жетті. 10Яһуда патшасы Аса оларға қарсы шығып, екі жақ Марешаның маңындағы Сефата аңғарында сап түзеп, шайқасқа дайындалды.
11Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!»
12Сонда Жаратқан Ие Асаның және Яһуда жасағының көз алдында құштық Зарахтың жасақшыларына соққы берді.#14:12 13:15. Содан олар қаша жөнелді. 13Аса мен оның қасындағы жасағы жауларды (оңтүстіктегі) Герар қаласына дейін қуды.#14:13 Яғни 60 шақырым қашықтыққа. Құштықтардың қаза тапқандары соншама көп болып, олар қайтадан күш жинай алмады. Өйткені олар Жаратқан Иенің және Оның қолдаған жасағының алдында қырылып талқандалған еді. Ал яһудалықтар қолдарына ағыл-тегіл олжа түсіріп, алып кетті.
14Кейін яһудалықтар Герардың айналасындағы қалаларға шабуыл жасады. Солардың бәрі де Жаратқан Иенің құдіретінен қорқып үрейленіп отырған еді. Содан яһудалықтар осы қалалардағы олжалауға тұрарлық көптеген заттарды иемденіп алды.#14:14 Герар мен оның айналасындағы қалалар Яһуданың жаулары — філістірлердің қолында болатын (Жар 20:1; 26:16-21; Пат1 17:1,4,8-11,26; 31:1-10; Пат2 21:15-16). 15Мұнан кейін олар шатырларда тұрып, мал бағатын тайпаларға#14:15 Бұлар мадиян, амалек тайпаларынан шыққан шығар (Мыс 17:9,14,16; Бил 6:3-6,33; 7:12). да шабуылдап, олардың көп қой-ешкі, түйелерін тартып алып, Иерусалимге қайта оралды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in