YouVersion Logo
Search Icon

Шежірелер 2-ж. 13

13
Яһуда елінің патшасы Абиях
1Еробоғам Солтүстік Исраилге патшалық құрған он сегізінші жылы Абиях Яһуда елінің патшасы болды. 2Ол Иерусалимде үш жыл билік жүргізді.#13:2 Б.з.д. 913-910 жж. Оның шешесінің аты-жөні гибеялық Ұриелдің қызы Маха#13:2 Ол Абессаломның немере қызы еді (Пат3 15:2). Оның есімінің өзге түрлері: Мааха, Михаия. еді.
Абияхтың Солтүстік Исраилдің жасағына арнаған сөзі
Абиях пен Еробоғамның арасында соғыс жүріп жатты. 3Абиях төрт жүз мың мықты да ержүрек сарбаздан#13:3 Яки: соғысқа таңдап алынған ер адамнан. құралған жасағын ертіп алып, соғысуға аттанды. Еробоғам да сегіз жүз мың мықты да ержүрек сарбазымен бірге сап түзеп дайын тұрды.
4Абиях патша Ефрем руының қыратты жеріндегі Семараим#13:4 Семараим: Бунямин мен Ефрем руларының шекарасында орналасқан тау және ежелгі қала (Еш 18:22). тауының басына шықты. Сол жерде тұрып, Абиях қатты дауыспен былай деді: «Уа, Еробоғам және бүкіл Исраил халқы, сөзіме құлақ салыңдар! 5Исраилдің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің Дәуітпен ешқашан бұзылмайтын тұрақты Келісім#13:5 Яки: тұз Келісімін. (Тұздың тамақтарды бұзылудан ұзақ уақыт сақтағаны сияқты, осы Келісім де ұзақ уақытқа жасалған: Леу 2:13; Рул 18:19). жасағанын білмейтін бе едіңдер? Сол Келісім бойынша Жаратқан Ие Исраилге патшалық құруды Дәуітке және оның ұрпақтарына табыстады ғой!#13:5 Пат2 7:12-16. 6Бірақ та Дәуіт ұлы Сүлейменнің бір басыбайлы қызметшісі — Набат ұлы Еробоғам көтеріліп, өз иесіне қарсы бүлік шығарды. 7Сонда ақымақ та азғын бірсыпыра адамдар Еробоғамның айналасына жиналып, Сүлеймен ұлы Рохабоғамға қарсы күштерін нығайтты. Рохабоғам сол кезде әлі де ысылмаған жас болғандықтан, оларға қарсы тұра алмады.#13:7 Шеж1 29:1.
8Міне, бүгін өздерің де Жаратқан Иенің Дәуіттің ұрпақтарына табыстаған патшалығына қарсы тұрамыз дейсіңдер. Сендер үлкен тобыр болып жиналыпсыңдар. Еробоғам сендердің тәңірлерің болуға жасатқан алтын бұқа мүсіндері#13:8 Пат3 12:26-28. қастарыңда бар екен. 9Ал Жаратқан Иенің Һароннан тараған діни қызметкерлерін және леуіліктерді сендер өз араларыңнан қуып жібердіңдер ғой. Олардың орнына басқа халықтар сияқты діни қызметкерлеріңді өздерің тағайындап қойдыңдар. Кімде-кім бағышталу рәсіміне бір тана мен жеті қошқарды алып келсе, болды, әлгі адам сол жалған тәңірлеріңнің діни қызметкері болып шыға келеді.#13:9 Пат3 12:33.
10Ал бізде Құдайымыз Жаратқан Ие бар, Одан бас тартқан жоқпыз. Һароннан тараған діни қызметкерлер ғана Жаратқан Иеге қызметтерін ежелдегідей атқарып жатыр, леуіліктер де өз міндеттерін орындап жүр.#13:10 Мыс 40:12-16; Шеж1 6:3-14; 23:28-32. 11Олар күн сайын таңертең және кешке Жаратқан Иеге шалынып, өртелетін құрбандықтарды да, хош иісті заттарды да түтетіп ұсынуда. Олар арнайы үстелдің үстіне ұдайы нан тартуларын қойып, алтын шам қойғыштың шамдарын кеш сайын жағып, нұрын түсіріп жарқыратады. Себебі біз Құдайымыз Жаратқан Иенің белгілеген қызметтерін орындап жүрміз, бірақ сендер Одан бас тартып, безіп кеттіңдер. 12Өздерің көріп тұрсыңдар, Құдай бізге жар болып, бізді бастап жүр! Оның діни қызметкерлері де алдыңғы шепте, олар сендерге қарсы ұрандап кернейлерін тартатын болады. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, өз ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қарсы соғыспаңдар! Бәрібір жеңіске жетпейсіңдер!»
Жаратқан Иенің Яһуда жасағын жеңіске жеткізуі
13Сол екі арада Еробоғам Яһуда жасағының артқы тылына бір топ жауынгерлерін жіберген болатын. Яһуда сарбаздарының алдарынан Солтүстік Исраил жасағы, арттарынан сол торуыл тобы тұрды. 14Яһудалықтар бұрылып, өздерінің алды-артынан шабуылға тап болайын деп жатқанын көргенде, Жаратқан Иеге қатты дауыспен жалбарынды. Ал діни қызметкерлер кернейлерін тартып ұрандатты. 15Сол сәтте яһудалықтар атой салды. Олар атойлағанда Құдай Еробоғамға және Солтүстік Исраилдің бүкіл жасағына Абиях пен Яһуданың алдында соққы берді. 16Содан Солтүстік Исраилдің адамдары Яһуда жасағынан қаша жөнелді. Құдай оларды яһудалықтардың қолына түсірді. 17Абиях пен оның жасағы оларды ойсырата жеңіп, Солтүстік Исраилдің бес жүз мың таңдаулы сарбазы қаза тапты. 18Солтүстік Исраилдің қалған адамдары тізе бүкті. Осылайша яһудалықтар ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иеге сенімдерін артқандықтан,#13:18 13:10-11,14-16. күш-қуаты артып жеңіске жетті.
Еробоғам мен Абияхтың өмірлерінің соңы
19Абиях Еробоғамды қуып, одан бірнеше қаланы: Бетел, Ешана және Ефронды соларға қарасты елді мекендерімен бірге тартып алды. 20Абияхтың заманында Еробоғам енді қайтып өзінің күш-қуатын қалпына келтіре алмады. Ақырында Жаратқан Ие Еробоғамды аурумен соғып, ол қайтыс болды.
21Ал Абиях күшейе берді. Ол он төрт әйел алып, жиырма екі ұл, он алты қыз сүйді. 22Абияхтың қалған іс-әрекеттері мен сөздері жайлы «Иддо пайғамбардың түсіндірме кітабында» баяндалған.#13:22 9:29; 24:27.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in