Шежірелер 2-ж. 12
12
Құдайдан бас тартқан Яһуда елін жаудың шабуы
1Рохабоғамның билігі орнығып, күшейген кезде оның өзі және бүкіл халқы Жаратқан Иенің Таурат заңына#12:1 (Заң 31:24-26) Яки: Жаратқан Иенің тәліміне. бағынбай кетті. 2Олар Жаратқан Иеден бас тартқандықтан, Мысыр патшасы Шұшақ#12:2 Мысырдың 21-ші (яғни либиялық) патша әулетін бастаған Шұшақ перғауын Шешонк ІІ деп те аталып, б.з.д. 945-925 жж. билік құрған. Мысырдың ежелгі Қарнақ қаласындағы ғибадатхананың қабырғаларынан табылған жазбаларда перғауынның Яһудаға қарсы жүргізген осы жорығы туралы баяндалған. Иерусалимге қарсы аттанды. Бұл Рохабоғамның патшалық құруының бесінші жылы болды. 3Шұшақ Мысырдан бір мың екі жүз соғыс күймесін, алпыс мың салт атты сарбазды әрі либиялық, сұққилық және құштық#12:3 Сұққилықтар: ежелде Либия шөлінің оазистерін мекендеген халық. Құштықтар: 14:9,12; 16:8; Нқм 3:9. жауынгерлерден тұратын орасан зор жаяу әскерін ертіп алып келді. 4Перғауын Яһуда еліндегі бекіністі қалаларды басып алып, Иерусалимге жетті.
5Сонда Шемаях пайғамбар Шұшақтан бас сауғалап Иерусалимге жиналған Рохабоғамға және Яһуданың әміршілеріне барып, оларға былай деді:
— Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер Мені тастап кеттіңдер! Ендеше Мен де сендерді тастап, Шұшақтың қолына тапсырамын! — 6Мұны естіген Исраилдің әміршілері мен патшасы:
— Жаратқан Иенің ісі әділ! — деп, күнәларын мойындады.
7Жаратқан Ие олардың күнәларына өкініп отырғанын көріп, Шемаяхқа сөзін арнап: «Олар күнәларын мойындады. Мен енді оларды біржола құртпай, біршама#12:7 Немесе: жуырда. қолдаймын. Иерусалимге деген қаһарымды Шұшақ арқылы төкпеймін. 8Бірақ Маған қызмет ету мен бөтен елдердің патшалықтарына қызмет етудің айырмашылығына көздері жету үшін олар перғауынның құлдарына айналсын»,#12:8 Яки: перғауынға бағынышты бола тұрсын. — деді.
9Сонымен Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге өрлеп жеткен соң Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды#12:9 9:15-16; Пат3 10:17; 14:26. да алып кетті. 10Рохабоғам патша солардың орнына қоламен қапталған қалқандар жасатып, оларды патша сарайының есіктерін күзететін сақшылардың басшыларына табыстады. 11Патша Жаратқан Иенің киелі үйіне барған сайын сақшылар қалқандарды көтеріп алып келіп, кейін қайтадан күзетшілер үйіне апарып қоятын.
Рохабоғамның өмірінің соңы
12Рохабоғам күнәсін мойындағанда Жаратқан Ие қаһарынан қайтып, патша біржола құрып кетуден аман қалды. Сол кезде Яһуда елінде әлі де Құдай жолымен жүретін адамдар болды.#12:12 Немесе: Яһудадан әлі де біраз жақсылықтар табылып жатты.
13Рохабоғам Иерусалимде билігін бекітіп, жалғастыра берді. Ол патша болған кезде қырық бір жаста еді. Рохабоғам он жеті жыл бойы Иерусалим қаласында билік жүргізді. Жаратқан Ие осы қаланы Исраилдің барлық руларынан Өзінің атына киелі үйін орнатуға таңдап алған болатын. Рохабоғамның шешесі аммондық Нағама еді. 14Патша Жаратқан Иеге шын жүректен бет бұрмаған еді, содан оның істегендері жалпы әділетсіз болды.
15Рохабоғамның іс-әрекеттері басынан аяғына дейін Шемаях пайғамбардың#12:15 12:5. жазбаларында және Иддо пайғамбардың#12:15 9:29. Шежіре туралы жазбаларында баяндалған. Рохабоғам мен Еробоғамның патшалық құрған бүкіл кездерінде екеуінің арасында соғыс болып тұрды. 16Рохабоғам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Абиях орнын басып патша болды.#12:16 11:20; Пат3 14:31.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.