Абыздар да сиқыршылықтарымен масалар келтіргілері келіп еді, бірақ қолдарынан келмеді. Ал масалар адамдарға да, малдарға да жаппай қонды. Сонда абыздар перғауынға:
— Бұл — Құдайдың құдіретті ісі! — деді. Алайда перғауынның жүрегі қайтпастан қасарысып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала айтқан да еді.