Жохан 5
5
1Осыдан кейін яһудейлердің мейрамы басталды. Сонда Иса Ерусәлімге келді.
2Ерусәлімдегі Қой қақпасына жақын орналасқан, төбесі жабық бес хауыз бар болатын, оны еврейше Бетезда деп атайтын,
3сол жерге әр түрлі аурумен ауыратындар, соқырлар мен ақсақтар, сал болып қалғандар келіп жататын.
4(Осылай олар судың қозғалғанын аңдитын, *өйткені Құдайдың періштесі анда-санда келіп, суды қозғайтын, су қозғалған кезде оған бірінші болып түскен адам қандай ауруы болсын жазылып кететін)
5Міне, солардың арасында отыз сегіз жыл бойы ауырып жүрген бір адам бар болатын.
6Иса оның сол жерде жатқанын көргенде, оның көптен бері ауырып жүргенін білді де, оған: -Сауыққың келе ме? - деді.
7Ауру адам: -Мырза, су қозғалып толқи бастағанда, мені апарып сол хауызға түсіретін адам болмай тұр. Ал мен (тырысып) сонда келіп жетемін дегенше, менен бұрын басқа біреу барып түсіп қояды, - деді Оған.
8Иса оған: -Тұр! Төсек -орныңды өзіңмен бірге ал да, жүре бер! - деді.
9Әлгі ауру адам сол сәтте ауруынан сауығып, өзімен бірге төсенішін алды да, жүріп кетті. Бұл сенбі күні болған жағдай еді.
10Яһудейлер ауруынан сауығып кеткен сол адамға: -Бүгін сенбі, сондықтан өзіңмен бірге төсек-орныңды алып жүруге саған рұқсат етілмеген, - деді.
11Сонда ол былай деп жауап берді: -Мені сауықтырған Адамның Өзі: «Төсек-орныңды өзіңмен бірге ал да, жүре бер», - деді. Олар:
12-Саған: «Төсек-орныңды ал да, жүре бер», -деп айтқан Сол Адам Кім? - деп одан сұрады.
13Бірақ әлгі ауруынан сауыққан адам Оның Кім екенін білмейтін, өйткені Иса сол жерде тұрған халықтың арасына көрінбей кіріп кеткен болатын.
14Осыдан кейін Иса оны ғибадатханадан тауып алды да: -Сауыққаныңды өзің де көріп тұрсың, енді бұдан да қиын жағдайға душар болғың келмесе, енді күнә жасама! -деді оған.
15Осыдан кейін әлгі адам яһудейлерге барып, оны сауықтырған Адамның Иса екенін айтып берді.
16Яһудейлер осы үшін Исаның ізіне түсіп, қудалай бастады, себебі Ол мұны сенбі күні істеген болатын.
17Сонда Иса оларға: -Менің Әкем Өз ісін осы уақытқа дейін атқаруда, сол секілді Мен де Өз ісімді солай атқарып жүрмін, - деп жауап берді.
18Осыдан кейін яһудейлер Оны өлтірудің жолдарын жанталаса іздеп, жанжақты қарастыра бастады. Өйткені олардың ойынша Иса тек сенбі күнінің тәртібін ғана бұзып қойған жоқ, сонымен қатар, Ол Құдайды Әкем деп, Өзін Құдаймен теңестірді.
19Сонда олардың бұл істеріне Иса: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтайын: егер де Ұлы Әкесінің жасаған істерін көрмесе, Ұл да өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Өйткені Әке қалай істесе, Ұлы да істерін Соған ұқсатып жасауы тиіс. Әке қалай істеген болса, Ұлы да іс-әрекетін Оған ұқсатып жасауы тиіс.
20Себебі Әкесі Ұлын жақсы көреді, сондықтан Оған Өзі жасаған істерінің бәрін көрсетіп отырды, ал сендерді таңғалдыру үшін, Ол Ұлына бұдан да ұлы істерді көрсетеді.
21Әкесі өлгендерді өлімнен қалай тірілткен болса, Ұлының қалауы да сол, яғни, өлгендерді қайта тірілтетін болады. Әкесі өлгендерді өлімнен қалай тірілткен болса, Ұлдың да қалауы - өлгендерді қайта тірілту.
22Сонымен қатар, Әке енді ешкімді соттамайды, өйткені Ол соттың бәрін Ұлына беріп қойды.
23Мұндағы мақсат: Әке қалай құрметтелсе, Ұлы да солай құрметтелуі тиіс. Сонымен, егер Ұл құрметке бөленбесе, онда Оны жіберген Әкенің де құметтелмегені.
24Мен сендерге шындықты, тек шындықты айтып тұрмын: егер Менің сөзімді естіп, Мені Жіберген Әкеге сенетін болса, сол мәңгілік өмірге ие болады әрі ол сотқа тартылмайды, өйткені ол өлімнен шынайы өмірге өтіп кетті.
25Сендерге шындықты, тағы да шындықты айтайын: өлгендер де Құдайдың Ұлының даусын еститін уақыт келеді және келіп те қойды, Оның даусын еститіндер өлімнен тірілетін болады.
26Өйткені өмір Әкенің Өзінен бастау алады, дәл солай өмірдің бастауы болуды Ол Өзінің Ұлына берді.
27Сонымен қатар, Оған сот жүргізетін билік те берілді, себебі Ол-Адамның Ұлы.
28Қабірде жатқандардың бәрі де Оның даусын еститін уақыт келеді, сондықтан сендер бұған таңғалмаңдар.
29Сол кезде жақсылық жасағандар өмірге қайта тірілу үшін, ал зұлымдық жасағандар сотталу үшін қайта тірілетін болады.
30Мен Өздігімнен еш нәрсе де жасай алмаймын. Маған қалай айтылған болса, солай соттайтын боламын, Менің сотым әділетті себебі Мен Өз еркімді емес, Мені Жібергеннің еркін орындаймын.
31Егер де Мен Өзім туралы куәлік беретін болсам, Менің куәлігім шындыққа сай болмай қалады.
32Алайда Мен туралы куәлік беретін басқа Біреу бар, Мен туралы Оның берген куәлігінің шындық екенін Мен білемін.
33Сендер Жақияға (адамдарды) жібергенде, ол шындық туралы куәлік берген болатын.
34Мен адамның куәлігіне сүйенбеймін, бірақ мұны Мен сендер құтқарылсын деп айтып тұрмын.
35Жақия жарқырап жанып тұрған шам болатын, ал сендер аз уақыт болса да, Оның сол жанған жарығында шаттанып алғыларың келді.
36Ал Менде сол Жақиянікінен де үлкен куәлік бар. Әкемнің Маған ақырына дейін жеткізіп, аяқтауға тапсырған істерінің өзі Әкенің Мені жібергенін дәлелдеп, Мен үшін куәлік болып тұр.
37Сонымен, Мені жіберген Әке Мен туралы дәлелді куәлік беріп тұр. Оның даусын сендер ешқашан естімедіңдер және Оның бейнесін көрмедіңдер.
38Сендер Оның Сөзінің өздеріңмен бірге болғанын қаламадыңдар, өйткені сендерге жіберілген Соның Өзі болатын, сендер Оған да сенбей тұрсыңдар.
39Жазбаларды зерттеп, сол арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар, алайда сол Жазбалар тек Мен туралы куәлік береді.
40Сендер сол өмірге ие болу үшін, Маған келгілерің де келмейді.
41Адамдардың атынан берілетін даңқты қабылдамаймын,
42бірақ сендердің жүректеріңде Құдайға деген сүйіспеншілі ктің жоқ е кенін білдім.
43Мен Өз Әкемнің атынан келіп тұрсам да, Мені қабылдаған жоқсыңдар. Ал басқа біреу өзінің атынан келетін болса, сендер оны қабылдайсыңдар.
44Егер де сендер атақ-даңқты тек бір-бірлеріңнен ғана қабылдап, жалғыз Құдайдан келетін даңқты іздемейтін болсаңдар, онда сендер қалайша сенімге ие болмақсыңдар?
45Мен сендерді Әкенің алдында айыптайды деп ойламаңдар, сендерді өздерің үміт артқан Мұса айыптайтын болады.
46Егер де сендер сол Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенім артар едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен болатын.
47Оның жазғанына сенбесеңдер, онда Менің сөзіме қалай сенесіңдер? - деді.
Айни замон обунашуда:
Жохан 5: ZO
Лаҳзаҳои махсус
Паҳн кунед
Нусха
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Association Bible Society of Kazakhstan, 2022-2023