Mufananidzo weYouVersion
Mucherechedzo Wekutsvaka

Матай 3

3
1Сол күндері Яһудеяның иен даласына суға батырып шомылдырушы Жақия келіп, жар салып:
2-Тәубе етіңдер! Көктің Патшалығы таяп қалды! -деп уағыз айтып жүрді.
3«Иеміздің жолын дайындаңдар! Оның жолы тузу болсын! -деп жар салған дауыс шығады айдалада», -деп Ишая пайғамбар арқылы айтқан адам осы Жақия еді.
4Жақия түйе жүнінен тоқылған киім киіп, беліне теріден жасалған белбеу тағып жүретін. Жейтін тамағы шегіртке мен жабайы араның балы еді.
5Сол кезде Иерусалимнен, бүкіл Яһудея аймағынан және Иорданға жақын жерден адамдар ағылып келіп жатты.
6Олар өз күнәларын мойындап, Жақия арқылы Иордан өзенінде батырып суға шомылдырудан өтті.
7Жақия батырып суға шомылдырудан өтуге келген көптеген фарисейлер мен садукейлерді көріп, оларға:-Улы жыланның тұқымдары, төгілуге дайын тұрған қаһардан құтылуды сендерге кім үйретті?
8Сондықтан шынайы тәубе еткендеріңе сай, жеміс беріңдер.
9Біздің «Ыбырайым атты әкеміз бар» дегенді айтпаңдар. Сондықтан да сендерге былай деймін: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да бала жасап бере алады. Міне, қазірдің өзінде ағаштың түбіне балтасын әкеліп қойды. Сонымен, жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады.
10Мен сендердің тәубе еткендеріңнің белгісі ретінде тек батырып суға шомылдырудан ғана өткіземін, алайда менен кейін Келетін менен де күшті, мен Оның аяқ киімін кигізуге де лайықсызбын. Ол сендерді Киелі Рухқа және отқа шомылдырады.
11Сонымен қатар, Ол қолындағы күрегімен, Өз қырманын тазартып, бидайын қамбаға жинап, қауызын өшпейтін отқа өртейді, - деді.
12Сол уақытта Иса Ғалилеядан Иорданға келіп, батырып суға шомылдырудан Жақия арқылы өтпек болды.
13Жақия Оған қарсылық білдіріп: -Батырып суға шомылдырудан менің өтуім қажет еді, Сенің маған келгенің қалай? - деді.
14Сонда Иса оған жауап қатып: -Оны әзірге қоя тұр, өйткені әрбір әділ істі лайықты етіп орындау бізге жүктелген, - деді. Ол бүған келісті.
15Иса батырып суға шомылдырудан өтті, судан шыққан сәтте Жақия көктің ашылғанын және көгершін секілді төмендеп келіп, Оған қонған Құдайдың Рухын көрді.
16Міне, сол сәтте Көктен:
17-Бұл -Менің сүйікті Ұлым, Мен Оған ризамын! -деген дауыс естілді.

Zvasarudzwa nguva ino

Матай 3: ZO

Sarudza vhesi

Pakurirana nevamwe

Sarudza zvinyorwa izvi

None

Unoda kuti zviratidziro zvako zvichengetedzwe pamidziyo yako yose? Nyoresa kana kuti pinda