Жаратылыстың баст. 11

11
Бабыл мұнарасының салынуы
1Жер бетіндегі бүкіл адамзат бір тілді, бірдей сөздерді қолданды. 2Адамдар шығыс жақта көшіп-қонып жүргенде#11:2 Немесе: шығыс жақтан көшіп кеткенде. Шинар жерінде#11:2 Яғни Бабыл жерінде (11:9; 14:1). бір жазық алқапты тауып, соған қоныс тепті.
3Олар бір-біріне: «Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік!» — деді. Сонымен олар тас орнына күйген кірпіш, әк орнына қарамай#11:3 14:10. қолданды. 4«Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызып алайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз», — десті.
5Ал Жаратқан Ие көктен түсіп, адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараға көз салып, 6былай деді: «Олар біртұтас халық болып, бірдей тілде сөйлеп, мынаны істей бастады. Бұдан былай олар ойындағыларын жүзеге асырмай қоймайтын болады. 7Енді Біз жерге түсіп, бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберейік».
8Осылайша Жаратқан Ие адамдарды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберіп, қала құрылысын тоқтатты. 9Сондықтан қалаға Бабыл#11:9 «Бабыл» көне аккад тілінде «тәңірге қақпа» дегенді білдірсе, түпнұсқа тілінде «балал» («бытырау») деген сөзге ұқсайды. Қаланың кейінгі грекше аты: Бабилон, ол Вавилон деп те дыбысталады. деген ат қойылды, өйткені Жаратқан Ие сол жерде бүкіл әлемдегі тілді шатастырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді.
Шамнан Ыбырайымға дейінгі ұрпақтар
10Мынау Шамнан тараған ұрпақтардың шежіресі.
Топан судан кейін екі жыл өткенде Шам жүзге толып, ұлы Арпақсат дүниеге келді. 11Сонан соң ол тағы бес жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары болды.
12Арпақсат отыз беске келгенде одан Шелах туды. 13Шелах туған соң, Арпақсат төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
14Шелах отызға келгенде одан Ебер дүниеге келді. 15Ебер туғаннан кейін де Шелах тағы төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
16Ебер отыз төрт жасқа келгенде одан Пелек туды. 17Пелек туғаннан кейін де Ебер төрт жүз отыз жыл өмір сүріп, тағы да ұл-қызды болды.
18Пелек отыз жасқа келгенде одан Рәгу туды. 19Рәгу туған соң, Пелек екі жүз тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
20Рәгу отыз екі жасқа келгенде одан Серук туды. 21Серук туған соң, Рәгу екі жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
22Серук отыз жасқа толғанда ұлы Нахор туды. 23Нахор туған соң, Серук екі жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары дүниеге келді.
24Нахор жиырма тоғыз жасқа келгенде одан Тарах туды. 25Тарах туған соң, Нахор жүз он тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
26Тарах жетпіс жасқа толғаннан кейін, одан Ыбырам,#11:26 Ыбырам: Құдай кейін Ыбырайым (Ибраһим) деп ат қойған пайғамбар. Оған Киелі кітапта «Құдайға сенушілердің түп атасы» деген атақ берілген. Нахор, Харан дүниеге келді.
Тарахтың үрім-бұтағы және оның Халдей елінен Харанға көшіп келуі
27Мынау Тарахтан тараған ұрпақтардың шежіресі: Тарахтан Ыбырам, Нахор, Харан атты ұлдары дүниеге келді. Хараннан Лут туды. 28Бірақ Харан халдейлер елінде өзі туған Ур қаласында#11:28 Халдейлер елі, Ур қаласы: қазіргі Ирактың оңтүстік жағында, Парсы шығанағына таяу. дүние салды. Сол кезде оның әкесі Тарах әлі де тірі болатын. 29Ыбырам мен Нахор да үйленді. Ыбырамның әйелі Сарай, ал Нахордың әйелі Мылқа болды. Мылқа мен Ысқа Харанның қыздары еді. 30Сарай құрсақ көтермегендіктен, Ыбырамның балалары болмады.
31Тарах өз ұлы Ыбырамды, немересі Лутты және келіні Сарайды ертіп алып, бәрі бірігіп халдейлер еліндегі Ур қаласынан жолға шықты. Олар Қанахан жеріне бармақшы еді, алайда Харан#11:31 Қазіргі Түркияның оңтүстік-шығыс жағында, Сирия шекарасына жақын қала және аймақ. аймағына жеткен соң, сол жерге қоныс теуіп, тұрып қалды.
32Тарах екі жүз бес жыл өмір сүріп, Харанда қайтыс болды.

હાલમાં પસંદ કરેલ:

Жаратылыстың баст. 11: КК 2010

Highlight

શેર કરો

નકલ કરો

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in