1
Жаратылыстың баст. 32:28
Киелі кітап
Әлгі: — Сен енді қайтып Жақып деп аталмайсың. Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың, — деді.
Compare
Жаратылыстың баст. 32:28 ખોજ કરો
2
Жаратылыстың баст. 32:26
Әлгі кісі: — Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып: — Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26 ખોજ કરો
3
Жаратылыстың баст. 32:24
өзі бергі жақта жалғыз қалды. Сонда Жақыпқа бір кісі тап беріп, таң атқанша онымен күресті.
Жаратылыстың баст. 32:24 ખોજ કરો
4
Жаратылыстың баст. 32:30
Жақып осы жерді «Пенуел» («Құдайдың бет-жүзі») деп атап, «Мен Құдаймен бетпе-бет кездестім, сонда да жаным аман қалды», — деді.
Жаратылыстың баст. 32:30 ખોજ કરો
5
Жаратылыстың баст. 32:25
Ол Жақыпты жеңе алмайтынына көзі жеткенде оның жамбасына қолын тигізді. Осылайша сол кісімен күрескенде, Жақыптың жамбас ұршығы ойығынан шығып кетті.
Жаратылыстың баст. 32:25 ખોજ કરો
6
Жаратылыстың баст. 32:27
Сонда ана кісі Жақыптан: — Есімің кім? — деп сұрады. Ол: — Жақып (яғни «Алдамшы»), — деді.
Жаратылыстың баст. 32:27 ખોજ કરો
7
Жаратылыстың баст. 32:29
Жақып: — Өз есіміңді айта гөр, — деп өтінді. Ол: — Неге есімімді сұрайсың? — деп жауап қайтарып, содан кейін Жақыпқа батасын берді.
Жаратылыстың баст. 32:29 ખોજ કરો
8
Жаратылыстың баст. 32:10
Өзіңнің мендей пендеңе көрсеткен тұрақты рақымың мен адалдығыңның бәріне де еш лайықты емеспін. Мен Иордан өзенінен бір таяққа ғана сүйеніп өткен болсам, енді өзімдегі барды екі көшке бөле алатын болып отырмын.
Жаратылыстың баст. 32:10 ખોજ કરો
9
Жаратылыстың баст. 32:32
Исраилдің үрім-бұтағы осыны ескеріп күні бүгінге дейін жамбастағы сіңір етті жемейді. Себебі әлгі кісі Жақыпты жамбас сүйегіндегі сіңірінен ұрған болатын.
Жаратылыстың баст. 32:32 ખોજ કરો
10
Жаратылыстың баст. 32:9
Содан кейін Жақып мінажат етіп былай деді: «Уа, атам Ыбырайым мен әкем Ысқақтың сиынатын Құдайы, о, Жаратқан Ие! Сен маған: туған еліңе, туыстарыңа қайта орал! Мен саған жақсылық істеймін деген едің ғой.
Жаратылыстың баст. 32:9 ખોજ કરો
11
Жаратылыстың баст. 32:11
Мені ағам Есаудың қолынан сақтай көрші. Ол келіп, өзімді, әйелдерім мен балаларымды өлтіріп кете ме деп қорқамын.
Жаратылыстың баст. 32:11 ખોજ કરો
હોમ
બાઇબલ
યોજનાઓ
વિડિઓઝ