Жаратылыстың баст. 3
3
Адамның Құдайға бағынбай, күнә жасауы
1Құдай Ие жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең қуы жылан#3:1 Осында әзәзіл шайтан жыланның кейпін киген (Аян 20:2). еді. Жылан әйелге сұрақ қойып:
— Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? — деді. 2Әйел жыланға:
— Жоқ, бізге бақтағы ағаштардың жемісін жеуге болады. 3Бірақ Құдай бақтың ортасында тұрған ағаштың жемісі жайлы: «Одан жемеңдер, әрі оған тимеңдер, әйтпесе өлесіңдер!» деген, — деп жауап берді. 4Сонда жылан әйелге:
— Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! 5Қайта, Құдай сендер осы жемісті жеген кезде көздеріңнің ашылатынын жақсы біледі. Сонда сендер ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алып, Құдай сияқты боласыңдар! — деді.
6Әйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді. 7Сол кезде екеуінің көздері ашылып, өздерінің жалаңаш екенін білді. Содан олар інжір ағашының жапырақтарын біріктіріп тігіп, алжапқыштар жасап алды.#3:7 Олар жалаңаш тәндерін, сонымен бірге өздерінің күнәлі екендерін жасырғылары келді (3:21).
Құдай Иенің адамдарға барып, жасаған күнәларының салдарын ұқтыруы
8Қоңыр салқын самал соққан кезде адам мен әйелі Құдай Иенің бақ ішінде жүрген дыбысын естіді. Олар Оның көзінен тасаланып, бақтағы ағаштардың арасына жасырынып қалды. 9Ал Құдай Ие адамды дауыстап шақырып:
— Сен қайдасың? — деді. 10Сонда ол:
— Сенің бақта жүргеніңді естіп, қорқып кеттім. Себебі мен жалаңашпын, сондықтан жасырынып қалдым, — деп жауап берді. 11Құдай Ие адамнан:
— Саған жалаңашсың деп кім айтты? Сен Мен жеуге тыйым салған ағаштың жемісінен жедің бе? — деп сұрады. 12Адам:
— Қасыма Өзің берген әйел маған сол ағаштың жемісінен берді, содан мен жедім, — деді. 13Құдай Ие әйелден:
— Сенің бұлай істегенің не? — деп сұрады. Әйел:
— Мені жылан азғырды, содан мен жедім, — деді.
14Сонда Құдай Ие жыланға үкім шығарып: «Осылай істегенің үшін барлық малдар мен аңдардың ішіндегі сені қарғыс атқан. Өмір бақи жер бауырлап, топырақ жеп өт! 15Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың»,#3:15 Бұдан былай адамзат «жыланмен» (яғни әзәзіл шайтанмен) жауласатын болды. Бірақ кейін әйелдің Ұрпағы (пәк қыз Мәриямның Ұлы) Иса Мәсіх шайтан билеген адамдардың қолынан өлгенде-ақ шайтанды біржола жеңіп шықты (Мат 1:18-23; Жох 12:31-32; Аян 20:2,10). — деді.
16Ал әйелге Құдай мынаны айтты: «Құрсақ көтерген кезіңде көретін бейнетіңді ауырлатамын, балаларыңды қиналып босанатын боласың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған жетекшілік етеді».
17Адамға Құдай Ие былай деді: «Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың. 18Жердің топырағы саған тікенектер мен ошағандарды қаулатып, сен далада өсетін дәнді дақылдармен қоректенетін боласың.
19Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың,#3:19 Немесе: Сен топырақсың. қайтадан топыраққа айналасың!»
20Адам әйеліне Хауа (яғни «Өмір сүруші») деген ат қойды. Себебі ол өмір сүруші адамзат атаулының түп анасы болатын болды.
21Құдай Ие адамға және оның әйеліне хайуандардың терілерінен киім жасап, оларды киіндірді.#3:21 Адамдардың жалаңаш тәні мен ұятын жабу үшін хайуандар өлтірілді. Бұл, тіршілік иелерінің басқаның күнәсі үшін қаны төгіліп, құрбан болуының ең алғашқысы еді (Леу 17:11; Евр 9:22). 22Сонан соң Құдай Ие былай деді: «Міне, адам ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Біз сияқты болды. Енді ол қолын созып, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісін алып жеп, мәңгі өмір сүріп жүрмесін».#3:22 (2:9) Күнәға батқан адамдар үшін сол жағдайда мәңгі қалу шексіз бақытсыздық болар еді. Исаның құрбандық өлімі арқылы күнәнің құлдығынан құтқарылған адамдар үшін ғана мәңгілік өмір — шексіз бақыт (Жох 3:16; Аян 22:14).
23Сонымен Құдай Ие адамды пейіш бағынан қуып шығып, оған өзі жаратылған жердің топырағын өңдетіп қойды.#3:23 2:15; 3:17-19. 24Адамды қуып шыққаннан кейін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағашқа апаратын жолды күзету үшін пейіш бағының шығыс жағына керуб#3:24 Керубтер: Құдайдың күзетші періштелері, Оның арнаулы нөкерлері (Езк 1:5; 10:3; Иш 6:2; Аян 4:6). деген періштелерді және жүзінен от шашып, әрі-бері қозғалып жарқылдап тұрған бір семсерді қойды.
Tällä hetkellä valittuna:
Жаратылыстың баст. 3: КК 2010
Korostus
Jaa
Kopioi
Haluatko, että korostuksesi tallennetaan kaikille laitteillesi? Rekisteröidy tai kirjaudu sisään
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.