Зәкәрия 3
3
Төртінші көрініс: бас діни қызметкер Ешуаның ақталуы
1Бұдан кейін періште маған Жаратқан Иенің періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны#3:1 6:11. көрсетті. Ал шайтан#3:1 Яки: айыптаушы (Әйүп 1:9-11; Шеж1 21:1). Ешуаны айыптау үшін оның оң жағында тұрды. 2Жаратқан Ие шайтанға: «Саған Жаратқан Ие тыйым салады, шайтан! Иә, Иерусалимді таңдап алған Жаратқан Ие саған тыйым салады! Осы адам жанып кетпей тұрып от ішінен құтқарылып алынған#3:2 Яғни Бабылдағы тазартатын азап отынан өтіп құтқарылған (13:8-9; Заң 4:20; Иш 48:10; Амо 4:11). отындық ағаш сияқты емес пе?» — деп зекіді.
3Ешуа періштенің алдында ластанған киіммен тұрды. 4Ал періште өзінің алдында тұрғандарға:#3:4 Яки: өзінің алдында тұрған өзге періштелерге (3:7). «Оның лас киімдерін шешіп тастаңдар!» — деп тапсырды. Ешуаға қарап ол: «Мен сенің кінәңді алып тастадым. Енді саған салтанатты киім кигіземін», — деді. 5Сонда мен: «Оның басына таза сәлде кигізіңдер», — деп өтіндім. Олар оның басына таза сәлде, үстіне арнайы киімдер кигізді. Осы кезде Жаратқан Иенің періштесі жанымызда тұрды. 6Одан кейін Жаратқан Иенің періштесі Ешуаға ескертіп былай деді:
7— Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Егер де сен Менің жолыммен жүріп, тапсырмаларымды орындайтын болсаң, онда сен Менің киелі үйіме жетекшілік етіп, оның аулаларын да басқаратын боласың, әрі Менің осында тұратын сенімді қызметшілерімнің арасында жүруіңе болады.
8Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді#3:8 Яғни Мәсіхті (Иш 11:1; 42:1-4; 43:10; 53:2,11; Ерм 23:5-6; 33:15-16; Пат2 7:16; 23:5). алып келемін.
9Мен Ешуаның алдына қойған асыл тас,#3:9 Жыр 117:22-23; Иш 28:16; Дан 2:34-35,45. міне, мынау: оның жеті#3:9 Киелі кітаптағы «жеті» саны кемелділікті білдіреді (4:10). қыры бар. Мен тасқа сөздерімді қашап жазып, осы елдің күнәсін бір-ақ күнде алып тастаймын,#3:9 3:4; 12:10; Иш 53:4-12; Жох 1:29; 19:30; Рим 3:25. — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — 10Сол күні сендердің әрбіреуің (көріп жатқан игіліктерімен бөлісу үшін) көршісін өзінің жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отыруға шақыратын болады», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Currently Selected:
Зәкәрия 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.