ইউভার্শন লোগো
সার্চ আইকন

Лұқа 21

21
1Иса байлардың сый-тартуларын әкеліп, оны құрбандық сандығына салып жатқан сәттеріне назар аударды.
2Сол кезде өзі кедей, жесір бір әйелдің екі күміс тиынын (екі лепта) әкеліп, сандыққа салып жатқанын көрді.
3-Сендерге шындықты айтайын, мына жесір әйел бәрінен де көп салды.
4Себебі көбі өздерінен артылғандарын салды, ал мына әйел өзіне жетпей тұрса да, өзіндегі бардың бәрін салды, -деді.
5Содан кейін әдемі тастармен қаланған және құрбандыққа келген қымбат заттармен әрленген ғибадатхана туралы айтып тұрған кейбіреулерге Иса былай деді:
6-Мына өздерің көріп тұрған тастардан бірде-бір тас қалмай, қирайтын күн туады.
7Сонда олар: -Ұстаз, осы нәрсе қай кезде болады және оның болатынын алдын ала қандай белгілер арқылы білуге болады? - деп сұрады Исадан.
8Сол кезде Иса оларға: -Алданып қалып жүрмеңдер, байқаңдар, өйткені Менің атымды көбі жамылып келіп: «Бұл-Мен, уақыт жақындап қалды», -дейтін болады. Ондайлардың соңынан еруші болмаңдар!
9Сырттай болып жатқан соғыстар мен жөнсіз тәртіпсіздіктер жайында еститін боласыңдар, қорықпаңдар, өйткені алдымен осылар болуы тиіс, бірақ бұл әлі де соңы емес, - деді.
10Содан кейін Иса оларға: -Халық халыққа, патшалық патшалыққа қарсы көтеріліп,
11қатты жер сілкіністері болады, кейбір жерлерге аштық пен жұқпалы індеттер тарап, аспанда үлкен кереметтерді білдіретін белгілер пайда болады.
12Осы нәрселер болардың алдында қысым көрсетіп, сендерді қудалайтын болады. Сендерді синагогаларға апарып, абақтыға жаптырып, Менің атыма бола патшалар мен жергілікті билік иелерінің алдына апаратын болады.
13Міне, сол кезде Мен туралы куәлік айтатын мүмкіндік туады.
14Сонда жүректерің мазасыз күйге түспесін, өздеріңді алдын ала ақтаудың қамын ойламаңдар,
15өйткені Мен сендер сөйлеген сәтте, қарсыластарыңның ешқайсысы сендерге қарсы сөйлей алмайтындай және қарсы тұрмайтындай даналық дарытамын.
16Сол кезде сендерді өздеріңнің ата-аналарың, бауырларың, туыстарың мен достарың да сатып кетеді, ал кейбіреуіңді, тіпті, өлімге дейін душар етеді.
17Сөйтіп, Менің атыма бола бәрі сендерді жеккөретін болады,
18бірақ бір тал шаштарың да бастарыңнан түспейді.
19Тек табанды болсаңдар ғана өз өмірлеріңе өздерің ие боласыңдар.
20Иерусалимді әскерлер қоршап алғанын көрген кезде, оның қаңырап бос қалатын мезгілінің жақындағанын білесіңдер.
21Сол кезде Яһудеяда тұрып жатқандар тауға қашсын, ал екі ортада қалғандар одан шығып алысқа кетсін, қаланың сыртында жүргендер болса, қалаға кірмесін,
22өйткені бұл күндер жазалайтын кез болғандықтан, Жазбада жазылғанның бәрі орындалуы тиіс.
23Сол күндері аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер қасіретке қалады, өйткені жер бетінде болатын үлкен зорлық-зомбылықта ауыртпалық осы халықтың басына түседі.
24Сонда семсердің жүзінен аман қалғандардың бәрі өзге ұлттардың қолына тұтқынға түседі, сол өзге ұлттарға берілген уақыт аяқталғанша, Иерусалим солардың аяқтарында тапталып, олардың қол астында болады.
25Сол кезде күн мен айдың және жұлдыздардың бетінде ерекше бір белгілер пайда болып, теңізден шыққан шудың дыбысынан жерде өмір сүретін өзге ұлттардың естері шығып, түсініксіз жағдайға тап болады.
26Ал аспан күштері шайқалған кезде, адамдарды қорқыныш билеп, олар жер бетіне келетін апатты күтіп, естерінен танатын болады.
27Міне, сол кезде Өзінің құдіретті күшімен және Өзінің ұлы даңқына бөленіп, бұлттың үстімен келе жатқан Адам Ұлын көреді.
28Осы нәрселер орындала бастаған кезде бойларыңды жазып, бастарыңды көтеріңдер, өйткені сендер азаттыққа ие болатын мезгіл таяп қалды, - деді.
29Осыдан кейін Иса оларға астарлы әңгіме айтып берді. -Інжір ағашына және бүкіл ағаштарға қараңдаршы.
30Олардың бүр жара бастаған кездерін көргенде, жаздың жақындап қалғаны белгілі болады.
31Сол сияқты болып жатқан осы құбылыстарға қарап, Құдай Патшалығының да жақындап қалғанын білуге болатынын ұғып алыңдар.
32Сендерге шындықты айтайын: осының бәрі орындалуы тиіс, соған дейін осы ұрпақ жойылмайды, жоғалмайды.
33Аспан мен жер де жойылатын болады, алайда Менің сөздерім еш жойылмайды.
34-Сендердің жүректерің жүгенсіздік пен маскүнемдікке, күйбің тірліктің қамына беріліп кетпесін, содан сақ болыңдар, қапылыста келетін сол күн сендерге
35тұзақ сияқты болып жүрмесін, өйткені сол күн бүкіл жер жүзіндегі адамдардың бәрінің басына түседі.
36Осы нәрсе өздеріңнен аулақ болсын десеңдер және Адам Ұлының алдында нық тұрғыларың келсе, әр уақытта мінәжат етіп, сергек жүріңдер.
37Иса күн сайын осылай ғибадатханада тәлім берді, ал кешке Зәйтүн тауына барып, түнді сонда өткізіп жүрді.
38Барлық адамдар Оны тыңдау үшін, таң атпай ерте тұрып, ғибадатханаға келетін.

বর্তমানে নির্বাচিত:

Лұқа 21: ZO

হাইলাইট

শেয়ার

কপি

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in