Лұқа 19
19
1Иса Иерихонға кіріп, сол қаланың ішімен өтіп бара жатты.
2Міне, сол қалада салық жинаушылардың басшысы, өзі бай Зақай есімді бір адам болды.
3Ол да Исаның Кім және қандай екенін көру үшін, Оған жетудің жолдарын іздеді. Алайда халық көп болғандықтан, ол Исаны көре алмады, өйткені оның бойы тым аласа болатын.
4Сонда ол Исаны көремін деп, алға қарай жүгіріп барып, жол бойында өсіп тұрған тұт ағашына шығып алды, Иса сол жолмен өтіп келе жатқан болатын.
5Иса сол жерге келген кезде, жоғарыға оған қарап тұрып: -Зақай, тезірек төмен түс, бүгін Мен сенің үйіңде қалуым керек, бұл Маған қажет болып тұр, - деді.
6Сонда ол тездетіп төмен түсіп, аса бір қуанышпен Исаны қарсы алды.
7Ал осыны көргендер: -Ол күнәкар адамның үйіне барамын, сонда қаламын дейді, - деп күңкілдей бастады.
8Зақай орнынан тұрып, Иемізге: -Ием, енді осы дүние -мүлкімнің тең жартысын кедейлерге беремін, ал егер де мен біреуді алдап, оның ақысын жеген болсам, соны оған төрт есе етіп қайтарамын, - дейді.
9Сол кезде Иса оған: -Бүгін осы үйге құтқарылу келді, өйткені ол да - Ыбырайымның ұлы.
10Адам Ұлының келген мақсаты-өлгендерді іздеп тауып, оларды құтқару.
11Осыны естіп тұрғандарға Иса мына бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. (Себебі Оның Иерусалимге жетуіне өте аз қалған еді, сондағы адамдар енді осы уақыттан бастап, Құдай Патшалығының кезеңі орнайтын болады деп болжайтын).
12Сондықтан Иса оларға былай деді: -Бір атақты адам өзіне тиесілі патшалықтың билігін алып қайту үшін, алыс бір елге баруға жиналады.
13Өзінің қол астында жүрген он құлын шақырып алады да, оларға (бір минде күмістің салмағымен есептегенде 436 гр күміс болған) он миндік күміс ақша беріп: «Мен қайтып келгенше, осыны іске салыңдар, ол пайда әкелетін болсын», - деп тапсырып кетеді.
14Бірақ сол елдің азаматтары Оны жеккөретін, сондықтан: «Біздің үстімізден Оның патшалық құрғанын қаламаймыз», -деп айтқызып, оның соңынан елші жібереді.
15Алайда ол тиісті патшалықтың билігін алып қайта оралады да, өзі күміс ақша беріп кеткен құлдарының одан қандай пайда түсіргенін білгісі келіп, оларды өзіне шақыртып алады.
16Сонда біріншісі келіп: «Ием, он миндік күміс ақшаң, тағы да он миндік табыс әкелді», - дейді.
17Оған патша: «Жарайсың, жақсы қызметкер екеніңді көрсеттің, өйткені кішкентай нәрсеге адал болдың, енді он қаланың үстінен қарайтын билеуші боласың», - дейді.
18Одан кейін екіншісі келіп: «Ием Сенің күміс ақшаң (минің) бес миндік табыс әкелді», - дейді.
19Ол оған да: «Сен де бес қаланың үстінен қарайтын боласың», - дейді.
20Одан кейін үшіншісі келіп: «Ием, міне, сенің күміс ақшаң (минің), мен оны бөлек орамалға түйіп сақтап қойдым.
21Мен бір жағынан сенен қорықтым, өйткені сен-өте қатал адамсың. Сен өзің қоймаған жерден алып, өзің екпеген жерден орасың», - дейді.
22Сонда патша оған: «Ей, жарамсыз құл! Сені аузыңнан шыққан өз сөздерің арқылы соттайтын боламын. Себебі сен Менің өзім қоймаған жерден алып, өзім екпеген жерден орып алатынымды білдің емес пе?
23Онда сен неге менің күмісімді ақша ауыстыратындарға апарып бермедің? Мен қайтып келген кезде оның үстінен түсетін түсімге ие болатын едім ғой», - дейді.
24Содан кейін қасында тұрғандарға: «Мынадағы күміс ақшаны алып, оны он күміс ақшасы барға беріңдер!» -дейді
25Сонда қасындағылар оған: «Қожайын, оның он күміс ақшасы бар емес пе?» - деген кезде қожайын:
26«Сендерге айтарым мынау: кімде бар болса, соған тағы да беріледі, ал кімде жоқ болса, одан оның бар дегені алынып қойылады.
27Ал енді маған жау болып, өздерінің үстінен менің патшалық құрғанымды қаламағандарды осында, менің алдыма әкеліп, оларды қырып тастаңдар!» - дейді.
28Осыны айтып болған соң, Иса алға шығып, Иерусалимге қарай өрлеп бара жатты.
29Сөйтіп, Ол Бетфаге мен Бетанияға жақын Зәйтүн тауы деп аталатын жерге жеткен кезде, Ол екі шәкіртін алға жіберіп, оларға былай деді:
30-Қарсы алдымызда жатқан ауылға барыңдар, сол ауылға кірген соң, ещбір адам әлі мінбеген және байлаулы тұрған тайқар есекті тауып алып, оны шешіп, осында алып келіңдер.
31Егер біреу сендерден: «Оны не үшін шешіп алып жатырсыңдар?» -деп сұрайтын болса: «Иемізге қажет болып тұр», - деп айтыңдар.
32Сонда әлгі жіберген шәкірттері барып, Исаның оларға айтқанындай бәрін тауып алады.
33Содан олар есекті шешіп жатқан кезде, оның қожайыны оларға: -Есекті не үшін шешіп алып жатырсыңдар? -дейді.
34-Ол біздің Иемізге қажет болып тұр, -деп олар жауап берді.
35Олар тайқар есекті Исаға алып келген соң, оның үстіне өз киімдерін салып, үстіне Исаны мінгізді.
36Содан кейін Оның жүретін жолына өздерінің киімдерін төсей бастады.
37Олар Зәйтүн тауының етегіне қарай түсе берген кезде, Оның шәкірттерінің көпшілігі өздері осы уақытқа дейін көріп келген Құдайдың барлық құдіретті күшіне қуанып, қатты дауыспен Құдайды дәріптей бастады:
38-Иеміздің атынан келген Патша жарылқансын! Көкте бейбіт тыныштық, ал одан жоғары тұрғандарға аса құрмет!
39Сол кезде халықтың арасында жүрген кейбір фарисейлер Исаға: - Ұстаз! Өзіңнің шәкірттеріңе тыйым сал! - деді.
40Сонда Иса оларға: -Сендерге мынаны айтамын: егер де олар үндемейтін болса, онда тастар айғай салатын болады, -деді.
41Содан кейін Ол қалаға жақындап, оны көрген кезде жылап, былай деді:
42-Шіркін, егер де сен өзіңе осы күннің тыныштық әкелетінін білсең ғой! Алайда сол күн енді сенің көзіңнен таса болып, саған көрінбей қалатын болады.
43Сенің жауларың саған қарсы бекініс құрып, сені жанжағыңнан қоршап, қыспаққа алатын күн туады.
44Өйткені сен өзіңді құтқарып алатын уақыттың келгенін білгің келмеді, сондықтан олар сенің еш нәрсеңді қалдырмай қиратып, балаларыңды құртып, сенің тастарыңнан бірдебір тас қалдырмайды, -деп жүрегіндегі күйінішін білдірді.
45Иса ғибадатханаға кірген соң, ондағы сатушыларды қуа бастады. Оларға:
46-«Менің үйім мінәжат ететін үй болады», -деп Жазбада жазылған, -ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырып алғансыңдар.
47Осыдан кейін Иса күн сайын ғибадатханада тәлім беріп жүрді. Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер, халықтың зиялылары бірігіп, Оны өлтірудің жолдарын іздей бастады.
48Алайда халық Исаны мұқият тыңдап, Оның қасынан айналып шықпай қойғандықтан, олар Исаға еш нәрсе істей алмады.
Currently Selected:
Лұқа 19: ZO
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Association Bible Society of Kazakhstan, 2022-2023