YouVersion Logo
Search Icon

Таңдаулы ән 3

3
Қалыңдықтың күйеу жігітті іздеп табуы
1(Қалыңдық:)
Түні бойы мен төсек-орнымнан
Ғашығымды тосып, таба алмағам.
2Кәне, мен тұрып, аралайын
Қаланың көше, алаңдарын!
Бірақ таба алмадым сандалғанмен,
Көп іздеп бекер жүрдім мен.
3Қарауылдар маған тап болды,
Аралап жүрді олар қаланы.
«Көрдіңіздер ме жан досымды?»
Деп сұрап іздедім сүйген жарымды.
4Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткен
Кездестірдім жарымды жаным сүйген!
Оны ұстап алып жібермедім,
Анашымның үйіне алып келдім,
Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім.
5Иерусалим қыздары, сендерге жалынамын,
Елік пен бұғының аттарын атаймын:
Махаббатты қоздырып оятпаңдар, жетілсін
Өзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!#3:5 2:7; 8:4.
(Құрбылары:)
6Даладан өрлеп келе жатқан бұл кім екен,
Түтін бағанындай, мүрдей жұпар затпенен,
Саудагердің алуан дәмдеуіш ұнтақтарымен?#3:6 Даладан өрлеп келе жатқан адам — қалыңдық. Мүр: 1:12. Жұпар зат: яки: түтетілетін хош иісті зат (Мыс 30:34). Дәмдеуіш ұнтақтары: мыс., дәмқабық (Мыс 30:23).
Үйлену тойындағы ән
(Құрбылары:)
7Мұнда қара, өз күймесінде Сүлеймен
Келе жатыр алпыс мықты жігітімен,
Исраилдің таңдаулы ерлерімен!
8Семсері белінде асынған бәрінің,
Шайқаста көрсеткен өз ерліктерін,
Бұл жігіттер түнгі қауіп-қатерге дайын.
9Құнды ағашынан Ливан тау-төбесінің
Жасатыпты Сүлеймен патша өз күймесін,
10Оның бағандарын күміспен жалатқан,
Һәм оның негізін алтыннан жасатқан,
Отырғышын қырмызы матамен қаптатқан.
Күйменің ішін Иерусалимнің қыздары
Бар ықыласпен безендіріп дайындады.
(Қалыңдық:)
11Уа, сиондық қыздар, шығыңдар, кәне,
Қараңдар Сүлеймен патшаның тәжіне:
Оған анасы кигізген тәжіне
Оның неке қиған осы күнінде,
Жүрегі шаттыққа кенелген кезінде!

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in