YouVersion Logo
Search Icon

Нехемия 4

4
Қабырғаның құрылысына қарсы әрекеттер
1Санбаллат#4:1 2:10,19. біздің қала қабырғасын тұрғызып жатқанымызды білгенде, зығырданы қайнап қатты ашуланды. Ол біздерді, яһудилерді, келекелеп, 2өзінің ағайын-достары мен Самария әскерінің алдында: «Мына бейшара яһудилер не істеп жүр? Олар шынымен-ақ біраз малдарын құрбандыққа шалып, бір-ақ күннің ішінде қабырғаны қалпына келтіре қоймақ па? Әлде күл-қоқыс үйінділерінен тастарды шығарып алып, қайта жандандыра ала ма? Олар өртеніп, әбден сынғыш болған ғой, ха-ха!» — деп мысқылдады.
3Оның жанында тұрған аммондық Тобиях та: «Өй, сол тұрғызып жатқандарына бір-ақ түлкі шыға қалса, тас қабырға деп жүргендерін опырып қиратып тастар!» — деп мазақтады.
4«Уа, Құдайымыз, қандай масқараға қалып тұрмыз, бізге құлақ сала гөр! Олардың мазағын өз бастарына келтіре гөр! Өздерін бөтен елде тұтқынға түсіп, тоналатын ете гөр! 5Кінәларын жазасыз қалдырмай, жасаған күнәларын көз алдыңнан өшіріп тастай көрме! Себебі олар құрылысшылардың алдында Сенің қаһарыңды өршітті ғой».#4:5 (4:11; Ерм 18:23; Жыр 78:9-12; 82:2-9; 93:1-10,16-17,21-23; 119:1-7) Немесе: Себебі олар құрылысшыларды қатты ренжітіп еңселерін түсіруге ұмтылды ғой.
6Халық жұмысты бар ықыласымен істегендіктен, біз бүкіл қаланы қоршаған қабырғаны бұрынғы биіктігінің жартысына дейін тұрғызып тастадық.
7Бірақ Санбаллат, Тобиях, арабиялықтар, аммондықтар және азоттықтар:#4:7 Яки: ашдодтықтар (13:23). «Иерусалимнің қабырғаларын жөндеу жұмыстары алға жылжып, оның құлаған жерлері бітелуде» дегенді естігенде, олар бұған қатты ашуланды. 8Барлығы бірге ақылдасып: «Иерусалимге қарсы тап беріп, онда аласапыран жасаймыз!» деп сөз байласты. 9Сол себепті біз Құдайымызға сиынып, олардан қорғану үшін күні-түні қабырғаға қарауыл қойдық.
10Сол кезде Яһуданың адамдары: «Жүк тасушылар титықтап шаршап қалды! Күл-қоқыс тым көп! Өз күшімізбен қабырғаны тұрғыза алмаймыз!» — деп түңіле бастады.
11Бұның үстіне дұшпандарымыз: «Олар не болып жатқанын көріп, білгенге дейін-ақ, біз келіп, оларды өлтіріп, жұмыстарын тоқтатып тастаймыз!» — деп қоқан-лоқы көрсетіп те жүрді. 12Солардың қастарында тұратын яһудилер он рет келіп, бізге: «Олар жан-жақтан аттанып, бізге тап бермек!» — деп айта берді.#4:12 Немесе: он рет келіп, бізге қарсы жоспарланған қаскүнемдік туралы айта берді.
13Сондықтан мен халықты семсер, найза және садақпен қаруландырып, қабырғаның ең аласа, ашық жерлерінің арғы жағына әулеттері бойынша қарауылға тұрғыздым. 14Сосын бәрін тексеріп қарап шыққаннан кейін биіктеу жерге тұрдым да, жетекшілер мен қызметкерлерге және бүкіл халыққа сөз сөйлеп былай дедім: «Олардан қорықпаңдар! Ұлы да айбынды Жасаған Иені естеріңнен шығармаңдар! Өз ағайындарың, ұл-қыздарың мен әйелдерің әрі үй-жайларың үшін шайқасыңдар!»
15Осылай дұшпандарымыз өздері құрған жоспарларының бізге белгілі болып қалып, бұларын Құдайдың Өзі бұзғанын естіп білді. Сонымен бәріміз қабырға құрылысына қайта оралып, әрқайсымыз өз ісімізге кірістік.
16Сол күннен бастап, өз қызметшілерімнің жартысы құрылыс жұмыстарына қатысып, екінші жартысы найза, қалқан, садақтарын асынып, сауыттарын киіп тұрды. Қолбасшылар 17қабырғаны салып жатқан яһудалықтардың арт жағында тұрды. Жүк таситындар бір қолдарымен жүк тасып, екінші қолдарымен қару ұстап жүрді. 18Әрбір құрылысшы беліне семсерін тағып алып жұмыс істеді. Дабыл қағатын кернейші әрқашан қасымда жүрді.
19Мен жетекшілер мен қызметкерлерге және бүкіл халыққа сөз сөйлеп былай дедім: «Жұмыс өте көп және кең көлемде жасалуы керек. Ал біз қабырғаның бойына тарап, бір-бірімізден едәуір алшақтап жүреміз. 20Кернейдің даусын ести салысымен-ақ, керней тартылған біздің қасымызға лезде жиналып келіңдер! Сонда Құдайымыз біз үшін шайқасатын болады!»#4:20 Мыс 14:14; Заң 1:30.
21Осылайша біз таң атқаннан жұлдыздар жымыңдай бастағанға дейін жұмысымызды істей бердік. Ал ер адамдардың жартысы найзаларын ұстап тұрды. 22Сол кезде мен халыққа тағы да тіл қатып: «Әрбір адам өз қызметшісімен бірге Иерусалимнің ішінде түнеп шықсын! Сонда олар қаланы түнде қорғауға, күндіз жұмысын істеуге дайын болады!» — дедім. 23Содан өзім мен ағайындарым да, қызметшілерім әрі қасымда еріп жүретін күзетшілерім де ешқайсымыз үстіміздегі киімімізді шешпей әрдайым дайын жүрдік. Әркім өз қаруын тіпті су алуға барған кезде де тастаған жоқ.

Currently Selected:

Нехемия 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in