YouVersion Logo
Search Icon

Нехемия 11

11
Иерусалимнің тұрғындарының санын көбейту
1Халықтың басшылары Иерусалимде қоныстанды.#11:1 7:4-5. Бұған қоса жалпы халықтың оннан бірін қасиетті қала — Иерусалимге#11:1 Иш 48:2; 52:1. қоныстандыру үшін жеребелер тасталды. Халықтың қалған оннан тоғыз бөлігі өзге қалаларда тұрып қалды. 2Өз еркімен Иерусалимде тұруға тілек білдірген адамдар да болды. Халық солардың барлығын мақтап, оң батасын берді.
3Иерусалимде тұрған аудан басшыларының аты-жөндері төменде берілген. Көптеген исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер, ғибадатхана қызметшілері және Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтары Яһуда аймағындағы өз қалаларында, өздерінің меншікті жерлерінде тұрады.#11:3 Шеж1 9:2-3. 4Ал Яһуда мен Бунямин руларынан шыққан кейбіреулер Иерусалимге қоныстанған. Солардың басшыларының аты-жөндері мыналар:
Яһуда руынан: Парестің ұрпағы Атаях, оның шыққан ата-тегі мынау: Атаях Ұзияхтан, Ұзиях Зәкәриядан, Зәкәрия Амарияхтан, Амариях Шафатияхтан, Шафатиях Мақалалелден. 5Шелахтың ұрпағы Мағасиях, оның шыққан ата-тегі мынау: Мағасиях Барухтан, Барух Қолхозеден, Қолхозе Хазаяхтан, Хазаях Адаяхтан, Адаях Жоярибтен, Жояриб Зәкәриядан. 6Парестің Иерусалимде тұратын ұрпақтарының жалпы саны — төрт жүз алпыс сегіз адам. Олардың бәрі мықты ер адамдар.
7Бунямин руынан: Мешулам ұлы Саллу, оның шыққан ата-тегі мынау: Мешулам Жоедтен, Жоед Педаяхтан, Педаях Қолаяхтан, Қолаях Мағасияхтан, Мағасиях Ітиелден, Ітиел Ишаядан болатын. 8Саллудан кейін Ғабай мен Саллай да Иерусалимде қоныстанды. Иерусалимдегі буняминдіктердің жалпы саны — тоғыз жүз жиырма сегіз адам.
9Олардың жетекшісі — Зіхри ұлы Жоел. Сенуа ұлы Яһуда — қаланың екінші ауданының әкімі.#11:9 (Шеж2 34:22) Немесе: қаланың екінші әкімі (яғни әкімнің орынбасары).
10Діни қызметкерлерден: Жояриб ұлы Едаях, Яхин, 11Хелкия ұлы Сераях, оның шыққан ата-тегі мынау: Хелкия Мешуламнан, Мешулам Садықтан, Садық Мерайоттан, Мерайот Ахитұбтан. Сераях — Құдайдың киелі үйінің аға басқарушысы. 12Бұлардың киелі үйдегі міндеттерін атқаратын ағайындарының саны — сегіз жүз жиырма екі адам.
Ерохам ұлы Адаях, оның шыққан ата-тегі мынау: Ерохам Пелалияхтан, Пелалиях Амсиден, Амси Зәкәриядан, Зәкәрия Пашхурдан, Пашхур Малқияхтан. 13Тағы да Адаяхтың ағайындары: олардың әрқайсысы — бір-бір әулеттің басшысы. Барлығы — екі жүз қырық екі адам.
Азарил ұлы Амашсай, оның шыққан ата-тегі мынау: Азарил Ахзайдан, Ахзай Мешілемоттан, Мешілемот Имерден. 14Оның мықты да қабілетті ер азаматтар болып табылатын ағайындары — жүз жиырма сегіз адам. Олардың басқарушысы — Хагедолим ұлы Забдиел.
15Леуіліктерден: Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі, Бунидің шөпшегі Хашуб ұлы Шемаях. 16Леуілік басшылардан: Шабтай мен Жозабад. Екеуі Құдайдың үйінің сыртқы жұмыстарын басқаруда. 17Забдидің немересі Асафтың шөбересі Миха ұлы Маттаниях — Құдайға мадақ пен шүкірлік айту және мінажат ету қызметінің жетекшісі. Ағайындарының арасынан оның орынбасары — Бақбұқиях. Тағы Ғалалдың немересі Едутунның шөбересі Шаммуа ұлы Абда да қызмет етуде. 18Қасиетті қалада#11:18 11:1. тұратын леуіліктердің жалпы саны — екі жүз сексен төрт адам.
19Қақпашылар: Ақуб, Талмон және қақпа маңын күзететін тағы басқа ағайындарының жалпы саны: жүз жетпіс екі адам.
20Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар өзге исраилдіктер Яһуданың барлық басқа қалаларына қоныстанған. Әрқайсысы өз ата-бабасынан қалған мұралық жерінде тұрады. 21Ғибадатхана қызметшілері#11:21 3:26; 7:60; Езр 2:43. Опел төбесін мекендеуде. Олардың жетекшілері — Сиха мен Ғишпа.
22Леуіліктердің Иерусалимдегі басшысы: Хашабияхтың немересі Маттанияхтың шөбересі, Миханың шөпшегі Бани ұлы Ұззи. Ол — Құдайдың киелі үйіндегі ән-күй қызметін жүргізетін Асафтың ұрпақтарының#11:22 11:17; 12:46; Шеж1 25:1. бірі. 23Әншілер өздерінің күнделікті міндеттерін реттеп басқаратын патшаның жарлықтарына бағынатын болды.#11:23 Шеж1 25; Езр 6:10.
24Яһуда ұлы Зарахтың ұрпағы Мешизабел ұлы Петахиях — парсы патшасының халыққа қатысты барлық істер жөніндегі кеңесшісі.#11:24 (Шеж1 18:17) Немесе: Петахиях — халықтың парсы патшасының алдындағы өкілі.
Иерусалимнен басқа қалаларда тұратындар
25Елді мекендер мен олардың маңындағы далалық жерлерді Яһуда руының бірсыпыра адамдары мекендеуде. Олар Кирият-Арба, Дибон, Екабсеил қалаларында және оларға қарасты елді мекендерде тұрып жатыр. 26Сондай-ақ, Ешуада, Моладада, Бет-Пәлетте, 27Хасар-Шуалда және Бер-Шеба қаласында әрі оған қарасты елді мекендерде, 28Сикеләгте, Мехон мен оған қарасты елді мекендерде, 29Ен-Риммонда, Сорада, Ярмутта, 30Заноахта, Адуллам мен оған қарасты елді мекендерде, Лахыш пен оның маңындағы далалық жерде, Әзека мен оған қарасты елді мекендерде тұрып жатыр. Сонымен олар Бер-Шебадан бастап солтүстіктегі Хенном аңғарына дейінгі бүкіл аралықты мекендеуде.
31Бунямин руының адамдары Гебадан бастап, Миқмаста, Айда, Бетел мен оған қарасты елді мекендерде, 32Анатотта, Нобта, Ананияхта, 33Хасорда, Рамақта, Гитаимда, 34Хадидте, Себоғимда, Небаллатта, 35Лодта, Онода және Қолөнершілер аңғарында тұрады.
36Леуіліктердің бұрын Яһуда руының жерінде тұрған біраз топтары Бунямин руының жеріне қоныстанған.

Currently Selected:

Нехемия 11: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in