YouVersion Logo
Search Icon

Марқа 7

7
Рухани тазалық пен арамдық туралы
1Бірде парызшылдар және Иерусалимнен келген бірнеше дін мұғалімдері#7:1 1:22; 2:6,16; 3:22. Исаның қасына жиналған еді. 2Олар Оның кейбір шәкірттерінің діни қол жуу рәсімін#7:2 Түсіндірмедегі «Тазарту рәсімдерін» қараңыз. орындамай нан жеп отырғандарын байқады. 3Ал парызшылдар, тіпті яһудилердің бәрі дерлік, ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыпқа сай қол жуу рәсімін ұқыптылықпен орындамай тамақ ішпейтін. 4Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын. 5Сондықтан парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаға:
— Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге сай істемейді? — деген сұрақ қойды. — Олар қол жуу рәсімін орындамай-ақ тамақтана береді екен!
6Исаның жауабы мынау болды:
— Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. 7Адам баласы шығарған ережелерді үйретіп, Мені құрметтегенсиді, ал солары бекершілік!»#7:7 Иш 29:13.
8Себебі сендер Құдайдың өсиеттерінен бас тартып, адам ойынан туған дәстүрлерді ұстанып жүрсіңдер,#7:8 Немесе: салт-дәстүрлерді ұстанып, ыдыс-аяқтарға тазару рәсімін жасайсыңдар және басқа да көптеген осы сияқты істерді істейсіңдер. — деді. 9Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты:
— Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?! 10Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса,#7:10 Немесе: әкесін не шешесін қарғайтын болса. ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.#7:10 Мыс 20:12; 21:17; Леу 20:9; Заң 5:16. 11Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. 12Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер. 13Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар!#7:13 Немесе: Құдайдың сөзінің (яки өсиеттерінің) күшін жойдыңдар! (7:10) Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер.
14Иса жиналған халықты қайтадан қасына шақырып алды да, оларға былай деді:
— Бәрің де сөзіме құлақ салып, мынаны жақсылап ұғып алыңдар: 15-16адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!)
17Иса халықтың қасынан кетіп, бір үйге кіргеннен кейін, шәкірттері жаңағы астарлап айтқандарының мәнісін сұрады.
18— Сендер де айтқандарымды әлі түсінбей тұрсыңдар ма? — деп жауап берді Иса. — Бойына сырттан енген тағамдар адамды арамдай алмайды. Мұны шынымен ұқпайсыңдар ма? 19Себебі олар жүрекке емес, тек асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді. — Осылай Иса барлық тағамдардың да адал екенін айтты.#7:19 Елш 10:15. 20Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары! 21Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық,#7:21 Яки: нәпсіқұмарлық, жезөкшелік. неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, 22ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық.#7:22 (Жыр 13:1; Рим 3:13-14; Ғал 5:19-21) Немесе: ұрлық, парақорлық, зұлымдық, ашу-кек, бұзықшылық, қызғаныш, Құдайды қорлау, тәкаппарлық және Құдайға мойынсұнбаушылық. 23Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды.
Шетелдік әйелдің Мәсіхке деген зор сенімі
24Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына#7:24 Тир Ғалилеядан елу, ал Сидон сексен шақырымдай қашықтықта қазіргі Ливан елінің (ежелгі Финикия өлкесінің) теңіз жағасында орналасқан, кеме тоқтайтын үлкен қалалар болатын (3:7-8; 7:31; Мат 11:21-22). барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей,#7:24 Алғашқыда Иса Құдай ерекше Келісім жасаған Исраил халқына арнап қызмет еткенмен (7:27), кейін барлық халықтарға да Жаңа Келісім арқылы Құдаймен тікелей байланыс жолын ашты (16:15; Жох 10:16; 11:52). бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады. 25Себебі Оның келгені туралы естіген бір әйел дереу жақындап, аяғына жығылып тағзым етті. 26Әйел Исраил халқынан емес,#7:26 Яки: Әйел грекше сөйлейтін басқа ұлттың адамы (эллин) еді (Жох 7:35; 12:20). (Құдайға сенбейтін) Сириядағы Финикия өлкесінен болатын. Оның жын соққан жас қызы бар еді. Әйел Исадан қызындағы жынды қуып шығаруын сұрады. 27Бірақ Иса оған:
— Алдымен «балалар» жеп тойсын: «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді.#7:27 Кейде исраилдіктер өздерін Құдайдың рухани балалары, ал Құдайға мойынсұнбай, күнәға батқан басқа ұлттардың өкілдерін астарлап иттер деп атайтын. Ал Иса үй күшігі деген сыпайырақ атауды қолданды. Әйел:
28— Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де сәбилердің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой?#7:28 Әйел Құдайдың өз рақымын «рухани балалары» (исраилдіктер) арқылы басқа халықтарға да молынан жібергенін түсініп, Оған деген зор сенімін көрсетті (7:24,27-дегі түсініктемелерді әрі Мат 15:22-28-ді де қараңыз). — деп жауап берді. 29Сонда Иса:
— Мұны дәл айттың. Сол үшін үйіңе қайта бер, жын қызыңның бойынан шығып кетті, — деді. 30Әйел үйіне қайта оралған соң, қызының жынынан арылып, төсекте тыныш жатқанын көрді.
Мәсіхтің көптеген шетелдіктерді сауықтыруы
31Иса Тирден кетіп, Сидон арқылы Ғалилея көліне оралып, Онқала аймағына барды.#7:31 Сол аймақтың тұрғындарының басым көпшілігі исраилдік емес, басқа ұлттық болатын әрі Құдай Тағалаға мойынсұнбайтын. 32Сол жерде адамдар Исаға саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді. Олар Исадан оның үстіне қолын қойып бата беруін өтінді. 33Иса сол кісіні көпшіліктен былайырақ алып шығып, екі саусағын оның құлақтарына тықты. Бұдан кейін түкіріп тастап,#7:33 8:23; Жох 9:6. қолын кемтар адамның тіліне тигізді, 34әрі көкке қарап күрсініп,#7:34 Яки: аспанға қарап қайғыра ыңырсып (және Құдай Әкеге сиынып) (Жох 11:33; Рим 8:23). оған: «Еффата!»#7:34 Сол заманда көп қолданылған арамей тілінде. яғни «Ашыл!» — деді. 35Сол сәтте-ақ адамның құлақтары ашылды және тілінің байлауы шешіліп, айқын сөйлеп кетті!#7:35 Иш 25:5-6; Мат 15:29-31.
36Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады. 37Олар әбден қайран қалып: «Ол істеген әр нәрсе де керемет жақсы!#7:37 2:12; Жар 1:31. Тіпті саңырауларды еститін, мылқауларды сөйлейтін қылады!» — деп таңғалысты.

Currently Selected:

Марқа 7: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in