YouVersion Logo
Search Icon

Марқа 5

5
Көп жындар қинаған адамның солардан азат етілуі
1Бұдан кейін Иса мен шәкірттері көлдің арғы бетіндегі Ғадара#5:1 Немесе: Гераса. (Ғадара және Гергеса деп те аталған Гераса Ғалилея көлінің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан қалалар еді.) өңіріне жетті. 2Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті. 3Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын. 4Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді. 5Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.
6Әлгі адам Исаны алыстан көргенде, жүгіріп келіп, аяғына бас ұрып тағзым етті. 7Содан соң ол қатты дауыспен:
— Құдай Тағаланың рухани Ұлы#5:7 1:1; Жар 14:18-20; Лұқ 1:32,35; 8:28. Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды. 8Себебі Иса:
— Жын, шық бұл кісіден! — деп бұйырған еді. 9Бұдан кейін Иса:
— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:
— Атым — «Үлкен топ»,#5:9 Түпнұсқада: «легион». (Алты мыңдай адамы бар римдік әскер бөлімінің осы атауы бұл жерде өте көп жындардың сол адамға үстемдік етіп, билік жүргізетінін білдіреді.) себебі біз көппіз, — деп жауап берді. 10Адам Исадан оларды сол төңіректен қуып шығармауын қадала өтінді.
11Сол маңдағы төбе беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. 12Жындар: «Бізді шошқаларға жібере гөр, соларға енейік», — деп сұрады. 13Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
14Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып, 15Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті. 16Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді. 17Сонда халық Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.#5:17 Жар 26:16; Әйүп 21:14-15; Лұқ 5:8; 8:37.
18Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады. 19Бірақ Иса оған рұқсат бермей:
— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды. 20Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында#5:20 7:31; Мат 4:25. жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты.
Мәсіхтің ауруға және өлімге жүргізген үстемдігі
21Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды. 22Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: 23«Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді. 24Иса онымен бірге жүрді. Көптеп ілескен халық Оны жан-жақтан қыспақтады.
25Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. 26Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. 27Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. 28Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. 29Сол сәтте-ақ қаны тоқтап, әйел өзін қинап келген дертінен сауыққанын сезінді.
30Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:
— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. 31Шәкірттері Оған:
— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. 32Бірақ Иса мұны істеген адамды көру үшін айналасына көз жүгіртті. 33Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. 34Иса оған:
— Қарындас,#5:34 Немесе: Қызым. (Осы қаратпа сөзбен Иеміз Иса сол қиналған әйелге деген жанашырлығы мен мейірімділігін білдірді.) сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді.
35Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады. 36Алайда Иса сол айтқандарын естіп, жетекшіге: «Қорықпа, тек сенімің болсын!» — деді.
37Содан Ол Петір, Жақып және оның інісі Жоханнан өзге ешкімді ертпей, 38мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді. 39Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. 40Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді. 41Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!»#5:41 Сол заманда көп қолданылатын арамей тілінде. — деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой! 42Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты. 43Ал Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті де, «Оған тамақ беріңдер!» — деп бұйырды.

Currently Selected:

Марқа 5: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in