Марқа 3
3
1Иса тағы бір сенбі күні мәжілісханаға#3:1 1:21. барғанда, сол жерде қолы семіп қалған#3:1 Яки: қолы жансызданып қалған. бір адам да болды. 2Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Ол әлгі кісіні демалыс күні болса да сауықтырар ма екен деп аңдыды. 3Ал Иса қолы семген адамды: «Ортаға шықшы», — деп шақырды. 4Сол діншілдерге Ол: «Демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; құтқаруды ма әлде құртуды ма?» — деген сұрақ қойды. Бірақ олар үндемеді. 5Сонда Иса айналасындағыларға ашулана қарап, жүректерінің қасарысқандығына қайғырды.#3:5 Мат 13:14-15; Лұқ 19:41-42. Әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деді. Сол адам семіп қалған қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді.
6Ал парызшылдар#3:6 2:16; Түсіндірмені де қараңыз. болса сыртқа шығып, тездетіп Ирод әулетінің жақтастарымен#3:6 Сол кезде марқұм Ирод І патшаның әулеті Исраил елінің басым бөлігіне үстемдік жүргізді (Түсіндірмені қараңыз). бірге кеңес құрып, Исаның көзін құрту туралы ақылдасты.#3:6 Парызшылдар Құдайға бағынбаған римдіктермен ауыз жаласқан Иродтың әулетін жек көретін. Алайда осында екі жаулас жақ бірігіп Мәсіх Исаның ізгі ісіне қарсы шыға бастады.
Мәсіх Исаның халыққа Ізгі хабарды тарататын он екі елшісін тағайындауы
7Иса шәкірттерімен бірге көл жағасына кетіп қалды. Оның соңынан Ғалилея, Яһудея, 8Иерусалим және Идумеядан, Иордан өзенінің арғы бетінен әрі Тир мен Сидон қалаларының#3:8 7:24,31; Мат 11:21-22. маңайларынан көп халық ілесті. Исаның істегендері жайында естіген осы адамдар Оған ағылып келіп жатты. 9Қаптап келген халықтың Өзін қысып, сығыстырмауы үшін, Иса шәкірттеріне бір қайықты дайындатып қойды. 10Себебі Ол көп кісілерді сауықтырып жібергендіктен, әр түрлі дертке ұшырап қиналғандар Оған қолдарын тигізуге тырысып, жақындай түсті. 11Жын соққандар#3:11 Яки: (Шайтанға бағынышты) арам рухтардың билігінде жүрген адамдар. Оны көргенде, аяғына жығылып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың!»#3:11 Немесе: Құдайдың Ұлысың (1:1-дегі түсініктемені қараңыз). — деп айқайлады. 12Алайда Иса оларға Өзінің кім екенін жариялауға қатаң тыйым салды.
13Бұдан кейін Иса бір тауға көтеріліп, қалаған адамдарын Өзінің қасына шақырды. Олар таяп келгеннен кейін, 14араларынан он екісін Өзімен бірге болуға тағайындап, «елшілер»#3:14 Елші: Мәсіх Ізгі хабарды жариялауға жіберген уәкіл, рәсул. деп атады. Оларды уағыз айтуға жіберді, 15әрі оларға (ауруларды сауықтырып) жындарды қуып шығару билігін де тапсырды. 16Исаның тағайындаған он екі елшісі мыналар еді: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон; 17Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан, бұл екеуіне Иса «Боанергес», яғни «Жауар күндей күркіреген жігіттер»#3:17 Немесе: «Күн күркірінің балалары». (Бұл қосымша ат олардың мінездерінің қызбалығын білдірген шығар: Лұқ 9:52-55.) деген қосымша ат берді; 18сондай-ақ Әндір, Філіп, Барталмай, Матай, Тома, Әлпей ұлы Жақып, Тадей, Діншіл#3:18 Яки: Ұлтшыл. (Бұл қосымша ат оның бұрын дінге ерекше берілгендігін не елінің тәуелсіздігі үшін күресуші болғандығын білдіреді: Елш 5:36-37.) Шимон 19және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.#3:19 (14:10-11,17-20,43-46) Яки: Иуда Исқариот.
Құдайдың Киелі Рухына қарсы тұрудан сақтандыру
20Мұнан соң Иса елшілерін ертіп бір үйге барды. Халық қайтадан олардың қастарына көптеп жиналғандықтан, тіпті тамақ ішуге де мұршалары болмады. 21Исаның туыстары бұны естіп: «Ақылынан адасқан шығар», — деп ойлап, Оны ұстап алуға шықты.#3:21 3:31-35.
22Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға:
— Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл#3:22 Яғни әзәзіл шайтан. (Парызшылдардың осы аса зұлым жаласы Құдайдың Киелі Рухын қорлаумен тең еді: 3:29; Мат 12:24,28,32). бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты. 23Ал Иса сол дін мұғалімдерін қасына шақырып алып, оларға астарлап былай деді:
— Шайтан шайтанды қалайша қуып шығара алады? 24Егер бір патшалық жікке бөлініп, өзара соғысып жатса, ол берік тұра алмай, жойылып кетеді. 25Өзара ұрысып-керісіп жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. 26Сол сияқты, егер шайтан өзіне қарсы көтеріліп, соғысса, оның да берік тұра алмай, жойылатын кезінің келгені.
27Қайта, ешкім күштінің үйіне кіріп, алдымен соның өзін байлап тастамай, дүние-мүлкін тонай алмайды. Тек күштіні жеңіп, байлап-матап тастағаннан кейін ғана оның үйін тонай алады.#3:27 Иса шайтанды жеңіп шыққандықтан, оның құрсауындағы адамдарды азат ете алды (Мат 12:29; Лұқ 4:18-19; Жох 12:31).
28Сендерге маңызды шындықты айтайын: адам баласының жасаған барлық күнәлары мен Құдайды қорлауларының қайсысына да кешірім беруге болады. 29Бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға ешқашан кешірім болмайды, сол күнәсі оның мойнында мәңгі қалады.#3:29 Адам Киелі Рухтың әсеріне қарсы тұрып, Оның ізгілікті істерін шайтаннан деп жамандауын қоймаса, жүрегі қасарысады. Содан оның кейін өкініп, Құдайдың кешірімін қабылдай алмауы да мүмкін (Мат 12:31-32; Жох 15:22-25; 16:8-10; Евр 6:4-9). 30Иса мұны әлгілердің «Оның бойында жын бар» дегендері үшін айтты.#3:30 3:22.
Мәсіхтің рухани отбасы
31Исаның шешесі мен туған бауырлары келіп,#3:31 3:21. сыртта тұрып, Оған кісі жіберіп шақыртты. 32Сол кезде Исаны айналдыра көп халық отырған еді. Біреу Оған:
— Сыртта шешеңіз, бауырларыңыз және қарындастарыңыз келіп, Сізді шақырып тұр, — деді. 33Алайда Иса:
— Менің шешем мен бауырларымның кім екенін айтайын ба? — деп, 34айналасында отырғандарға қарап тұрып:
— Міне, Менің «шешем» мен «бауырларым»! 35Себебі Құдайдың еркін орындайтындар Маған бауыр, қарындас, шеше іспетті жақын!#3:35 Яғни Менің рухани отбасым (Мат 12:49; Жох 1:12; Евр 2:11-12; Рим 8:29). — деп жауап берді.
Currently Selected:
Марқа 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.