YouVersion Logo
Search Icon

Марқа 1

1
Жақия пайғамбардың Мәсіх Исаның келуін жариялауы
1Мұнда Иса Мәсіх#1:1 Иса: осы есім Ешуа яки Иесус деп те дыбысталатын. Оның мағынасы: Жаратқан Ие — Құтқарушы. Мәсіх: (Құдай уәде еткен) Құтқарушы Патша (1:34; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз). — Құдайдың рухани Ұлы#1:1 Құдайдың (рухани) Ұлы деген атақ табиғи туудан пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (Пат2 7:14; Жыр 2:7; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Жох 1:3,14; Қол 1:15-16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). туралы Ізгі хабардың бастамасы жайында баяндама берілген.
2Бұл жөнінде пайғамбарлардың жазбаларында Құдайдың мына тәрізді сөздері алдын ала жазылған: Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды.#1:2 Мал 3:1. 3Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!#1:3 Иш 40:3.
4Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып,#1:4 Лұқ 1:80; 3:2-3. кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен#1:4 Яки: арнайы тазару рәсімінен (16:16; Түсіндірмені де қараңыз). өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». 5Содан бүкіл Яһудея аймағы мен Иерусалим қаласынан адамдар Жақияға ағылып келіп жатты. Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді.#1:5 Леу 26:40-42; Жыр 31:5; 50:9; Нқл 28:13.
6Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін, әрі шегірткелерді және жабайы араның балын жеп тамақтанатын.#1:6 Өмір сүру қалпы Ілияс пайғамбардікіне ұқсағандықтан, бірсыпыра яһудилер Жақияны Ілияс секілді пайғамбар деп түсінді (6:15; 9:11-13; Пат4 1:8; 2:13; Мал 4:5; Зәк 13:4).
7Жақия былай деп те уағыз айтты: «Менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр! Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын.#1:7 Немесе: Оған иіліп аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын. 8Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына#1:8 Яки: Киелі Рухқа (Елш 1:5,8; 2:2-4). шомылдырады».
Құдайдың Мәсіх Исаға ризалығын білдіруі әрі Исаның сынақтан өтуі
9Сол күндері Ғалилея аймағындағы Назарет қаласынан#1:9 Мат 2:23. Иса осы жерге келді. Жақия Оны Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. 10Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді.#1:10 Немесе: шыққан бойда (Жақия) көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Оның үстіне қонғанын көрді. (Бұл жерде көгершін Құдайдың Киелі Рухының адалдығы мен пәктігін бейнелейді: 10:16; Лұқ 4:18; Жох 1:32-34.) 11Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың,#1:11 Яки: сүйікті Ұлымсың (1:1). Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты.
12Мұнан кейін көп ұзамай Киелі Рух Исаны айдалаға баруға мәжбүрледі. 13Жабайы аңдар мекендейтін сол жерде Иса қырық күн болып, әзәзіл шайтан Оны сынақтан өткізді. Содан кейін періштелер Исаға қызмет көрсетті.#1:13 Мат 4:1-11.
Мәсіх Исаның қызметіне кірісіп, алғашқы шәкірттерін таңдап алуы
14Жақия пайғамбар тұтқындалғаннан#1:14 Мат 4:12; Лұқ 3:20. кейін, Иса Ғалилея аймағына барды. Сонда Ол Құдайдың Ізгі хабарын#1:14 Немесе: Құдайдың жер бетіне жүргізетін ізгілікті билігі туралы Ізгі хабарды. жариялап былай деді: 15«Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!#1:15 (1:14; Мат 6:9-10) Яки: Құдайдың Патшалығы таяп келді! Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!»
16Бірде Иса Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Шимонды#1:16 Яғни Шимон Петірді (3:16). және оның інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. 17Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты, бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін»,#1:17 Немесе: адамдарды Құдайдың ізгі жолына түсірушілер етемін (3:14; 6:7-13; Лұқ 10:1-9,16). — деді. 18Екеуі дереу ауларын тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
19Иса тағы біразырақ жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Екеуі қайықта ауларын жамап отыр екен. 20Иса оларды да бірден Өзіне шақырды. Екеуі әкелері Зебедейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Исаға шәкірт болып ерді.
Мәсіх Исаның уағыз айтып, құдіретін көрсете бастауы
21Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум#1:21 Ғалилея көлінің жағасындағы үлкен қала (9:33; Лұқ 4:31; 10:15; Жох 4:46). қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға#1:21 Исраил халқының демалып, Жаратқан Иеге сиынуға жиналатын күні сенбі болатын. Мәжілісхана: жиналыс үйі (Түсіндірмені қараңыз). барып, жұртқа тәлім бере бастады. 22Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері#1:22 Түсіндірмені қараңыз. сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен#1:22 Яки: өкілеттік (Исаның Киелі жазбаларды түсіндіруге өзіндік еркі мен түсінігі бар еді: Лұқ 2:46-47; 4:32). тағылым берді.#1:22 Билік: Лұқ 4:32.
23Сол кезде мәжілісханада жын#1:23 Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (5:2; 7:25; 9:25; Мат 12:43-45). соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
24— Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің!#1:24 Яки: Сен Құдайға бағышталғансың (Түсіндірмедегі «Киеліні» қараңыз). — деп айқайлады. 25Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. 26Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті. 27Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты. 28Тез арада Иса туралы хабар сол төңіректегі Ғалилея аймағының барлық жеріне жайылды.
29Көп ұзамай Иса мәжілісханадан шығып, Жақып, Жоханмен бірге Шимон мен Әндірдің#1:29 1:16,19. үйіне барды. 30Шимонның қайын енесі безгекпен ауырып,#1:30 Яки: Шимон Петірдің қайын енесінің қызуы көтеріліп. (Көл жағасындағы батпақты жерлерде безгек ауруы кең жайылған еді.) төсек тартып жатыр екен. Үйдегілер бірден бұл туралы Исаға айтып берді. 31Иса әйелдің қасына барып, оны қолынан ұстап орнынан тұрғызды. Сол сәтте-ақ қызуы басылып сауығып кетті!#1:31 5:41-42; Жох 4:52. Әйел оларды күтіп қызмет ете бастады.
32Күн батып, кеш түсе жұрт науқастар мен жын соққандардың барлығын Исаға алып келді. 33Күллі қала халқы сыртта, есік алдына жиналды. 34Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх#1:34 Құдай пайғамбарлары арқылы уәде еткен Құтқарушы Патша (1:1; 3:11-12; Лұқ 4:41). екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады.#1:34 1:23-25; 3:1-12.
35Ертеңіне таң атпай тұрып, үйден шыққан Иса оңаша бір жерге барып, мінажат етті.#1:35 Яки: барып, көктегі Әкесіне сиынды (1:1,11). 36Шимон мен қасындағылар Исаны іздеп шықты. 37Оны тапқаннан кейін Оған:
— Елдің бәрі Сізді іздеп жүр, — деді. 38Ал Иса оларға:
— Жақын маңайдағы ауылдар мен қалаларға барайық! Сол жерлерде де Ізгі хабарды уағыздамақпын. Себебі Мен сол үшін осы дүниеге келдім, — деп жауап берді. 39Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында#1:39 1:21. уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды.
40Бірде алапеспен ауырған#1:40 Алапес секілді тері ауруларымен науқастанғандар таза емес (арам) деп есептеліп, адамдардың арасынан аластатылатын (Леу 13). бір кісі Исаның қасына келді. Сол адам тізе бүгіп тағзым етіп Исадан:
— Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. 41Оған жаны ашыған Иса қолын созып, денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді.
42Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды!
43Көп ұзамай Иса оны жолға шығарып, оған былай деп қатаң тапсырды: 44«Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын.#1:44 Леу 14:2-32. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады».
45Алайда әлгі адам сол жерден шығысымен-ақ болған оқиға туралы бүкпесіз айтып, хабарды тарата бастады. Сондықтан Иса бұдан кейін қалаларға ашық түрде кіре алмай, қала сыртындағы елсіз далада тұратын болды. Ал халық Оның қасына әр жақтан ағылып келіп жатты.

Currently Selected:

Марқа 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in