Матай 28
28
Мәсіх қайта тірілді!
1Діни демалыс өткеннен кейін жексенбі күні#28:1 Немесе: аптаның бірінші күні. таң ата мағдалалық Мәриям мен өзге Мәриям қабірді көруге барды. 2Кенеттен жер қатты сілкінді. Өйткені Жаратқан Иенің бір періштесі аспаннан түсіп, қабірге жақындап, қақпақ тасты домалатып алып тастады да, үстіне отырды! 3Оның сырт көрінісі найзағай іспетті, ал киімі қардай аппақ еді. 4Одан зәрелері ұшқан күзетшілер дірілдеп-қалшылдап, өліп қалғандай жерге құлап түсті.
5Періште әйелдерге қарап: «Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленген Исаны іздеп келгендеріңді білемін. 6Ол мұнда жоқ, Өзі алдын ала айтқандай қайта тіріліп кетті! Бері келіп, Иенің жатқан орнын қараңдар! 7Енді тезірек барып, Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: «Иеміз өлімнен қайта тірілді! Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады.#28:7 26:32; 28:16. Сол жерден Оны көресіңдер». Сендерге айтатыным осы», — деді.
8Әйелдер әрі қорқып, әрі қатты қуанып, дереу мазардан шығып кетті. Олар Исаның шәкірттеріне айту үшін асығып жүгіре жөнелді. 9Кенеттен Иса олардың алдынан кездесіп: «Сәлем, қуаныңдар!» — деп амандасты. Әйелдер Оның қасына жақындап, иіліп тағзым етіп, аяғына қолдарын тигізді.
10Иса оларға: «Қорықпаңдар! Бауырларыма#28:10 12:50. барып, «Ғалилеяға жөнелсін, сонда Мені көреді» деген хабарды жеткізіңдер», — деп тапсырды.
Ел басшыларының таратқан өтірігі
11Әйелдер жолда бара жатқанда, күзетшілердің кейбіреулері қалаға кіріп, басты діни қызметкерлерге болған оқиғаны түгелдей айтып берді. 12Сонда олар рубасылармен бірге жиналып, кеңес құрды. Жасақшыларға едәуір ақша беріп, 13былай деп бұйырды: «Халыққа: «Түнде біз ұйықтап қалғанда шәкірттері келіп, мәйітін ұрлап әкетіпті» деңдер! 14Ал егер бұл туралы қауесет әміршінің құлағына жетсе, біз оны көндіріп, сендерді пәледен құтқарып аламыз».
15Пара алған күзетшілер солардың тапсырғанындай істеді. Содан осы жалған лақап яһудилер арасында күні бүгінге дейін таралуда.
Мәсіхтің сенушілерге берген Ұлы аманаты
16Он бір шәкірті Ғалилеяға барып, Иса айтқан тауға көтерілді. 17Олар Исаны көргенде алдында иіліп тағзым етті, ал бірқатары әлі де күдіктенді. 18Иса қастарына таяу келіп, былай деді:
«Маған көк пен жердің бүкіл билігі берілген!#28:18 Яки: Құдай Әке Маған көк пен жер үстіндегі бүкіл билікті тапсырған (11:27; 26:64; Дан 7:13-14; Флп 2:9-11; Қол 2:10). 19Сондықтан барлық халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен#28:19 Яғни Құдай Әкеге, рухани Ұлына және Киелі Рухына бағыштап. шомылдыру рәсімінен#28:19 3:6,11. өткізіңдер, 20әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын: Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин)
Currently Selected:
Матай 28: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.