YouVersion Logo
Search Icon

Матай 10

10
1Иса он екі шәкіртін тағы да қасына шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын әрі барлық ауру-сырқауды сауықтыратын билік берді. 2Осы он екі елшінің есімдері мыналар: алдымен Шимон, ол Петір деп те аталатын, әрі соның інісі Әндір; сондай-ақ Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан;#10:2 4:18,21; 16:18. 3Філіп пен Барталмай;#10:3 Яки: Талмай ұлы. (Есімі — Натанайыл, әкесінің есімі — Талмай: Жох 1:45.) Тома мен салықшы Матай;#10:3 Матай Леуі (9:9). Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей); 4Діншіл#10:4 Яки: Ұлтшыл. (Бұл жанама ат оның бұрын дінге ерекше берілгенін немесе өз елінің тәуелсіздігі үшін қара күшпен күресуші топтың мүшесі болғандығын білдіреді: Елш 5:36-37.) Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.#10:4 Яки: Иуда Исқариот (26:14-16,47-50).
5Осы он екі елшісін Иса төмендегі тапсырмаларымен жіберді:
— Басқа ұлт адамдарының жерлеріне бармаңдар, самариялық#10:5 Лұқ 9:52-54; Жох 4:9,22; Түсіндірмедегі «Самариялықты» да қараңыз. қалаларға да кірмеңдер; 6қайта, адасып кеткен қойларға ұқсас Исраил халқының адамдарына#10:6 9:36; 15:24. барыңдар! 7Аралай жүріп: «Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезі таяп қалды!» деп уағыздаңдар.#10:7 3:2; 4:17; Лұқ 10:9. 8Ауруларды сауықтырып, өлгендерді қайта тірілтіңдер, алапестерді құлантаза айықтырып, жындарды қуып шығарыңдар.#10:8 10:1; Мар 16:18; Лұқ 10:9. Тегін алдыңдар, тегін беріңдер де!#10:8 Елш 3:6; 8:18-21; 20:33-35. 9Қалталарыңа#10:9 Немесе: Белдіктеріңе. алтын, күміс, бақыр ақша салмаңдар.#10:9 Елшілер Құдайға сеніп аралап жүрген жерлеріндегі халықтың көмегімен күн көретін болды (10:10-13; Лұқ 22:35). 10Жолға дорба, артық киім, аяқкиім және таяқ та алмаңдар. Еңбек еткен жейтін тамағына қақылы ғой.
11Қай қалаға не ауылға кірсеңдер де, сол жерде өздеріңе түсуге лайықты адамды#10:11 Яғни өздеріңді қарсы алып, сендер әкелген Ізгі хабарға көңіл бөлуге дайын адамды (10:12-14; Елш 9:43; 16:14-15). іздестіріп тауып алып, қайтадан жолға шыққанша соның үйінде қалыңдар. 12Үйге кіргенде амандасып: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!»#10:12 Яки: «Ассалаумағалайкүм» (Рут 2:4). деп бата беріңдер. 13Сол үйдегілер лайықты болса, берген баталарың қонады, ал лайықсыз болса, баталарың өздеріңе қайтып келеді.
14Егер біреу сендерді қабылдамаса не сөздеріңе құлақ салмаса, сол үйден немесе қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар.#10:14 Бұл салт енді осы жердің тұрғындарымен рухани қатынасым болмайды, әрі Құдайдың жазасын тартатындарына өздері кінәлі болады дегенді білдіретін (Лұқ 9:5; 10:10-12,16). 15Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом мен Ғомора халқының#10:15 Ежелгі Содом мен Ғомора қалаларының тұрғындары істеген азғындықтарына бола кең танымал болатын (Жар 18:20). жазасы жеңілірек болады!
16Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қойлар сияқты жіберіп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершіндей ақкөңіл болыңдар! 17Жұрттан сақтанып жүріңдер, олар сендерді соттарға ұстап беріп, өздерінің мәжілісханаларында дүре соғатын болады. 18Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар.#10:18 Яки: және басқа ұлт адамдарына Ізгі хабар туралы куәгерлік етесіңдер. 19Адамдар сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады. 20Осылай өздерің емес, сендер арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады.
21Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді. 22Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. 23Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар. Шын айтамын: сендер Исраилдің барлық қалаларын аралап шықпай жатып-ақ, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін.#10:23 Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы», яғни Иса Мәсіх: 8:20) дүниеге қайта оралған кезге дейін Ізгі хабар Исраил халқына уағыздала береді (Рим 10:1; 11:13-15; Лұқ 17:30).
24Шәкірті ұстазынан, қызметшісі қожайынынан жоғары емес. 25Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса,#10:25 9:33; Мар 3:22. оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?
26Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды. 27Сендерге қараңғыда айтқанымды жарықта айтыңдар, әрі құлақтарыңа сыбырлаған сөздерімді жұртқа жариялаңдар!#10:27 Немесе: құлақтарыңа сыбырланғанды үй төбесінен жар салыңдар! (Сол өлкедегі үй төбелері жалпақ: 24:17; Мар 2:4; Лұқ 12:3.) 28Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!#10:28 13:40-42; 25:30,41; Лұқ 12:4-5.
29Екі торғайды бір теңгеге#10:29 Түпнұсқада: бір ассарионға. (Осы ежелгі теңгенің құны жай жұмысшының бір күндік жалақысының он алтыдан бір бөлігіне тең болатын.) сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді. 30Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! 31Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
32Сонымен Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де көктегі Әкемнің алдында мойындаймын.#10:32 Яғни Менің шәкіртім деп мойындаймын (25:34; Лұқ 12:8; Аян 3:5). 33Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де көктегі Әкемнің алдында танбақпын.
34Мені дүние жүзіне (жалған) татулық әкелу үшін келді деп ойламаңдар. Мен сондай татулықты емес, жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын айыруды#10:34 Немесе: сондай (жалған әрі үстіртін) татулықты емес, семсерді (Лұқ 12:51). (Семсер соттың белгісі болатын: Рим 13:4; Евр 4:6-13.) әкелу үшін келдім. 35Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. 36Адамның дұшпаны өз үй іші болады».#10:36 (Мих 7:6) Әлбетте, Мәсіх шынайы татулық пен тыныштықты орнатуды көздейді (Иш 9:6; Лұқ 2:14; Жох 14:27). Бірақ Құдайдың нұрында адамның әділетсіз ой-ниеті мен іс-әрекеті әшкереленгендіктен, қара ниеттілер ашуланып, әділдерге қарсы шығады (5:9-10; Лұқ 12:51-53; Жох 3:19-21; 15:18-19). 37Кім әке-шешесін не ұл-қызын Менен артық көрсе, сол Менікі болуға лайықты емес. 38Сондай-ақ, кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе,#10:38 16:24; Лұқ 14:27; Флп 3:10-11; Ғал 2:20; Түсіндірмедегі «Айқышты» қараңыз. сол Менікі болуға лайықты емес. 39Өміріне өзі иелік еткен әркім одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған оған мәңгі иелік етеді.#10:39 16:25; Мар 8:34-38; Евр 10:38-39; Аян 2:7,11; 3:5.
40Кім сендерді қабылдаса, соның Мені қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны. 41Бір пайғамбарды Құдайдың хабаршысы болғандықтан қабылдағандар сол пайғамбар алатын сыйға ие болады, әрі әділ кісіні әділ болғаны үшін қабылдағандар соның алатынындай сыйды иемденеді. 42Сендерге шындығын айтайын: атақ-шені жоқ осылардың біреуіне#10:42 Немесе: осы кіші адамдардың біреуіне. Менің шәкіртім болғаны үшін ең болмағанда бір тостаған салқын су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр қалмайды!

Currently Selected:

Матай 10: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in