YouVersion Logo
Search Icon

Жоел 3

3
Жаратқан Иенің бағынбайтын халықтарды соттауы
1«Біліп алыңдар, Мен сол оқиғалар болатын заманда Яһуда елі мен Иерусалимнің тұтқында жүрген халқын қайтарып, игілікке кенелтемін.#3:1 Ерм 29:13-14. 2Сонда Мен халықтардың барлығын жинап, «Жаратқан Иенің Соттау аңғарына»#3:2 Яки: Жосапат аңғарына (3:12,14). (Жосапат патшаның кезінде Жаратқан Ие Иерусалимге жақын аңғарда Исраил халқын құтқарып, олардың жауларын талқандап жазалаған еді: Шеж2 20:1-4,15,22-26.) алып барамын. Сол жерде Мен осы халықтарды Өзімнің меншікті халқым Исраилді басқа елдердің арасына шашыратып жібергендері үшін соттап жазалаймын. Олар Менің елімді өзара бөлісті, 3халқымды да жеребе тастап бөлісіп алды:#3:3 Абд 11. ұл балаларды жезөкшенің ақысына айырбастап, бойжеткендерді шарапқа сатып, ішіп қойып жүрді».
4«Ал сендер, уа, Тир мен Сидон және філістір елінің аймақтары, Маған не істейін деп жатырсыңдар? Сендер Менен кек алғыларың келе ме? Егер солай ететін болсаңдар, Мен істегендеріңді өз бастарыңа лезде-ақ қайтарамын. 5Өйткені сендер Менің алтын-күмісім мен қымбат бағалы бұйымдарымды тартып алып, өз ғибадатханаларыңа апарып қойдыңдар. 6Сонымен қатар өз елдерінен аластатып, басқа жаққа жіберу үшін Яһуда мен Иерусалимнің адамдарын гректерге саттыңдар.#3:6 Езк 27:13.
7Біліп қойыңдар, Мен оларды өздерің сатып жіберген елдерден жетелеп алып келемін. Ал оларға істегендеріңді өз бастарыңа түсіремін. 8Өздеріңнің ұл-қыздарыңды Яһуданың адамдарына сатамын, олар соларды алыста тұратын Сәба халқына#3:8 Ежелде оңтүстік батыс Арабияда тұратын осы халық Исраилмен сауда-саттық жасайтын (Пат3 10:1-2,10,13,22). сатып жібереді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
9Халықтардың арасында мынаны жариялаңдар: «Соғысқа дайындалып, батырларыңды шақырыңдар! Барлық жасақшыларың аттанып, осында өрлеп келсін! 10Соқаларыңнан семсер, орақтарыңнан найза жасаңдар! Әлсіздерің «Мен мықтымын!» дейтін болсын.#3:10 Иш 2:4; Мих 4:3; Зәк 12:8. 11Барлық халықтар, тездетіп жан-жақтан келіңдер, бәрің де сол жерге жиналыңдар!»#3:11 Езк 38:1-12; 39:1-8.
— Уа, Жаратқан Ие, өз батырларыңды алып келе гөр!
12— Халықтар тұрып, Жаратқан Иенің Соттау аңғарына#3:12 Яки: Жосапат аңғарына (3:2,14). өрлеп келсін! Мен сонда отырып, айналадағы барлық халықтарды соттайтын боламын. 13Орақтарыңмен орыңдар, өйткені өнім дайын. Келіп, жүзімді басып сығыңдар, өйткені сыққыш өнімге толып тұр, енді күбілер шырынға толмақ.#3:13 Иш 17:5; 63:3; Жоқт 1:15. Себебі сол адамдардың зұлымдығы шектен асып кетті.#3:13 Жар 6:5; 18:20.
14Соттау аңғарында сан мыңдаған адамдар күтіп тұр! Себебі жуырда Жаратқан Иенің күні Соттау аңғарында айқын көрінеді. 15Күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады. 16Сонда Жаратқан Ие Сионнан ақырып, Иерусалимнен дауысын шығарады. Сол кезде аспан мен жер шайқалады. Бірақ Жаратқан Ие — өз халқының бас сауғалайтын панасы, Исраилдің үрім-бұтағының қамал іспетті берік қорғаушысы!
Жаратқан Иенің өз халқын қайтадан жарылқауы
17«Сол кезде сендер Менің, өз Құдайларың Жаратқан Иенің, киелі тауым Сионда тұратынымды білетін боласыңдар. Иерусалим қаласы Өзіме бағышталып қасиетті болады. Енді оны ешбір жат жұрттық басып ала алмайды.#3:17 2:27; 3:21; Жыр 45:5,8,12.
18Сол күні таулардан тәтті шырын тамшылап, төбелерден сүт ағатын болады, Яһуданың барлық жылғаларында су ағады. Жаратқан Иенің киелі үйінен басталған бұлақ Аққараған аңғарын суға кенелтеді.#3:18 3:1; Амо 9:13-14; Жар 2:8-10,15-16; Жыр 45:5; 86:7; Езк 47:1-12. (Аққараған: яки Шиттим.)
19Яһуданың халқына жасаған қиянаттары үшін және өз жерінде отырған халықтың жазықсыз қанын төккендері үшін Мысыр елі қаңырап бос қалып, Едом елі де қу медиенге айналады.#3:19 2:3. (Мысыр мен Едом осында Құдай халқына қастық көрсеткен барлық басқа халықтарды да бейнелейді: Иш 19:1; 34:5,11.) 20Ал Яһуда бұдан былай бос қалмайды. Иерусалимді де ұрпақтан ұрпаққа мекендейтін болады. 21Мен олардың әлі кешірілмеген, қан төгіп жасаған күнәларын кешіремін».
Сонымен Жаратқан Ие Сионда тұратын болады.

Currently Selected:

Жоел 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in