YouVersion Logo
Search Icon

Еремия 42

42
Мысырға қашпау жайлы ескерту
1Содан Қареях ұлы Жоханан, Хошаях ұлы Езаниях және басқа жасақ басшыларының бәрі үлкенді-кішілі бүкіл халықпен бірге 2Еремия пайғамбардың алдына келіп, былай деді:
— Біздің өтінішімізді тыңдап, елде қалған бәріміз үшін Құдайыңыз Жаратқан Иеге сиынып арашалық дұға ете көріңіз! Бұрын біз көп едік, енді өзіңіз көріп отырғаныңыздай азғантай ғана қалдық. 3Қай жолмен жүруіміз керек, не істеуіміз керек, соны бізге Құдайыңыз Жаратқан Ие көрсете көрсін. — 4Еремия пайғамбар оларға былай деді:
— Айтқандарыңды естідім. Әрине, мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иеге сиынып өздерің үшін арашалық дұға ете беремін. Жаратқан Ие маған қандай жауап берсе де, оны сендерге ештеңесін бүкпей жеткіземін! — 5Олар Еремияға:
— Егер Құдайыңыз Жаратқан Иенің бізге сіз арқылы жіберген бүкіл бұйрығы бойынша істемесек, онда Жаратқан Ие бізге қарсы сенімді де шыншыл куә болсын! 6Біз сізді жіберіп отырған Құдай Иеміздің тапсырғаны бізге ұнаса да, ұнамаса да, өзімізге игі болуы үшін Құдайымыз Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асатын боламыз! — деп уәде берді.
7Он күн өткен соң Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнады. 8Сонда Еремия Қареях ұлы Жохананды, оның қасындағы басқа жасақ басшыларының бәрін және үлкенді-кішілі бүкіл халықты шақырып алып, 9оларға былай деді:
— Мені Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге өз өтініштеріңді айтып жіберген едіңдер. Ол мынаны айтады: 10Егер осы елде қалатын болсаңдар, Мен сендерді құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын.#42:10 24:6; 31:28. Өйткені Мен сендерге жіберген зор апат жайлы райымнан қайтамын.#42:10 18:7-8; Ош 11:8; Жое 2:13; Амо 7:3,6; Жүн 3:10. 11Бабыл патшасынан қатты қорқасыңдар, ал Жаратқан Ие өздеріңе мынаны айтады: Одан қорықпаңдар! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! Сендерді оның қолынан құтқарып, аман алып қаламын! 12Мен сендерге рақымды болғандықтан ол да өздеріңе рақым көрсетіп, жерлеріңе қайтуларыңа рұқсат береді.
13Сендер «Біз осы елде қалмаймыз!» деп, Құдайларың Жаратқан Иеге мойынсұнудан бас тартпаңдар! 14«Керісінше, Мысырға барып, сонда қоныстанамыз. Сол жерде соғысты көрмейміз, шайқасқа шақырған керней үнін естімейміз, аштықтан да өлмейміз!» деп тұрып алмаңдар! 15Ал егер бәрібір осылай істесеңдер, онда сол туралы Жаратқан Иенің не айтқанын тыңдаңдар, уа, Яһуданың елде қалған жұрты! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Егер Мысырға барып, сонда қоныстанатын болсаңдар, 16онда өздерің қорқатын семсер сендерді сол жақта да тауып алады және өздерің қорқатын ашаршылық та сендердің соңдарыңнан Мысырға жетіп, сол жақта аштан қырыласыңдар. 17Мысырды мекен ету үшін бет алғандар ол жерде семсер, ашаршылық не індеттен құритын болады. Мен бастарына түсіретін пәледен олардың ешқайсысы аман да қалмайды, қашып құтыла да алмайды.
18Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Менің қаһарым Иерусалим тұрғындарына төгілгендей, Мысырға көшкен кездеріңде сендерге де төгіледі. Сендер қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайсыңдар. Ал осы жерді сендер енді қайтып көрмейтін боласыңдар.
19Уа, Яһуданың елде қалған адамдары! Жаратқан Ие сендерге мынаны айтқан еді: «Мысырға бармаңдар!» Мен бүгін өздеріңе жасаған осы ескертуді көңілдеріңе жақсылап тоқып алыңдар! 20Маған: «Құдайымыз Жаратқан Иеге біз үшін арашалық дұға етсеңізші! Оның бізге арнап айтқандарын толықтай жеткізіңіз, біз соны орындаймыз!» дегендеріңде де екіжүзділік жасап ғаламат қате жібердіңдер. 21Себебі не істеуге тиіс болғандарың туралы Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын сендерге бүгін жеткіздім. Бірақ өткен кездерде істегендерің іспетті, Оның мен арқылы жіберген хабарына бәрібір мойынсұнған жоқсыңдар. 22Сондықтан мынаны біліп қойыңдар: Сендер қоныстанғыларың келетін Мысыр елінде семсер, ашаршылық не індеттен құритын боласыңдар!

Currently Selected:

Еремия 42: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Еремия 42