YouVersion Logo
Search Icon

Еремия 43

43
Мысырға қашпақ болғандарға жарияланған Құдайдың жазасы
1Еремия бүкіл халыққа олардың Құдайы Жаратқан Иенің айтқан осы сөздерді түгелдей жеткізді. Себебі Жаратқан Ие оған бұл хабардың бәрін соларға жариялауды тапсырған еді. 2Сонда Хошаях ұлы Азариях, Қареях ұлы Жоханан және барлық басқа өркөкірек адамдар Еремияға қарсы шығып былай деді:
— Жоқ, өтірік айтып тұрсыз! Құдайымыз Жаратқан Ие сізге: «Мысырға бармаңдар, сол жақта келімсек болып тұрмаңдар!» дегенді бізге арнап айтқызған жоқ! 3Расында Нириях ұлы Барух сізді бізге қарсы арандатып отыр. Ол бізді өлтірту үшін немесе Бабылға айдап әкеттіру үшін халдейлердің қолына тапсырмақшы.
4Осылайша Қареях ұлы Жоханан, барлық басқа жасақ басшылары және бүкіл халық Жаратқан Иенің Яһуда елінде қалыңдар деген сөзіне мойынсұнған жоқ. 5Керісінше, өлімнен аман қалып, қашып кеткен басқа халықтардың арасынан Яһуда еліне тұруға қайтып келген яһудилердің барлығын Қареях ұлы Жоханан және басқа жасақ басшылары ертіп алып кетті. 6Олар, сондай-ақ, бабылдық әмірші Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қасына қалдырған халықты: барлық ер адамдар мен әйелдерді, балалар мен патшаның қыздарын және Еремия пайғамбар мен Нириях ұлы Барухты да өздеріне ілестіріп әкетті.
7Олар Жаратқан Иенің бұйрығына мойынсұнбай, Мысырға кетіп, Тахпанхес#43:7 2:16. қаласына жетті. 8Сол қалада Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнап былай деді: 9«Бірнеше үлкен тас алып кел де, оларды жиналып тұрған яһудалық елдестеріңнің көз алдында перғауын түсетін сарайдың алдындағы кіреберісінің жанындағы кірпішпен бекітілген сатылы беткейдің астына көміп таста! 10Жиналғандарға былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен Өзіме қызмет етуші Бабыл патшасы Набуходоносорды осында алдыртып, оның патшалық тағын осы жерде көмулі жатқан тастардың үстіне орнатамын. Бабыл патшасы солардың үстіне өзінің шатырын тігетін болады. 11Ол аттанып келгенде Мысырға шабуыл жасайды. Сонда індеттен өлуге бұйырылғандар індетке, жер аударылуға бұйырылғандар жер аударылуға, семсерге бұйырылғандар семсерге тапсырылатын болады. 12Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. 13Ол жалған тәңірге бағышталып, Мысыр еліндегі Бет-Шемеште#43:13 Немесе: Он (Хелиополис) қаласында, яки: күн тәңірі деген жалған тәңірге бағышталған ғибадатханада. орнатылған тас бағаналарды сындырып, Мысырдың басқа да тәңірсымақтарының ғибадатханаларын өртеп жібереді».

Currently Selected:

Еремия 43: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Еремия 43