YouVersion Logo
Search Icon

Еремия 21

21
Седекиях патшаның өтініші және Құдайдың қатаң ескертуі
1Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады. Сол кезде Седекиях патша Малқиях ұлы Пашхурды және Мағасиях ұлы Софония#21:1 (29:25; 37:3; 52:24) Осы есімнің Цефания деген түрі де бар. есімді діни қызметкерді Еремияға жіберіп:
2— Бабыл патшасы Набуходоносор бізге қарсы соғыс ашты. Енді Жаратқан Иеден біз үшін мынаны сұрап біліп алсаңыз екен: Мүмкін, Ол ежелде көрсеткен кереметтері сияқты бізге де керемет жасап, жауды елімізден шегіндіріп кері қайтармас па екен? — деген өтінішін білдірген болатын. 3Еремия оларға мына жауапты қайтарды:
— Седекияхқа былай деңдер: 4Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендерді қала қабырғасының сыртынан қоршап алған Бабыл патшасы мен халдей жасақшыларына#21:4 Яки: бабылдықтарға. (Сол дәуірде халдейлер Бабыл патшалығындағы үстем ұлт еді: Шеж2 36:17.) қарсы қолданып жатқан қару-жарақтарыңды өздеріңе қарсы бұрамын. Сонда Мен жауларыңды қаланың ортасына жинап әкелемін! 5Сендерге қарсы зор күш-қуатыммен, кәрлі ашу-ызаммен құдіретті қолымды алға созып тұрып Өзім соғысамын. 6Мен осы қаладағылардың адам болсын, мал болсын барлығына да апат жіберіп, олар қорқынышты індеттен қырылатын болады. 7Ал содан кейін Мен Яһуда патшасы Седекияхтың өзін де, осы қалада індет, семсер және ашаршылықтан аман қалған нөкерлері мен халқын да Бабыл патшасы Набуходоносордың әрі жандарын алмақ болған басқа да жауларының қолына тапсырамын. Набуходоносор оларды семсермен қырып, еш аяу, мүсіркеу, рақым ету дегенді білмейтін болады, — деп ескертеді Жаратқан Ие.
8Ал осы халыққа былай де: Жаратқан Ие сендердің таңдауларың үшін алдарыңа өмір мен өлімге апаратын жолдарды ұсынады: 9Осы қалада қалатын әрбір адам семсер, ашаршылық немесе індеттен құриды. Ал қаладан шығып, оны қоршап алған халдейлерге берілетін әркім тірі қалып, өз жаны өзіне олжа болады. 10Мен бұл қалаға жақсылық емес, жамандық істеуді ұйғардым. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын. Қала Бабыл патшасының қолына беріліп, ол оны өртеп жібереді.
11Жаратқан Ие маған Яһуданың патшалық әулетіне арнап мынаны айтқызды: «Тыңдаңдар Жаратқан Иенің сөзін, 12уа, Дәуіттің әулеті!#21:12 Яғни Яһуда елінің патшалары (Пат3 12:20; Шеж1 17:24; Шеж2 21:7; Иш 7:13). Жаратқан Ие мынаны айтады: Күн сайын таңертең халыққа әділдікпен билік айтыңдар! Жәбірленгенді қысым көрсетушісінен құтқарыңдар! Әйтпесе істеген зұлым істерің үшін қаһарым оттай лап етіп, оны ешкім сөндіре алмайды.
13Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Жартасты төбенің басында тұрған саған қарсы шығамын, уа, Иерусалим: «Бізге қарсы соғысып, баспанамызға кіре алатын кім бар?» деп мақтанатын сендерге қарсы Өзім соғысамын. 14Мен сендерге лайықты жазаларыңды тартқызамын! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Орманыңа#21:14 Немесе: «Ливан орманы сарайыңа» (17:27; Пат3 7:2; 10:16-21; Иш 22:8). Өзім от қойып, ол сендердің айналаларыңдағының бәрін жалмап қояды!»

Currently Selected:

Еремия 21: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Еремия 21