YouVersion Logo
Search Icon

Еремия 19

19
Сындырылған құмыраның мысалы
1Жаратқан Ие маған тағы былай деп тапсырды: «Құмырашыға барып, бір қыш құмыра сатып ал. Содан соң қасыңа халықтың және діни қызметкерлердің ақсақалдарының бірнешеуін ертіп алып, 2Бен-Хенном аңғарына, Сынықтар қақпасының маңына бар! Сол жерде Мен саған беретін хабарды оларға жариялап былай де: 3Уа, Яһуда патшалары мен Иерусалимнің тұрғындары, Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ салыңдар! Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар: Мен осы жерге зор апат жіберемін. Сол туралы естіген адам қатты абыржып құлағы шыңылдайтын болады. 4Өйткені халық Менен бас тартып, осы жерді Өзіме жат қылып арамдады: олар өздері де, ата-бабалары да, Яһуда патшалары да ешқашан танып білмеген бөгде тәңірлерге арнап бұл аңғарда хош иісті шайыр түтетіп, құрбандық өртеп ұсынып келеді. Оның үстіне олар осы жерді жазықсыз адамдардың төгілген қанына толтырды.#19:4 2:13,34; 7:6,9; 11:13; Пат4 21:6,16. 5Сол үшін олар Бағалға табыну орындарын салып, өз балаларын оған арнап түгелдей өртелетін құрбандық етіп ұсынды! Мұндайды Мен оларға бұйырған да, айтқан да емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ. 6Сондықтан сақ болыңдар! Осы жер енді қайтып Топет немесе Бен-Хенном аңғары деп емес, Қырғын аңғары деп аталатын уақыт келеді.#19:6 7:31-32; Пат4 23:10. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
7Осы жерде Мен Яһуда мен Иерусалимнің жауға тойтарыс беру туралы жасаған жоспарларын түкке тұрғысыз етемін.#19:7 Осылай дегенде пайғамбар айтпақ ойын ұмытпайтындай ету үшін қолындағы құмырасының (19:1) ішіндегісін төгіп босатқан шығар. Оларды жандарын алмақ болғандардың семсерімен құртып, сол қас жауларының алдында құлатып, денелерін аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем қылып беремін.#19:7 16:4. 8Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады. 9Мен олардың жандарын алмақшы жаудың елге басып кіріп, қаланы қоршап алуына жол беремін. Сонда Мен аштықтан қатты қиналып не істерін білмей қысылып отырған оларға өз ұл-қыздары мен достарының етін жегіземін!
10Еремия, осыны айтып болған соң сен өзіңе еріп келген адамдардың көзінше қолыңдағы құмыраны#19:10 19:1. сындыр да, 11оларға былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Қыш құмыра сынған соң еш жөндеуге келмейтініндей, Мен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын «сындырып» тастаймын. Олар өлгендердің мәйіттерін орын қалмағанша Топетте#19:11 7:31-32; 19:6,12-14; Иш 30:33. жерлейтін болады. 12Осы жерге және осында тұрғандарға мынаны істеймін, дейді Жаратқан Ие: Мен бұл қаланы Топет сияқты арамдалған орынға айналдырамын!#19:12 Құдайға мойынсұнған Жосия патша кезінде Топеттегі табыну орындарын арамдаған еді (Пат4 23:10). 13Үйлеріңнің жалпақ төбелерінде аспан денелеріне бағыштап хош иісті заттар түтетіп, әрі бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып ұсындыңдар.#19:13 32:29; 44:17,19; Езк 20:28. Сол үшін Иерусалимдегі үйлердің бәрі, тіпті Яһуда патшасының сарайы да, Топет сияқты арамдалады!»
Пайғамбардың ғибадатхана ауласында сөз сөйлеуі
14Мұнан кейін Еремия Жаратқан Ие өзін пайғамбарлық хабар айтуға жіберген Топеттен#19:14 Яғни Жаратқан Ие Өзінің хабарын халыққа жеткізу үшін өзін жіберген Топеттен (19:2,6). қалаға қайта оралды. Содан ол Жаратқан Иенің киелі үйінің ауласында тұрып халыққа дауыстап былай деді: 15«Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Біліп алыңдар! Сендер тоңмойын болып, сөздеріме құлақ асудан қыңырлықпен бас тартып келе жатырсыңдар. Сондықтан Мен Иерусалим мен оның айналасындағы елді мекендерге қарсы паш еткен апатты енді міндетті түрде бастарыңа түсіремін!»

Currently Selected:

Еремия 19: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Еремия 19