Өйткені халық Менен бас тартып, осы жерді Өзіме жат қылып арамдады: олар өздері де, ата-бабалары да, Яһуда патшалары да ешқашан танып білмеген бөгде тәңірлерге арнап бұл аңғарда хош иісті шайыр түтетіп, құрбандық өртеп ұсынып келеді. Оның үстіне олар осы жерді жазықсыз адамдардың төгілген қанына толтырды.