Ишая 66
66
Қасарысқандардың жазалануы
1Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан Менің тағым, ал жер табан тіренішім сияқты. Сонда сендер Маған қандай үй салып бермексіңдер?#66:1 Пат2 7:5-7; Пат3 8:27; Жыр 10:4. Яки тынығып демалатын орным қай жер болмақ?! 2Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?!#66:2 Жар 1:3-2:1; Шеж2 6:18-21,41; 7:12-16. — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар.
3Алайда адамдар (екіжүзділік жасайды. Олар Маған арнап) бұқаларды#66:3 Яки: мүйізді ірі қара малдарды. құрбандыққа шалып, (сонымен қатар жалған тәңірлерге арнап) кісілерді де өлтіреді! Алдыма тоқтылары мен астықтан сый-тартуларын алып келушілер мойнын үзген иттерді және шошқаның қанын да ұсынады.#66:3 Немесе: (Маған арнап) құрбандыққа бұқа (яки: өгіз) шалғандарға кісі өлтіргендермен бірдей қараймын, тоқты шалғандар иттің мойнын үзгендерге тең, астықтан сый-тарту әкелгендер шошқа қанын ұсынғандармен бірдей (1:11-15; Нқл 15:8; Амо 5:21-22). Маған арнап хош иісті заттар түтетіп, пайдасыз тәңірлерге де мақтау айтады. Бұл адамдар Менің емес, өз жолдарын таңдап алды. Олар жасаған жексұрын қылықтарынан тіпті рақат табады. 4Сол себепті Мен де оларды аяусыз жазалауды таңдап алдым. Өздері қатты қорқатын азаптарды бастарына түсіремін. Себебі Мен шақырғанда ешқайсысы жауап бермеді, Мен тіл қатқанда олар сөзіме құлақ аспады. Қайта, көз алдымда зұлымдық жасап, Маған ұнамайтын нәрселерді таңдап алды».
Құдайдың Сионның халқын қайтадан жарылқауы
5Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:
— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын!#66:5 Немесе: Жаратқан Ие дәріптелсін (5:19). Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады!
6Қаладан шығып жатқан у-шуға құлақ түріңдер! Ғибадатханадан айқай-шу естіледі. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын беріп жатыр.
7Ал Құдайдың таңдаған қаласы толғатпай-ақ босанып, қиналмай-ақ ұл туған әйел секілді болады. 8Мұндайды кім естіп, кім көрген? Бір күннің ішінде тұтастай бір ел туып, бүкіл халық пайда бола ала ма? Әрине, бола алмайды. Алайда Сион толғақ азабын шегер-шекпестен «балалы болып», бір күнде-ақ тұрғындарға толатын болады.
9— Айы-күніне жеткізе отырып, Мен Сионды қалайша босандырмаймын?#66:9 37:3; Жар 18:14. Туу қабілетін сыйлай тұра, қалайша оның құрсағын бекітіп қоямын?#66:9 Құдай Ие әрине өз халқының қайтадан жиналып, өз қаласы мен еліне келуіне жол ашатын болады (43:5-8; 66:11-13). — дейді астарлап Құдайың Жаратқан Ие.
10Иерусалимді сүйетіндердің бәрі де, онымен бірге шаттана қуаныңдар! Азап шеккен бұл қала үшін қайғырған барлығың да, онымен бірге мәз-мейрам болыңдар! 11Сендер ана төсін еміп жұбанған сәбидей оның игіліктеріне тойынасыңдар. Ағыл-тегіл мол дәулетіне кенеліп, ләззатқа бөленесіңдер.
12Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:
— Мен бұл қалаға амандық пен тыныштықты дариядай ағызып молынан сыйлаймын. Елдердің байлығын да оған тасқынды судай ағызамын. Сонда өздеріңді анасын еміп рақаттанған нәрестедей сезінесіңдер. Бұл, Сионның сендерді аялы алақанымен көтеріп алып жүріп, тізесіне салып, әлдилегені секілді тамаша болады. 13Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын. Иерусалимде#66:13 Немесе: Иерусалим жайында. жұбаныш табасыңдар.
Жаратқан Иенің әділ билігі әрі қаһары
14Мұның бәрін көріп, шаттанып, көңілденесіңдер. Көк шөп секілді өсіп-өнетін боласыңдар. Осылай Жаратқан Ие Өзіне қызмет ететіндерді құдіретімен қорғап-қолдап, ал қарсы шыққандарға қаһарын төгетін болады. 15Естеріңе алыңдар, Жаратқан Ие жалындаған от ішімен түсіп келеді. Оның соғыс күймелері құйындай құйғытады. Иеміз жауларына ашуланып, қаһарын төкпек. Оларды лаулаған отпен тоқтатады. 16Иә, Жаратқан Ие адамзатқа шығарған үкімін отпен және семсерімен іске асырады. Ол сонда көбінің көзін құртады.
17«Өздерін жалған тәңірлерге бағыштағандардың бәрі бірдей жойылатын болады! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Олар тазару рәсімдерінен өтіп, «киелі» бақтарға кіреді. Солардың іштеріндегі тәңірсымаққа табынып, шошқа мен тышқан етін және басқа да жиренішті нәрселерді жейді.#66:17 1:29; 65:2-5. 18Олардың істері мен ойларын білемін.
Менің бүкіл халықтарды, әр түрлі тілде сөйлейтін ұлттарды жинайтын кезім жақындады. Олар келіп, құдіретті ұлылығымды көретін болады. 19Мен араларында кереметтер істеп, билігімді паш етемін.#66:19 Мыс 10:1-2. Солардың аман қалғандарынан кейбіреулерін әлі де атағым мен ұлылығымды естіп-көрмеген алыстағы халықтарға жіберемін. Хабаршыларым батыстағы Тарсис жағына, Либияға, аты шулы садақшылардың елі Лүдияға,#66:19 Либия: түпнұсқада Пұл. Лүдия: түпнұсқада Пұд (ежелде Түркияның оңтүстік-батыс жағын мекендеген ел). солтүстіктегі Тұбалға,#66:19 Тұбал: ежелде солтүстік Түркиядағы аймақ (Жар 10:2; Езк 27:13; 38:2; 39:1). Грекияға#66:19 Грекия: түпнұсқада Яуан (Жар 10:2,4; Езк 27:13). және аралдар мен теңіз жағалауларындағы басқа елдерге барып, сол халықтарға да асқан ұлылығымды жариялайтын болады.
20Сонда күллі елдерден Маған арналған сый-тарту іспетті барлық бауырластарыңды ат, қашыр, желмаяларға#66:20 (60:6) Яки: (сыңар өркешті) жүйрік түйелерге. немесе арба-күймелерге мінгізіп, Иерусалимдегі Өзіме бағышталған Сион тауына тездетіп алып келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Бұл, Исраил халқының Маған арнаған сый-тартуларын таза ыдыстармен киелі үйіме алып келгені іспетті болады.
21Мен осы кісілердің кейбіреулерін де таңдап алып, діни қызметкерлер және ғибадатханада қызмет көрсететін леуіліктер етіп тағайындаймын». — Жаратқан Ие осыларды нық айтады.
22«Мен жарататын жаңа аспан мен жаңа жердің көз алдымда мәңгі жойылмайтынындай, сендердің есімдерің де өшпейді, үрім-бұтақтарың да мәңгі көз алдымда болады, — деп уәде береді Жаратқан Ие. 23— Сонда әрбір айдың басында және демалыс күні сайын бүкіл адамзаттың өкілдері Менің алдыма бас иіп сиынуға келетін болады».
Жасаған Ие тағы мынаны айтады: 24«Олар қаладан шыққанда Маған қарсы бас көтергендердің#66:24 1:2-4,21,23. өліктерін көреді. Солардың тәндерін кеміретін құрттар өлмейді, жалындаған от та мәңгі сөнбейді.#66:24 1:24-25,31. Осылай жазаланған күнәкарлар бүкіл адамзат үшін жексұрын болады».
Currently Selected:
Ишая 66: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.