Ишая 64
64
Құдайдан халқына қайтып келуін өтінген дұға
1Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді! 2Бұл, өрттің сексеуілге тиіп, лаулап жанып, суды қайнатқанындай сұрапыл оқиға болар еді. Сонда Сенің есімің жауларыңа танымал болып, алдыңда халықтар дірілдер еді. 3Ежелде Сен халқымыз күтпеген қорқынышты істер істедің. Көктен зымырап түсіп келгеніңде алдыңда таулар шайқалды да!#64:3 Мыс 19:16-19.
4Сен Өзіңді сеніммен күткендерге#64:4 (25:9; 30:18; 40:31) Яки: Өзіңді аңсап Саған үміт артқандарға. игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес. 5Әділдікті қуана іске асырып, ақ жолыңмен жүріп, Өзіңді естен шығармайтындарды Сен рақыммен қарсы аласың.
Алайда біз бұрыннан-ақ еркіңе қарсы күнә жасап келгендіктен, Сен қатты ашуландың. Енді біз қалай құтқарыла аламыз? 6Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып#64:6 Мыс 19:16-19. кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті!#64:6 Бәріміз күнәкар пенде болғандықтан, тіпті әділ және игі болып көрінетін істеріміз бізді күнәларымыздан тазарта алмайды. Қайта, сол істеріміздің өздері Құдайдың көз алдында лас та жиренішті (57:12; 58:2-5; Жыр 52:2-4; Рим 3:10-12). Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді. 7Ал ешқайсымыз Саған сиынып, рақым етуіңді сұрап жалынып-жалбарынбаймыз. Сен бізден бас тартып, бізді күнәміздің кесірінен жойылуға қалдырдың.
8Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің.#64:8 63:16. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз.#64:8 29:16; 45:9; 60:21; Жыр 99:3. 9Уа, Жаратқан Ие, шексіз ашуланып, күнәларымызды есіңде мәңгілік сақтай көрме! Саған жалбарынамыз, бізге көз сала гөр, Сенің халқыңбыз ғой.
10Өзіңе бағышталған қалаларың қиратылып, елсіз далаға айналды. Тіпті Сион тауы қаңырап бос қалып, Иерусалим қаласы тас-талқан болды: 11ата-бабаларымыз Сені мадақтаған киелі#64:11 Яки: Өзіңе бағышталған (қасиетті). де салтанатты ғибадатханамыз өртеніп кетті! Біз үшін сондай қымбат нәрселердің бәрі де күйреді.
12Осылай болғанда, уа, Жаратқан Ие, Өзіңді ұстап тұрмақсың ба? Үн-түнсіз қалып, бізді шексіз қинамақсың ба?!
Currently Selected:
Ишая 64: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.