Ишая 61
61
Азап шеккендерге ізгі хабар
1— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды.#61:1 11:1-5; 42:1-7. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын#61:1 Немесе: соқырларға көздерінің ашылатынын (көне грек аудармасына сай). жар салуға жіберді. 2Мені Құдай Иеміз Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын әрі жауларына лайықты жазаларын тартқызатын кезін#61:2 (59:17) Немесе: әрі жауларынан кек алатын кезін. жариялауға жұмсап, қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға да жіберді. 3Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды.#61:3 Басына күл шашу және күл шашылған тақыр жерде отыру — қайғырудың, ал шашына жұпар иісмай жағу — қуанудың белгісі болатын (58:5; Жүн 3:5-9; Мат 11:21; Жыр 22:5). Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады.
Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады. 4Олар ежелгі заманда қиратылған мекенжайларды қайтадан салып, ежелгі ұрпақтардың талқандалып, қаңырап бос қалған қала-қыстақтарын жаңадан тұрғызып қалыпқа келтіреді.
5Сол кезде жат жерліктер сендерге қызмет етіп, отарларыңды бағып, егіншілерің мен жүзімшілерің болады. 6Өздерің «Құдай Иеміздің діни қызметкерлері» деп аталып,#61:6 66:21; Мыс 19:6. қызметтеріңді тек Оған ғана арнайтын боласыңдар. Басқа халықтардың байлығынан тамақтанып, олардың қазыналарын мақтан тұтасыңдар.
7Бұрын масқара болғандарыңның орнына айрықша қадірленесіңдер. Бастарыңнан өткізген қорлықтарыңның орнына енді үлестеріңе тиген мұраларыңа қуана ән шырқайсыңдар. Сонымен Құдай халқы өз елінде бұрынғысынан екі есе мол дәулетке қол жеткізіп,#61:7 (Зәк 9:12) Немесе: Құдай халқы өз елінде (тұңғыш бала алатындай) ақ бата мен еншіні екі есе көп алып (Заң 21:17). мәңгі бақи шаттанатын болады.
8— Себебі Мен әділдікті сүйіп, зорлық-зомбылықты жек көремін, — дейді Жаратқан Ие. — Меншікті халқыма тиісті сыйларын#61:8 Яки: тиісті жалақыларын. адалдықпен беріп, олармен тұрақты Келісім жасаймын. 9Солардың ұрпақтары басқа халықтар арасында танымал және қадірлі болады. Мұны көргендердің бәрі бұлардың Жаратқан Ие жарылқаған ұрпақ екенін мойындайды.
Құтқарылған халықтың мадақтау әні
10Жаратқан Иеге қатты қуанам,
Құдайыма шаттанады жан дүнием,
Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,
Үстіме әділдікті де жауып берді!
Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті
Әшекейлі тәж басына киеді,
Қалыңдық асыл тастарын тағады,
Дәл солай мен де болдым салтанатты!
11Өскіндерді топырақ көктетеді,
Себілген дәндерді бақша өсіреді.
Ал енді Жаратушы Тәңір Ие
Әділдігі мен даңқты істерін де#61:11 Яки: Әділдігі мен мадақтауға лайық керемет істерін.
Барлық халықтардың көз алдарында
Шүбәсіз қаулатып шығарады да!
Currently Selected:
Ишая 61: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.