Ишая 58
58
Құдайға ұнамды ораза мен игі істер
1— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле! 2Олар Маған күнде сиынып, еркімді білуді қалағансиды, әрі әділдік жасайтын, Құдайының айтқандарына мойынсұнатын халық сияқты болып көрінеді. Осылай олар Құдай алдына келуді ұнатып, Менен әділ шешімдер өтініп, былай дейді: 3«Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік,#58:3 (Шеж2 7:14) Немесе: жанымызды соншама қинаған едік. Сен неге байқамадың?»
(Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар! 4Оразаларыңның аяғы ұрыс-талас, зұлым төбелеспен бітеді. Мұндай оразаларың мінажаттарыңды көкке жеткізбейді.#58:4 1:15; 59:2. 5Әлде пенденің кішіпейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін#58:5 Немесе: басын қамыстай иіп, азалы киім киіп күлге жайғасып отырған күнін. Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен ораза әрі Жаратқан Иені риза қылатын күн деп атауға бола ма?!
6Жоқ, Маған ұнайтын ораза мынадай: зұлымдықпен бұғауланғандардың кісендерін үзіп, құлдықтың шынжырларын шешу және зорлық көріп жатқандарды азат етіп, езгі атаулыны жойып жоқ қылу!#58:6 9:4; 61:1; Ерм 34:9. 7Сондай-ақ аштармен наныңды бөлісіп, қаңғырған кедейлерді үйіңе кіргіз! Киімге мұқтаждарға тап болсаң, киіндіріп, өзге пенделерге де қол ұшын беруден бас тартпа!»#58:7 (Пат2 5:1) Немесе: киіндіріп, қандастарыңа қол ұшын беруден бас тартпа!
8Сонда саған кенеттен таңғы шұғыладай нұр төгіліп, тез сауығатын боласың. Әділдігің#58:8 Немесе: Сені ақтайтын (Жаратқан Ие) (62:1). алдыңнан бастап, Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығы сені артыңнан қорғап жүретін болады.#58:8 52:12; Мыс 14:19. 9Сол кезде Оны шақырасың және Жаратқан Ие жауап береді. Көмек сұрап жалбарынғаныңда Ол: «Саған жар боламын!» деп сені жігерлендіреді.#58:9 30:19; 65:24; Жыр 33:16,18; 49:15; 90:14-16; Ерм 29:12.
«Араларыңнан езгі атаулыны алып тастаңдар, сырттай өсектеу мен тіл тигізуді де доғарыңдар! 10Қарны аштарға шынайы жанашырлық танытыңдар, әрі зорлық-зомбылық#58:10 Яки: азап. көргендерді жұбатып, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Сонда айналаларыңдағы қара түнекте Менің нұрым#58:10 Немесе: нұрың (яғни Жаратқан Иенің Сионға төккен нұры: 60:1). сәулесін шашып, рухани қараңғылықтарың тал түстей жап-жарық болады. 11Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп,#58:11 35:7; 49:10. денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар.#58:11 27:2; Ән 4:15. 12Халқың ежелде қираған мекендеріңді қайтадан салып, баяғы ұрпақтардан қалған негіздердің үстінен қалаларыңды қайта орнатады. Жұрт сендерді «Қираған қамалдарды қалпына келтіріп, жолдар мен үйлерді қайта салушылар»#58:12 61:4; Шеж2 32:1; 36:6,19. деп атайтын болады».
13Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Демалыс күнін#58:13 Яки: Сенбі күнін (56:2; Мыс 20:8-10). Маған бағыштап, берік ұстаныңдар! Бұл күні әдеттегі істеріңмен айналыспай, оны қадірлеп-қастерлеп, үлкен ғанибет деп өткізіңдер! Демалыс күні өз беттеріңмен жүрмеңдер, құмарлықтарыңды қандыру мен бос мылжыңнан да бас тартып, сол күнді толығымен Маған арнаңдар! 14Егер осылай істесеңдер, сонда рақаттарыңды Менен, Жаратқан Иеден, табасыңдар. Сендерге жердің биік қорғандарын#58:14 Яки: елдің таулы жерлерін. тездетіп иемденіп алуға мүмкіндік беремін.#58:14 Немесе: Сендердің даңқтарыңды жер жүзіне паш етемін. Өзім түп аталарың Жақыпқа#58:14 Жар 35:9-12. мұралық меншікке берген осы елдің өнімдерімен тойынатын боласыңдар». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Currently Selected:
Ишая 58: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.