Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Демалыс күнін Маған бағыштап, берік ұстаныңдар! Бұл күні әдеттегі істеріңмен айналыспай, оны қадірлеп-қастерлеп, үлкен ғанибет деп өткізіңдер! Демалыс күні өз беттеріңмен жүрмеңдер, құмарлықтарыңды қандыру мен бос мылжыңнан да бас тартып, сол күнді толығымен Маған арнаңдар! Егер осылай істесеңдер, сонда рақаттарыңды Менен, Жаратқан Иеден, табасыңдар. Сендерге жердің биік қорғандарын тездетіп иемденіп алуға мүмкіндік беремін. Өзім түп аталарың Жақыпқа мұралық меншікке берген осы елдің өнімдерімен тойынатын боласыңдар». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.