Хаққай 1
1
Киелі үйді қайтадан салу жайлы тапсырма
1Дарийдің#1:1 (Хүстаспес ұлы) Дарий: Езр 4:24; 5:1; Зәк 1:1. (парсы патшалығына) билік жүргізген екінші жылының алтыншы айының бірінші күні#1:1 Яғни б.з.д. 520 ж. 29-тамыз. Жаратқан Ие Яһуда аймағының әкімі Салатиел ұлы#1:1 Яғни Салатиелдің немересі (Шеж1 3:17-19; 6:15; Езр 1:8; 2:2; 3:2; Зәк 3:1; 6:11). Зоробабелге және бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаға#1:1 Езр 2:2; 3:8; Зәк 6:11. Өзінің Хаққай#1:1 1:3; Езр 5:1; 6:14. есімді пайғамбары арқылы сөзін арнап былай деді: 2«Әлемнің Иесі мынаны айтады: Бұл халық: «Жаратқан Иенің киелі үйін қайтадан салатын уақыт әлі келген жоқ!» деп жүр».
3Сондықтан Жаратқан Ие Хаққай пайғамбар арқылы тағы мына хабарын да жіберді: 4«Осы киелі үй әлі де қирап жатқанда сендерге іштері ағаш тақтайлармен қапталған сәулетті үйлерде#1:4 Ерм 22:14. тұратын уақыт па?!»
5Әлемнің Иесі енді мынаны айтады: «Істеген іс-әрекеттеріңе ден қойып, ойланып алыңдар! 6Сендер көп еккенмен аз жинайсыңдар, тамақ жегенмен қарындарың тоймайды, сусын ішкенмен шөлдерің қанбайды, киім кигенмен жылынбайсыңдар, жалақы алғанмен оларың тесік қалтаға кетіп жатқандай болады».
7Сол себепті Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Істейтін іс-әрекеттеріңе ден қойып, ойланып алыңдар! 8Тауға шығып, бөренелер тасып әкеліп, киелі үйді қайтадан салыңдар! Осылайша Мен риза болып, атақ-даңқым жайылады,#1:8 2:7; Ерм 13:11; Мыс 29:43; 33:18-19; 40:34. — деп бұйырады Жаратқан Ие. — 9Сендер мол өнім күткенмен, онысы аз болды. Ал үйлеріңе алып келгендеріңді Мен ұшырып жібердім. Неліктен? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Менің киелі үйім қирап жатқанда сендер әрқайсың өз үйлеріңді сәндеп салуға асыққандарың себепті! 10Сондықтан да аспанның шығы#1:10 Бұл өлкеде түнде түскен шық жауынның маңызды түрі болып табылады (Жар 27:28; Бил 6:37; Жыр 132:3; Дан 4:12; Ош 14:6; Зәк 8:12). әрі жердің өнімі сендерге берілмей келеді. 11Мен жерлеріңдегі дала мен қыратқа қуаңшылық жібердім. Соның кесірі астық, жүзім шырыны мен зәйтүн майына, жалпы, жер беретін өнімнің барлығына әрі адамдар мен малға да тиді. Содан сендердің істеген барша еңбектерің құр бекер болуда».
Халықтың киелі үйді қайта салу ісіне кірісуі
12Сонда Яһуданың әкімі Салатиел ұлы Зоробабел, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа және халықтың тірі қалғандарының барлығы олардың Құдайы Жаратқан Иенің Хаққай пайғамбар арқылы айтқандарына құлақ асты. Өйткені оны жіберген — олардың Құдайы Жаратқан Иенің Өзі болатын. Содан халық Жаратқан Иені терең қастерлей бастады.
13Мұнан кейін Жаратқан Иенің хабаршысы Хаққай халыққа Оның мына уәдесін жеткізді: «Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — дейді Жаратқан Ие». — 14Осылай Жаратқан Ие Яһуданың әкімі Зоробабелдің, бас діни қызметкер Ешуаның және қалған барлық халықтың рухын оятып, оларға қайрат-жігер дарытты. Сонда олар өздерінің Құдайы — Әлемнің Иесінің киелі үйіне барып, оны қайта салу жұмысына кірісті. 15Бұл, Дарийдің патшалық құрған екінші жылының алтыншы айының жиырма төртінші күні болатын.#1:15 Б.з.д. 520 ж. 21-қыркүйек.
Currently Selected:
Хаққай 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.