YouVersion Logo
Search Icon

Жаратылыстың баст. 36

36
Есаудың ұрпақтары
1Едом деп те аталатын Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау: 2Есау Қанахан елінде жергілікті үш қызға үйленді. Олардың аты-жөндері мынау: хеттік Елонның қызы Адах, Анахтың қызы, хевтік Сибеонның немересі Охолибама, 3бұлардан кейін Есау тағы Ысмағұлдың қызы, Набайоттың қарындасы Басематты да әйелдікке алды.#36:3 26:34; 28:8-9.
4Адах Есауға Елипазды, Басемат Рәгуелді, 5әрі Охолибама Егуш, Яғлом, Қорах есімді ұлдарды туып берді. Бұлар Есаудың Қанахан елінде дүниеге келген ұлдары.
6Есау әйелдерін, ұлдары мен қыздарын, үйіндегі барлық қызметшілерін, сонымен бірге бүкіл ірілі-ұсақты малдарын, Қанахан елінде тапқан барлық дүние-мүлкін алып, інісі Жақыптан бөлектеніп, басқа бір елге қоныс аударды. 7Ағайынды адамдардың мал-мүлкінің көптігі соншалықты, олардың бірігіп қоныстануына жағдай болмады. Олар жат жұрттық ретінде тұрып келген жер оларды малдарының көптігінен асырай алмады. 8Осылайша Есау, яғни Едом, Сейірдің таулы жеріне#36:8 32:3; 33:14. қоныс тепті.
9Сейірдің таулы жерін мекендеген едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау:
10Есаудың ұлдарының аттары: оның әйелі Адахтан Елипаз, ал әйелі Басематтан Рәгуел дүниеге келді.
11Елипаздың ұлдары Теман,#36:11 36:15; Әйүп 2:11; Ерм 49:7. Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ еді. 12Елипаздың кәнизагы Тимна оған Амалек атты ұл туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Адахтан тараған немерелері.
13Рәгуелдің ұлдары Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Бұлар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері.
14Есаудың кейінгі әйелі Охолибаманың оған сыйлаған ұлдарының аттары: Егуш, Яғлом, Қорах. Охолибама Анахтың қызы, Сибеонның немересі еді.
15Есаудың ұрпақтарының ішіндегі рубасылар: оның тұңғыш ұлы Елипаздың ұлдары — Теман, Омар, Сефо, Кеназ, 16Ғатам, Амалек. Едом елінде қоныстанған бұл рубасылар Елипаздың ұлдары, Есаудың Адахтан тараған немерелері еді.
17Есаудың ұлы Рәгуелдің ұлдары — Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Рәгуелден тараған осы рубасылар да Едом елін мекендеді. Олар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері болатын.
18Есаудың әйелі — Анах қызы Охолибаманың ұлдары Егуш, Яғлом және Қорах та кезінде рубасылар болды.
19Жоғарыда аталғандар Есаудың ұлдары әрі олардан тараған рубасылар. Есау Едом деп те аталады.
20Ал хорлық Сейірдің сол елде тұрған ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, 21Дишон, Езер, Дишан. Бұлар Сейірдің ұлдары әрі Едом жеріндегі хорлықтардың рубасылары болатын.
22Лотанның ұлдары: Хори мен Хемам, ал Тимна Лотанның қарындасы болатын.
23Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шефо, Онам.
24Сибеонның ұлдары: Аях пен Анах. Айдалада әкесінің есектерін бағып жүріп, ыстық су көздерін тапқан осы Анах болатын.
25Анахтың балалары: ұлы Дишон, қызы Охолибама.
26Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.
27Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Ақан.
28Дишанның ұлдары: Ус#36:28 10:23. пен Аран.
29Хорлықтардың рубасылары мыналар: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, 30Дишон, Езер, Дишан. Бұлар хорлықтардың Сейір жерін мекендеп, билейтін аймақтарына қарай бөлінген рубасылары болды.
Едомның патшалары
31Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда, Едом жерінде билік құрған патшалар мыналар:
32Беғор ұлы Бела Едомға патшалық құрды, тұрған қаласының аты Динхаба болатын. 33Бела дүние салғанда орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патша болды. 34Ол дүние салғанда орнына темандықтардың елінен келген Хушам патша болды. 35Хушам дүние салғанда Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол Моаб даласында мадияндықтарды жеңіп шықты. Хушамның тұрған қаласының аты Ауит болатын. 36Хадад дүние салғанда Масректен келген Самла патшалық құрды. 37Самла дүние салғанда Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патша болды. 38Саул дүние салғанда Ахбор ұлы Бағал-Ханан патша болды. 39Ахбор ұлы Бағал-Ханан дүние салғанда Хадар#36:39 Осы есім Хадад деп те дыбысталатын. патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау болатын. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб еді.
40Төмендегілер руларына, тұрған мекендеріне, өздеріне қойылған аттарына қарай бөлінген Есаудан тараған рубасылар: Тимна, Алуа, Етет, 41Охолибама, Ела, Пинон, 42Кеназ, Теман, Мипсар 43Магдиел, Ирам. Бұлар Едомнан шыққан, атамекендеріне қарай бөлінген рубасылар.
Едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағы туралы деректер осылар.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in