Езра 8
8
Езрамен бірге оралған әулет басшылары
1Артақсерікс патшаның кезінде Бабыл елінен менімен бірге Иерусалимге еріп келген әулет басшыларының есімдері мен олардың шыққан ата-тектері мыналар:
2Діни қызметкер Пінехестің ұрпақтарынан: Гершом.
Діни қызметкер Ітамардың#8:2 Мыс 6:23,25. ұрпақтарынан: Даниял.
Дәуіт патшаның тұқымынан шыққан 3Шеханияхтың ұрпақтарынан: Хатуш.#8:3 Шеж1 3:22; Нех 10:4.
Пароштың#8:3 2:3; Нех 10:14. ұрпақтарынан: Зәкәрия және онымен бірге тізімге тіркелген жүз елу ер адам.
4Пахат-Моабтың#8:4 2:6; 10:30; Нех 10:14. ұрпақтарынан: Зерахиях ұлы Елиехонай және онымен бірге екі жүз ер адам.
5(Заттудың#8:5 10:27; Нех 10:14. ұрпақтарынан:) Яхазиел ұлы Шеханиях және онымен бірге үш жүз ер адам.
6Адиннің#8:6 2:15; Нех 10:16. ұрпақтарынан: Жонатан ұлы Ебед және онымен бірге елу ер адам.
7Еламның#8:7 2:7,31; 10:2,26; Нех 7:12,34; 10:14; 12:42. ұрпақтарынан: Аталиях ұлы Ишая және онымен бірге жетпіс ер адам.
8Шафатияхтың#8:8 2:4,57; Нех 7:9,59; 11:4; Ерм 38:1. ұрпақтарынан: Михайл ұлы Забадиях және онымен бірге сексен ер адам.
9Жоғабтың#8:9 2:6; Нех 7:11. ұрпақтарынан: Ехиел ұлы Абадиях және онымен бірге екі жүз он сегіз ер адам.
10Банидың#8:10 2:10; 10:29; Нех 3:17; 8:7; 9:4; 10:13. ұрпақтарынан: Жосифиях ұлы Шеломит және онымен бірге жүз алпыс ер адам.
11Бебайдың#8:11 2:11; 10:28; Нех 7:16; 10:15. ұрпақтарынан: Бебай ұлы Зәкәрия және онымен бірге жиырма сегіз ер адам.
12Азғадтың#8:12 2:12; Нех 7:17; 10:15. ұрпақтарынан: Хақатан ұлы Жоханан және онымен бірге жүз он ер адам.
13Адониқамның#8:13 2:13; Нех 7:18. ұрпақтарының арасынан ең соңғы қайта оралғандардың есімдері: Әлипәлет, Еуел, Шемаях және олармен бірге алпыс ер адам.
14Бигуайдың ұрпақтарынан: Утай мен Зақур#8:14 Бигуай: 2:2,14; Нех 7:7,19; 10:16. Зақур: осы есімнің Забуд деген түрі де бар. және олармен бірге жетпіс ер адам.
Аялдаған көшке ғибадатхана қызметшілерінің қосылуы
15Сапарға шығарда мен, Езра, осы айтылып өткен исраилдіктерді Аһауаға қарай ағатын өзен тармағының қасына жинадым. Сол жерде біз үш күн қондық. Мен діни қызметкерлерді және басқа адамдарды түгендеп шығып, олардың арасынан бірде-бір леуілік көмекшіні#8:15 Леуіліктер діни қызметкерлердің көмекшілері болып Құдайдың киелі үйіндегі белгілі міндеттерді атқаруға тағайындалған еді (2:40-42; 3:8-11; 6:18,20; Рул 1:53; 3:6-9). таппадым. 16Сонда мен Елиезер, Ариел, Шемаях, Елнатан, Жарип, Елнатан, Натан, Зәкәрия, Мешулам есімді әулет басшыларын әрі Жояриб пен Елнатан есімді екі ғұламаны қасыма шақырып алдым. 17Оларды Қасипиях деген жердің басшысы Иддоға жолдадым. Оған және оның Қасипияхтағы леуілік руластарына әрі бұрын Иерусалимдегі ғибадатхананың қызметшілері#8:17 Олар гибеондықтардың ұрпақтары болған шығар (Еш 9:27). болғандарға бізге Құдайымыздың киелі үйінде қызмет ететін адамдарды жіберсін деп айтуды тапсырдым.
18Құдай бізді шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан,#8:18 (7:6,9) Яки: Құдайдың (құдіретті де жарылқайтын) қолы үстімізде болғандықтан. олар қайтқанда бір өте қабілетті ғалымды өзінің ұлдары және ағайындарымен бірге, барлығы он сегіз адамды, ертіп алып келді. Ғалымның есімі Шеребиях еді. Ол Исраил ұлы Леуіден тараған Мәхлидің#8:18 Рул 3:20; 26:58. ұрпағы болатын. 19Сондай-ақ, Хашабиях және онымен бірге Мераридің ұрпағы#8:19 Рул 3:17; 26:57. Ишая өзінің бауырлары және олардың ұлдарымен, барлығы жиырма адам да келді. 20Олар ғибадатхана қызметшілерінің екі жүз жиырма ұрпағын да ертіп алып келді. Бұлардың ата-бабаларын кезінде Дәуіт патша және әміршілер леуіліктерді діни қызметтерінде қолдауға тағайындаған болатын. Жаңадан қосылғандардың бәрі де аты-жөндері бойынша тіркеліп, тізімге енгізілді.
Сапарға шықпастан бұрынғы мінажат
21Мұнан кейін мен сол жерде, Аһауадағы өзен тармағының жағасында, барлығымызды Құдайымыздың алдында мойынсұнып, ораза ұстауға шақырдым. Осылай біз Құдайдан өзіміз бен бала-шағамыз және барша мал-мүлкіміз үшін оң сапар сыйлауын сұрап мінажат еттік.
22Өйткені мен патшадан бізді жол жүріп бара жатқанда дұшпандардан қорғайтын жасақшылар мен атты әскер сұраудан ұялған едім. Қайта, біз патшаға: «Құдайымыз Өзіне бет бұрып, сиынатындардың бәрін шапағатты мейірімімен жарылқайды. Ал Өзін елемей кеткендердің бәріне қаһарланып, құдіретімен жазалайды», — деп айтқан едік. 23Сондықтан біз ораза ұстап Құдайдан осыны жалбарына сұрадық. Ол біздің өтінішімізге құлақ түрді де.
Ғибадатханаға арналған сый-тартулар
24Содан соң мен аға діни қызметкерлердің он екісін, Шеребиях пен Хашабияхты және солардың он леуілік қызметтесін де таңдап алдым.#8:24 8:18-19; Рул 3:8,31; 4:5-23. 25Оларға патшаның, оның кеңесшілері мен әміршілерінің және Бабыл аймағында тұрған барлық исраилдіктердің біздің Құдайымыздың киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын: алтын-күмісті және бұйымдарды#8:25 7:15-16. таразыға тартып өлшеп бердім. 26Осылайша оларға алты жүз елу ат басындай күміс, әрқайсысының салмағы екі ат басындай бір жүз күміс бұйымдар,#8:26 Немесе: салмағы жүз ат басындай күміс бұйымдар. бір жүз ат басындай алтын, 27құны бір мың алтын теңге#8:27 Яки: персиялық дарик не грек драхмасы (2:69; Шеж1 29:7). болатын жиырма алтын тостаған және құны алтынмен бірдей жылтыратылған қоладан жасалған екі бұйымды сеніп тапсырдым.
28Оларға былай дедім: «Өздерің Жаратқан Иеге бағышталғансыңдар, осы бұйымдар да Оған бағышталған. Мына алтын-күміс — ата-бабаларымыз сиынған Құдай Иеге арналған ерікті тартулар. 29Өздеріңе сеніп тапсырылғанды мұқият қадағалап сақтаңдар! Кейін оны Иерусалимде, Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі бөлмелерінде діни қызметкерлер, леуіліктер және Исраил әулеттерінің басшыларының алдында таразыға тартып табыстайсыңдар».
30Осылайша діни қызметкерлер мен леуіліктер Құдайымыздың Иерусалимдегі киелі үйіне апарып жеткізу үшін таразыға тартылып, өлшенген сол алтын-күмісті және сол бұйымдарды өзара бөлісіп алды.
Көштің Иерусалимге бет алып, қалаға жетуі
31Содан біз бірінші айдың он екінші күні#8:31 Б.з.д. 458 ж. 19-сәуір. Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады.
32Иерусалимге жеткен соң сонда үш күн тынықтық. 33Төртінші күні біз әкелген алтын-күміс пен арнайы бұйымдар Құдайымыздың киелі үйінде таразымен өлшеніп, діни қызметкер Ұрия ұлы Меремоттың қолына тапсырылды. Оның қасында Пінехес ұлы Елазар тұрды. Сондай-ақ, Ешуа ұлы Жозабад пен Бинуй ұлы Ноғадиях атты леуіліктер де сол жерде болды. 34Әкелінген заттардың барлығы таразыға тартылып, жалпы салмағы мен сандары анықталған соң дереу тіркеліп жазылып қойылды.
35Бабылға жер аударылудан қайта оралғандар осыдан кейін Исраилдің сиынатын Құдайына арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынды: бүкіл Исраил халқы үшін он екі жас бұқа, сонымен қатар тоқсан алты қошқар мен жетпіс жеті еркек тоқты шалынды. Ал күнәнің құнын өтеу үшін он екі теке де құрбандыққа ұсынылды. Бұлардың бәрі Жаратқан Иеге арналған шалынып, өртелетін құрбандықтар болды.
36Оралмандар патшаның жарлықтарын оның Батыс Евфрат өлкесіндегі әміршілеріне және ондағы аймақ әміршілеріне табыстады. Осылай солар да Исраил халқын және Құдайдың үйін қолдап, көмектесетін болды.
Currently Selected:
Езра 8: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.