Өйткені мен патшадан бізді жол жүріп бара жатқанда дұшпандардан қорғайтын жасақшылар мен атты әскер сұраудан ұялған едім. Қайта, біз патшаға: «Құдайымыз Өзіне бет бұрып, сиынатындардың бәрін шапағатты мейірімімен жарылқайды. Ал Өзін елемей кеткендердің бәріне қаһарланып, құдіретімен жазалайды», — деп айтқан едік. Сондықтан біз ораза ұстап Құдайдан осыны жалбарына сұрадық. Ол біздің өтінішімізге құлақ түрді де.