Езра 7
7
Дін мұғалімі Езра бастаған оралмандар көші
1Осы жайттардан едәуір уақыт өткеннен кейін,#7:1 Б.з.д. 458 ж. шамасында, яғни шамамен алпыс жылдан кейін. парсы патшасы Артақсерікстің заманында, Езра#7:1 (Нех 8:1) Езра Ұзайыр (яки Узайр) пайғамбар деп те аталады. есімді адам Бабыл елінен Иерусалимге келіп жетті. Оның шыққан ата-тегі мынау: Езра Сераяхтың ұлы еді, ал Сераях Азарияхтан, Азариях Хелкиядан, 2Хелкия Шаллумнан, Шаллум Садықтан, Садық Ахитұбтан, 3Ахитұб Амарияхтан, Амариях Азарияхтан, Азариях Мерайоттан, 4Мерайот Зерахияхтан, Зерахиях Ұззиден, Ұззи Букиден, 5Буки Абишуадан, Абишуа Пінехестен, Пінехес Елазардан шыққан еді. Елазар алғашқы бас діни қызметкер Һаронның ұлы болатын.#7:5 Мыс 28:1; Рул 25:11; Шеж1 6:50-54.
6Осы Езра Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Мұса пайғамбар арқылы берген Таурат заңын жетік білетін дін мұғалімі еді.#7:6 7:10; Нех 8:1; Мыс 24:12; Заң 1:5; Пат4 22:8; 23:25. Езра Бабылдан Иерусалимге өрлеп көшіп барды. Құдай Иесі Езраны шапағатты мейірімімен жарылқап, оған жар болғандықтан,#7:6 (7:9,28; Заң 4:34; Пат3 18:46; Пат4 3:15; Жыр 117:13-16; Езк 20:33-34) Яки: Құдайы Жаратқан Иенің (құдіретті де жарылқайтын) қолы үстінде болғандықтан. парсы патшасы оны сұрағандарының бәрімен қамтамасыз еткен болатын. 7Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер, ғибадатхана әншілері, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері бар бір топ исраилдіктер де Езрамен бірге Иерусалимге қайта оралды. Бұл парсы патшасы Артақсерікстің билік жүргізген жетінші жылы болды.
8Осылай Езра оларды ертіп Иерусалимге сол жетінші жылдың бесінші айында келді. 9Ол Бабыл елінен бірінші айдың бірінші күні жолға шыққан болатын. Өзі сиынатын Құдай құдіретті қолын созып, шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, Езра оралмандар көшін бастап бесінші айдың бірінші күні аман-есен Иерусалимге жетті.#7:9 8:31.
10Езра өзін Жаратқан Иенің Таурат заңын оқып-зерттеуге, орындауға және оның ережелері мен шешімдерін Исраил елінде үйретуге шын жүректен бағыштаған болатын.
Артақсерікс патшаның Езраға табыстаған рұқсат құжаты
11Артақсерікс патшаның Жаратқан Иенің Исраилге берген өсиеттері мен ережелеріне байланысты мәселелерді жетік білетін діни қызметкер және дін мұғалімі Езраға табыстаған рұқсат құжатының көшірмесі мынау:
12«Патшалардың патшасы Артақсерікстен көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езраға сәлем.
13Мен мынаны бұйырамын: Патшалығымдағы Исраил халқына жататын кез келген адамдардың, діни қызметкерлер мен өзге леуіліктердің Иерусалимге көшіп баратын ниеттері болса, олардың саған еріп баруларына болады. 14Патша және оның жеті кеңесшісі#7:14 7:15,28; 8:25; Ест 1:14. сені Құдайың бұйырған, өзіңнің қолыңда бар заңның#7:14 Яғни Таурат заңының (7:6,10; 10:3). Яһуда мен Иерусалимде қалай орындалып жатқандығы туралы тексеріс жасауға жіберіп отыр.
15Сонымен қатар патша және оның кеңесшілері (жер бетіндегі) тұрағы Иерусалимде болатын Исраилдің Құдайына арнап өздері ұсынған ерікті алтын-күміс тартуларын да сол жерге апаруың керек. 16Сен бүкіл Бабыл аймағындағылардан қабылдайтын алтын-күмістің бәрін, әрі халық пен діни қызметкерлердің Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын да сол жаққа апарып жеткізуің қажет.
17Өзіңе тапсырылған сол қаражатқа құрбандыққа шалу үшін бұқаларды, қошқарлар мен тоқтыларды және соларға тиісті астық-сұйық тартулары үшін астық пен шарапты міндетті түрде сатып ал. Оларды өз Құдайыңның Иерусалимдегі киелі үйіндегі құрбандық үстелінде ұсынып тарту ет!
18Ал алтын-күмістің қалған бөлігін ағайындарың — яһудилермен бірге ең тиімді деп тапқандарың бойынша жұмсауға еріктісіңдер. Мұны өздерің сиынатын Құдайдың қалауына сай істеңдер!
19Бұған қоса, Құдайыңның киелі үйіндегі қызметке арналған, өзіңе сеніп тапсырылған бұйымдарды да Иерусалимдегі Құдайдың алдына апарып жеткіз. 20Құдайыңның киелі үйіне керекті, өзің қамтамасыз етуге міндетті басқа да кез келген нәрселерді патшаның қазынасынан сұрап ала аласың.
21Сонымен менің, Артақсерікс патшаның, бұйрығым мынау:
Батыс Евфрат өлкесіндегі барлық қазынашыларға әмір етемін: Көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езра сендерден не сұраса да, бәрін еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болыңдар! 22Күмісті жүз ат басындайға дейін, астықты жүз қапқа дейін, шарап пен зәйтүн майының әрқайсысын жүз күбіге#7:22 Ат басындай: яки талант (шамамен 34 кг). Қап: яки кор (шамамен 220 л). Күбі: яки бат (шамамен 220 л). дейін, ал тұзды еш шектеусіз берулеріңе болады. 23Көктегі Құдай Өзінің киелі үйіне арнап нені әмір еткен болса да, сол іждағатпен орындалсын. Әйтпесе патша мен оның ұлдарының патшалығына қарсы Құдайдың қаһарын лаулатып не бар?
24Сендер тағы мынаны да білуге тиіссіңдер: сендерге күллі діни қызметкерлерден, леуіліктерден, ғибадатхана әншілерінен, қақпа күзетшілерінен және ғибадатхана қызметшілерінен, жалпы, Құдайдың киелі үйінің барлық қызметшілерінен алым-салық пен кеден салығын алуға және міндетті жұмысқа салуға тиым салынған.
25Сен, Езра, Құдайыңның өзіңе берген ақыл-даналығымен Батыс Евфрат өлкесіндегі халықтың арасында пайда болатын дау-жанжалдарды шешетін, өзің сиынатын Құдайдың заңдарын білетін барлық әкімдер мен төрешілерді тағайында. Ал Оның заңдарын білмейтіндері болса, оларға өзің үйрет. 26Өзіңнің Құдайыңның заңына және патшаның заңына мойынсұнбайтындар болса, оларды міндетті түрде қатаң жазалап отыр. Жазаның түрлері мынадай бола алады: өлім жазасы, жер аудару, мал-мүлкін тәркілеу,#7:26 Яки: мал-мүлкін еріксіз мемлекет пайдасына алу. түрмеге қамау».
27Осындай кереметті істеген Жаратқан Ие мадақталсын! Ол — ата-бабаларымыздың Құдайы Өзінің Иерусалимдегі ғибадатханасын безендіріп көркемдеуге деген құлшынысты патшаның жүрегіне салған болатын. 28Жаратқан Ие патшаның, оның кеңесшілерінің және патшаның барлық қуатты әміршілерінің алдында да маған деген Өзінің берік рақымын көрсетті. Құдай Ием мені шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан,#7:28 7:6,9. жігерлендім. Содан өзіме еріп Иерусалимге өрлеп баратын біршама исраилдік басшыларды жаныма жинап алдым.
Currently Selected:
Езра 7: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.