YouVersion Logo
Search Icon

Езра 6

6
Дарий патшаның Кирдің жарлығын бекітуі
1Сонда Дарий патша бұйрық беріп, Бабыл патшалығындағы қазына қоймаларында сақталған мұрағаттарға іздеу салғызды. 2Содан Мидия аймағының астанасы Екбатанадағы#6:2 Сол заманда парсы патшалығының төрт астанасы: Персеполис, Екбатана, Сузы, Бабыл болды (4:9; Нех 1:1; Ест 1:1). Екбатана қазіргі Ирандағы Хамадан қаласының жерінде орналасқан. қорғаннан төмендегідей жазуы бар бір кітап#6:2 Яки: шиыршық кітап (Рул 5:23; Заң 17:18). табылды:
«Ескерілуге тиісті құжат.
3Кир патша өзінің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйі туралы мына жарлықты шығарды: Сол ғимарат құрбандықтар шалынып ұсынылатын орын ретінде қайтадан салынсын. Оның негізі қаластырылып, үйдің биіктігі мен ені алпыс шынтақтан#6:3 Шамамен 27 м. (Салыстыр. Пат3 6:2.) аспасын. 4Қашалған тастардан қаланған үш қатарға жаңа бөренелерден қаланған бір қатар келетін болуы керек.#6:4 Пат3 6:36; 7:12. Шығындар патшаның есебінен төленсін. 5Сондай-ақ, Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан олжалап, Бабылға әкеткен алтын-күміс бұйымдар Иерусалимге қайтарылып, ғибадатханадағы өз орындарына апарылсын. Сен оларды Құдайдың киелі үйіне сақтап қоясың».#6:5 Соңғы тапсырма аймақ әкімі Шешбасарға арналған еді (1:7-8; 5:15).
6Сонымен Дарий патша мынадай бұйрық хат жолдады:
«Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және сендердің қызметтестерің — сол өлкедегі қызметкерлер: сендер бұл мәселеге араласпаңдар! 7Құдайдың киелі үйінің құрылысына кедергі келтірмеңдер! Яһуди әміршісі мен ақсақалдарына Құдайдың осы үйін өзінің бұрынғы орнына қайта салуларына жол беріңдер! 8Бұған қоса яһудилердің ақсақалдарына Құдайдың үйін салуға көмек ретінде сендер істеуге тиісті нәрселер туралы бұйрық мынау:
Жұмыс тоқтап қалмауы үшін олардың шығындары патшаның есебінен, яғни Батыс Евфрат өлкесінің патшаға төлейтін алым-салықтарының есебінен, толығымен өтелсін! 9Оларға керектінің бәрі: көктегі Құдайға арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсыну үшін жас бұқалар, қошқарлар, тоқтылар, әрі Иерусалимдегі діни қызметкерлердің сұрағандарына сай астық, тұз, шарап және зәйтүн майы оларға ешбір кідіріссіз күн сайын беріліп отыратын болсын. 10Сонда олар көктегі Құдайға ұнамды құрбандықтарды шалып,#6:10 Леу 1:2-3,9,13,17; 2:2,9; 3:5,16. патшаның және оның ұлдарының амандығы үшін сиынып дұға ете алады.
11Тағы мынаны әмір етемін: Кімде-кім осы жарлықты өзгертетін болса, оның үйінен бір бөрене суырылып алынсын. Бөрененің бір ұшы үшкірленіп, қылмыскердің денесі соған қадалсын. Ал оның үйі күл-қоқыстың үймегіне айналдырылсын.#6:11 Немесе: Оның үйі тәркіленсін (7:26; Ест 7:10; 8:1; Дан 2:5,29).
12Осы жарлықты өзгертуге немесе Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйін қиратуға әрекет еткен әрбір патша не халықты өз есімін сол жерде орнатқан Құдай жазалай көрсін! Мен, Дарий патша, осы жарлықты шығардым. Жарлық мұқият жүзеге асырылсын!»
Салынып біткен киелі үйдің Құдайға бағышталуы
13Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері Дарий патшаның жарлығында айтылғандарды мұқият жүзеге асырды. 14Содан Яһуди ақсақалдары Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия оларға жеткізген Құдайдың хабарларынан жігер алып, құрылысты жалғастырып, табысты болды. Осылай олар Исраилдің Құдайының еркімен және парсы патшалары Кир, Дарий, Артақсерікстің жарлықтары бойынша киелі үйді қайта салып бітірді.
15Киелі үй Дарий патшаның билік құрған алтыншы жылының адар айының үшінші күні#6:15 Б.з.д. 545 ж. 15-наурыз. салынып бітті. 16Сонда Исраилдің бүкіл халқы: діни қызметкерлер, леуіліктер және Бабылға жер аударылудан қайта оралғандардың бәрі де жиналып, Құдайдың киелі үйін Оған зор қуанышпен бағыштады.#6:16 Пат3 8:63. 17Олар Құдай үйінің бағышталу рәсіміне арнап бір жүз жас бұқа, екі жүз қошқар, төрт жүз тоқты шалды. Сонымен қатар олар бүкіл Исраил халқы үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде Исраил руларының санына сәйкес етіп он екі теке шалып ұсынды. Осылай әр ру үшін бір текеден құрбандыққа шалынды.#6:17 Леу 4:1-5:13; Рул 7:87; Шеж2 29:20-24.
18Содан соң Құдайға Иерусалимде қызмет ете алулары үшін діни қызметкерлер топтарға бөлініп, леуіліктердің де өз топтары бойынша қызмет ету кезектері тағайындалды. Бұл, Мұса арқылы берілген Таурат кітабында жазылғандарға сай істелінді.#6:18 Рул 3:5-10; 8:9-11; 18:1-7; Шеж1 24:1,19,30-31; Шеж2 35:4.
Құтқарылу мейрамын өткізу
19Бірінші айдың он төртінші күні#6:19 Б.з.д. 516 ж. 21-сәуір шамасында (Рул 9:1-3). жер аударылудан қайта оралғандар Құтқарылу мейрамын#6:19 Мыс 12:3-6; Шеж2 30:1. өткізді. 20Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды.#6:20 Рул 19:1-22; Шеж2 30:17. 21Жер аударылудан қайта оралған исраилдіктер де, басқа ұлттардың Құдайдың халқына қосылғандары да құрбандық тоқтылардың етін жеді. Осы қосылғандар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге мойынсұнып, елде тұрып жатқан жат ұлттардың арам істерінен#6:21 9:1,10-11. бас тартып, бөлініп шыққандар еді.
22Исраилдіктер Ашымаған нан мейрамын жеті күн бойы шаттана тойлады.#6:22 Мыс 12:17-19. Өйткені Жаратқан Ие оларды зор қуанышқа кенелтті. Оның Өзі Ассурға билік еткен парсы патшасының исраилдіктерге деген көзқарасын өзгерткен болатын. Содан бұл патша оларға Исраилдің сиынатын Құдайының киелі үйін қайтадан салуға тіпті қолдау да көрсеткен еді.

Currently Selected:

Езра 6: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in