YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 47

47
Киелі үйден ағып шыққан қасиетті де шипалы бұлақ
1(Мен көрген көріністе) әлгі хабаршы#47:1 Яки кісі (40:3). мені киелі үйдің кіреберісіне#47:1 41:1. қайтадан алып барды. Міне, киелі үйдің табалдырығының астынан су шығып ағып жатыр екен!#47:1 Жыр 35:9; 45:5; Жое 3:18; Зәк 13:1; 14:8; Аян 22:1. Су шығысқа қарай ағып жатты, өйткені киелі үй шығыс жаққа қарай орналасқан. Содан бұлақ үйдің және құрбандық үстелінің оңтүстік жағынан өтіп шықты. 2Мұнан кейін хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы алып шықты да, сырт жақпен айналып барып, шығысқа қарап тұрған сыртқы қақпаға апарды. Міне, су ағыны қақпаның оңтүстік жағынан өтіп ағып жатты.
3Әлгі хабаршы мені ертіп алып, қолындағы өлшеуіш жібімен су ағынының бойымен шығысқа қарай жүрді де, мың шынтақ қашықтықты өлшеді. Сол жерде мені су ағынынан өткізді. Су толарсағымнан келді. 4Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшеп алды да, мені тіземнен келіп тұрған ағынды судан өткізді. Ол қайтадан бір мың шынтақты өлшеп алып, енді мені белуардан келетін судан өткізді. 5Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшегенде, ендігі су ағыны мен кешіп өте алмайтындай терең болды. Өйткені су көтеріліп, адам жүзіп өтпесе, кешіп өте алмайтын тасқынды өзенге айналыпты. 6Хабаршы менен: «Пенде, мынаны байқап тұрсың ба?» — деп сұрады.
Мұнан кейін мені қайтадан өзеннің жағасына ертіп шығарды. 7Мен сол жерге қайтып келгенде, міне, өзеннің екі жағында да көптеген ағаштардың өсіп тұрғанын көрдім.
8Хабаршы маған былай деп түсіндірді: «Мына су шығыс жаққа қарай ағып, Иордан өзенінің алқабына құлдилайды да, сол жерде Өлі теңізге#47:8 Яки: Тұзды теңізге (Заң 3:17; Еш 3:16; Иш 25:6; 41:17-19; 44:3). құяды. Өзен суы сол теңізге құйған бойда, оның суы тұщы болып шыға келеді. 9Өзен қай жермен ақса, сонда аң-құстар мен өзге де тірі жануарлар қаптап кетеді. Өлі теңізде балық та өте мол болады, өйткені өзен ағысы ащы суды тұщытады. Өзен аққан жерлердің бәрінде өмір өркендейді. 10Бүкіл жағалауда балықшылар тұратын болады. (Теңіздің батыс жағасындағы) Ен-Гедиден (шығыс жағасындағы) Ен-Әглаимге дейінгі аралық балықшылардың балық аулап, торларын кептіретін жері болады. Осы теңіздегі балықтың түрлері Жерорта теңізіндегілер сияқты өте көп болады. 11Ал батпақтар мен шалшық сулар тұщымайды, олар тұз көзі болып қала береді.
12Өзеннің екі жағасында да әр түрлі жеміс ағаштары өсетін болады. Олардың жапырақтары еш қурамайды, жемістері де таусылмайды. Киелі орыннан шыққан су оларға ағып келетіндіктен, сол ағаштар әр ай сайын жеміс беріп тұратын болады. Олардың жемістері халыққа тамақ, жапырақтары дәрі-дәрмек болады».#47:12 47:7; Жыр 1:3; Ерм 17:7-8; Зәк 4:3,6,14; Аян 22:2.
Елдің жаңа шекаралары
13Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Елдің жерін мына шекаралар бойынша Исраилдің он екі руына бөліп, иемденуге#47:13 45:1; Рул 34:1-12; Еш 14:1,5. (Патшалар қызметкерлеріне еткен қызметтері үшін жер үлестерін пайдалануға табыстағандай, Құдай Өзінің халқына мекендейтін жерін табыстады: 33:25; 46:17; Рул 23:21; Заң 32:8-9; 33:5; Бил 8:23; Иш 49:8.) беріңдер! Жүсіптің ұрпақтарына екі үлес тиюі керек.#47:13 Жүсіпке тұңғыштық жолы беріліп, оның екі ұлы Ефрем мен Манасаға бір-бір үлестен тиді (48:4-5; Жар 48:5,15-16; 49:26). 14Қалған жер өзге рулардың арасында тең бөлінсін. Мен сендердің ата-бабаларыңа салтанатты түрде ант еткендігімнен, бұл жер сендердің мұралық меншіктерің болады.#47:14 20:6; Жар 12:7; 13:14-17; 17:8-9; 26:3; 28:13.
15Елдің шекаралары мынадай болады:#47:15 Рул 34:1-12. Солтүстік жақтан ол Жерорта теңізінен Хетлон жолы арқылы, Лебо-Хаматтың қасымен Седад, 16Берот, Сибраим қалаларына дейін, одан әрі Ауранның шекарасындағы Хасар-Тихонға дейін созылады. Ал Сибраим Дамаск пен Хамат патшалықтарының арасындағы шекарада орналасқан. 17Сонымен Жерорта теңізінен шекара Дамаскінің солтүстік шекарасындағы Хасар-Енан қаласына дейін созылады. Хасар-Енанның солтүстік жағында Хаматтың шекарасы бар. Елдің солтүстік шекарасы осы болады.
18Шығыс жақтағы шекара Ауран мен Дамаскінің арасында басталып, Ғилақад пен Исраилдің елдерінің арасында жатқан Иордан өзенінің бойымен жүре отырып, Шығыс теңізге,#47:18 Яғни бұрынғы Өлі теңізге (47:8). одан әрмен Тамарға дейін жетеді. Елдің шығыс шекарасы осы болады.
19Оңтүстіктегі шекара Тамардан#47:19 (Хасасон-)Тамар Ен-Геді деп те аталды (Шеж2 20:2). Қадештің маңайындағы Меріба суына#47:19 Рул 20:1,13. дейін ұласады да, одан Мысырдың шетіндегі өзен аңғарының бойымен Жерорта теңізіне дейін жетеді.#47:19 48:28. Елдің оңтүстік шекарасы осы болады.
20Батыс шекара Жерорта теңізін бойлай отырып, Лебо-Хаматқа қарама-қарсы жерге дейін созылады. Елдің батыс шекарасы осы болады.#47:20 Пат4 14:25.
21Сендер осы аталған шекаралардың ішіндегі жерді Исраилдің рулары бойынша өзара бөлісіп алыңдар! 22Бұл жерді сендер араларыңда қоныстанып, ұрпақ сүйген жат жұрттықтармен бірге#47:22 22:7; Леу 19:34; Рул 9:14; 15:15. мұралық меншік етіп бөлісіп алуларың керек. Мұндай жат жұрттықтарға жергілікті исраилдіктер ретінде қараңдар! Өздеріңмен бірге оларға да Исраил руларының арасынан бірдей үлес тиюге тиіс.#47:22 Иш 56:3,6-8. 23Жат жұрттық қай рудың жерінде қоныстанса, оған мұралық меншігін сол жерден беріңдер!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны бұйырады.

Currently Selected:

Езекиел 47: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in