YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 41

41
Киелі үйдің өлшемдері
1Содан соң хабаршы мені киелі үйдің қасиетті бөлмесіне#41:1 41:23. алып барды. Соның кіреберісінің екі жағындағы шығыңқы қабырғаларды өлшеді. Олардың қалыңдығы алты шынтақ құрады. 2Кіреберістің ені он шынтақ, ал оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені бес шынтақтан болды. Хабаршы киелі үйдің қасиетті бөлмесін өлшегенде, оның ұзындығы қырық шынтақ, ені жиырма шынтақ екен.
3Содан соң ол ең қасиетті бөлмеге кірді де, оның кіреберістегі шығыңқы қабырғаларын өлшеді. Солардың әрқайсысының ені екі шынтақтан болды. Кіреберістің өз ені алты шынтақ, оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені жеті шынтақтан болды. 4Содан соң хабаршы қасиетті бөлменің арғы жағындағы бөлменің ені мен ұзындығын өлшеді. Екеуі де жиырма шынтақтан екен. Хабаршы маған: «Бұл — ең қасиетті бөлме», — деп түсіндірді.
5Кейін хабаршы киелі үйдің қабырғасын өлшеді. Соның қалыңдығы алты шынтақ екен. Киелі үйдің екі бүйірі мен арт жағын жапсарлай салынған қосалқы бөлмелердің#41:5 (Пат3 6:5-6,8) Яки: бүйір бөлмелердің. әрқайсысының ені төрт шынтақтан болды. 6Осы бөлмелер бірінің үстіне бірі, үш қабат етіліп салыныпты. Әр қабатта отыз бөлмеден болды.#41:6 Олар қойма мен қазынаға арналған шығар (Пат3 7:51; Шеж2 31:11-12; Нех 13:12; Мал 3:10). Қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелерінің тіреліп тұрулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салыныпты.#41:6 Немесе: Қосалқы бөлмелер тірелетін шығыңқы бағаналар салыныпты. Ал қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелері киелі үйдің қабырғаларына кіріп тұрмады. 7Осылайша жоғарғы бөлмелер өздерінің астында орналасқан бөлмелерден кеңірек болды. Жоғарғы бөлмелерді көтеріп тұратын төменгі бөлмелер қабаты жоғарылаған сайын кеңейе түседі, себебі киелі үйдің қабырғалары кертпештеніп құрылды. Бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабатқа да көтерілуге болатын еді. 8Мен киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелердің бір негіздің үстінде тұрғанын көрдім. Негіз бір саты көтеріңкі тегіс жатты. Оның биіктігі бір өлшеуіш таяқ, демек алты шынтақ,#41:8 40:5. болды. 9Қосалқы бөлмелердің сыртқы қабырғасының қалыңдығы бес шынтақ екен.
Киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелер мен 10діни қызметкерлердің бөлмелерінің арасындағы ашық алаңқайдың ені жиырма шынтақ болды. Бұл алаңқай бүкіл киелі үйді айналдыра жатты. 11Қосалқы бөлмелерге осы ашық алаңқайдан солтүстік және оңтүстік жақтан кіруге болатын. Ашық алаңқаймен шектесіп тұрған негіздің ені барлық жағынан бес шынтақты құрады.
12Киелі үйдің ауласының батыс жағында орналасқан ғимараттың ені жетпіс шынтақ еді. Ғимараттың қабырғасының қалыңдығы барлық жерінде бес шынтақ, ал ғимараттың ұзындығы тоқсан шынтақ болды.
13Бұдан соң хабаршы киелі үйдің сыртын өлшеді. Соның ұзындығы жүз шынтақ, алдындағы ауланың және қабырғаларымен бірге өлшенген ғимараттың жалпы ұзындығы жүз шынтақ болып шықты. 14Киелі үйдің алдындағы алаңқайды қосқанда оның шығыс жағындағы ауланың#41:14 40:47. ені жүз шынтақты құрады. 15Содан соң әлгі хабаршы киелі үйдің артындағы аулаға қарайтын ғимараттың ұзындығын өлшеді, ол жүз шынтақ болды. Сол ғимараттың екі жағынан қосалқы бөлмелер шығып тұрды.
Киелі үйдің ішкі көркемделуі әрі жабдықталуы
Киелі үйдің қасиетті бөлмесі, ең қасиетті бөлмесі және аулаға қарап тұрған бағаналы кіреберісі 16ағаш тақтайлармен қапталған еді. Осы үшеуінің айналасындағы табалдырықтар, терезелер және қосалқы бөлмелер де табалдырықтан бастап жоғарыға қарай терезелерге дейін ағаш тақтайлармен қапталған екен. Терезелердің алдында кереге көз іспетті торлар орналасыпты. 17Киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіне кіреберістің үстіндегі орын және қабырғалардың сыртқы, ішкі жақтары да белгілі қалыпқа сәйкес дайындалған ағаш тақтайлармен қапталыпты.
Тақтайлардың бетіне бір-бірінен белгілі бір арақашықтықта 18керуб атты күзетші періштелер#41:18 Жар 3:24; Мыс 25:18; Пат3 6:29. мен құрма ағаштарының бедерлі бейнелері ойылып жасалған еді. Құрма ағаштары мен періштелердің бедерлері бір-бірімен алма-кезектесіп орналастырылыпты. Әрбір күзетші періштенің екі жүзі болды: 19біріншісі — адамның жүзі, ол бір жағындағы құрма ағашына, ал екіншісі — арыстанның жүзі,#41:19 10:14. ол өзге жағындағы құрма ағашына қарап тұрды. Бұндай бедерлер бүкіл киелі үйді айналдыра нақышталып ойылған екен. 20Қасиетті бөлменің қабырғасында еденнен кіреберістің үстіндегі орынға дейін күзетші періштелердің және құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған екен.
21Қасиетті бөлменің есігінің жақтаулары тік төртбұрышты еді. Ең қасиетті бөлмеге апаратын есіктің жақтаулары да дәл осындай пішінде болды. Осы есіктің алдында 22құрбандық үстелі тұрды. Соның биіктігі үш шынтақ, ені мен ұзындығы екі шынтақтан еді. Үстелдің бұрыштарындағы мүйіз тәрізді шошақтары,#41:22 Мыс 29:12. негізі және жақтары ағаштан екен. Сол хабаршы#41:22 40:3; 41:1,13. маған: «Жаратқан Иенің алдындағы үстел,#41:22 44:15-16; Мыс 25:23,30: Леу 24:5-9; Пат3 6:20. міне, осы!» — деді.
23Қасиетті бөлменің де, ең қасиетті бөлменің де қос-қостан жарма есіктері болды. 24Әр есіктің бірімен-бірі топсамен бекітілген екі бөлігі бар екен. 25Қабырғалардағы сияқты, қасиетті бөлменің есіктеріне де күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған болатын.
Бағаналы кіреберістің сыртына асылып шығып тұрған шағын төбе салыныпты. 26Бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларда ойылып салынған құрма ағаштарының бедерлері және тор көздері бар терезелер болды. Киелі үйдің қосалқы бөлмелерінде де ағаш төбелер бар еді.

Currently Selected:

Езекиел 41: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in