YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 4

4
Иерусалимнің қамалуын бейнелейтін көрініс
1— Ал енді, пендем, күйдірілмеген кірпішті#4:1 Яки: саз тақташа (Абқ 2:2). алып, оны алдыңа қой да, оған бір қаланың, яғни Иерусалимнің, жобасын сыз. 2Қаланы қоршауға алуды бейнелеп көрсет. Оған қарсы бекіністер тұрғызып, қабырғаларының маңына тас-топырақтан үймек үй. Сосын әскер қостарын тігіп, айналасына қамал бұзатын қондырғыларды орналастыр.#4:2 17:17; 21:22; Ерм 6:6; 33:4. 3Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат.#4:3 Темір таба Құдай мен Иерусалимнің арасындағы қарым-қатынастың үзілгенін және қамалудың қандай қатты болатынын бейнелейді. Бет-жүзіңді қалаға бұр.#4:3 Құдайдың Өзі қаланың қамалуын ұйғарып, оның іске асуын бақылайтын болады. Осылайша қаланың қалай қоршалып, қиналатынын көрсетесің. Бұл Исраил халқына арналған ескерту белгі болады.
4Мұнан кейін сол жағыңа жат та, Солтүстік Исраилдің халқының кінәсін#4:4 Яки: Солтүстік Исраил патшалығының заңсыз іс-әрекеттерінің кінәсін. өз мойныңа, жүктеп ал. Сол жағыңда қанша күн жатсаң, сонша күн олардың кінәсін өзіңе жүктейсің. 5Олар қанша жыл күнә жасаған болса, Мен де саған сонша күнді белгіледім. Сонымен сен үш жүз тоқсан күн бойы Солтүстік Исраил халқының кінәсін өзіңе жүктеп аласың.#4:5 Бұл кезең Сүлеймен патшаның күнәға батқан кезі мен Иерусалимнің және ондағы киелі үйдің қираған уақытының аралығындағы жылдарды қамтыған болса керек. Сол кезеңде киелі үй халықтың жасаған күнәларының кесірінен арамданды. 6Сол үш жүз тоқсан күн біткен соң, қайтадан жат, бірақ бұл жолы оң жағыңа жат. Сен енді Яһуда халқының кінәсін#4:6 Яғни Исраилдің оңтүстігіндегі Яһуда патшалығының кінәсін. өзіңе жүктейсің. Бір жылға бір күнді тағайындап, Мен саған қырық күнді белгіледім.#4:6 Осы 40 күн опасыз Манасаның Яһудаға патшалық құрған кезін (40 жылды) бейнелеп көрсетсе керек (Пат4 21:1-16). 7Бет-жүзіңді Иерусалим қаласының қамал қабырғасына қарай бұр! Қолыңды жалаңаштап көтеріп, қаланың күнәлары үшін құритыны туралы оған қарсы Менің хабарымды жеткіз! 8Сенің қаланы қоршауға алған күндерің бітпейінше, Мен сені бір жағыңнан екінші жағыңа аунай алмайтын етіп, арқанмен байлап-матап тастаймын.
Ашаршылық және арам тамақ туралы алдын ала ескерту
9Өзіңе бидай мен арпа, үрме бұршақ пен жасымық, тары және бидайға ұқсас өзге дәнді дақылдар#4:9 Яки: полба (Мыс 9:32; Иш 28:25). дайындап, құмыраға салып ал. Содан нан пісір. Оны үш жүз тоқсан күн бойы бір жағыңда жатқаныңда жейтін боласың. 10Өзіңе күніне жиырма мысқалдан#4:10 Шамамен 230 г. тамақ өлшеп қой. Оны күн сайын белгілі уақыттарда жейтін бол. 11Күніне өзіңе бір-бір шағын құмырадан су#4:11 Шамамен 670 мл су. өлшеп құйып алып, оны да белгілі уақыттарда ішетін бол.
12Сол тамағыңды арпа күлшелеріндей қылып дайындап же. Отын ретінде адамның кепкен нәжісін жағып, күлшелерді жұрттың көз алдында соның үстінде пісіретін бол! — 13Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! — 14Ал мен:
— О, Жаратушы Тәңір Ие, мен ешқашан да арамданып көрген емеспін. Жас кезімнен бастап осы кезге дейін не арам өлген, не жыртқышқа таланып өлген малдың етін жеген жоқпын. Аузыма басқа да арам ет салған емеспін!#4:14 Сондай етті жеу исраилдіктерге, әсіресе діни қызметкерлерге, қатаң тыйым салынған еді (Леу 22:8; 7:18). — деп жауап қайтардым. 15Жаратқан Ие:
— Жарайды, онда наныңды адамның кепкен нәжісіне емес, сиырдың тезегіне пісіріп жеуіңе болады, — деп келісті. 16Бұдан соң Ол маған былай деп түсіндірді: — Пендем, Мен Иерусалимді күн көріп келген нанынан құр қалдырамын.#4:16 5:16; Леу 26:26. Оның жұрты өздеріне күнделікті таразыға салынып үлестірілетін нандарын қорқып жейтін, әрі өлшеніп берілетін суларын үрейленіп ішетін болады. 17Өйткені тамақ пен су жетіспей, адамдар бір-біріне аңтарылып, үреймен қарап, өз күнәларының кесірінен әлсіреп құритын болады.#4:17 24:23; 33:10; Леу 26:39.

Currently Selected:

Езекиел 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in