Езекиел 37:1-2
Езекиел 37:1-2 КК 2010
Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен. Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім.