Езекиел 37
37
Алқаптағы қураған сүйектердің қайта тірілуінің көрінісі
1Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы#37:1 36:27; 37:8-10,14. мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен. 2Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім. 3Ол менен:
— Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады.
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім. 4Сонда Ол маған мынаны айтты:
— Осы сүйектерге Менің хабарымды жеткізіп былай де: Уа, қураған сүйектер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! 5Жаратушы Тәңір Ие бұл сүйектерге мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендерге тіршілік лебін#37:5 37:9; Жар 1:30; 2:7; Жыр 103:29-30. үрлеймін, сонда тіріліп шыға келесіңдер. 6Өздеріңе сіңір, үстеріңе ет бітіріп, терімен жабамын. Сосын тіршілік лебін үрлеп енгіземін, осылайша тірілесіңдер. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
7Мен Жаратқан Иенің өзіме бұйырғанындай Оның хабарын жеткіздім. Осылайша істеп тұрған кезімде бір тасырлаған шу пайда болды да, сүйектер рет-ретімен бір-біріне қосыла бастады. 8Мен таңдана қарасам, оларға сіңір әрі ет бітіп, үсті терімен жабылғанын көрдім. Бірақ оларда әлі де тіршілік лебі#37:8 Түпнұсқа тіліндегі «леп» сөзі контекске сай «леп», «жел» немесе «рух» деген мағыналарды білдіре алады (3:14; 8:3; 11:1; 37:9-10; Жар 2:7; Әйүп 12:10; 33:4; Дан 5:23). жоқ болатын.
9Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге#37:9 Заң 28:25-26; Ерм 34:17-20. лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!»
10Мен Жаратқан Иенің өзіме тапсырған сөздерін дауыстап айттым.#37:10 Яки: өзіме тапсырғанындай пайғамбарлық сөз айттым. Сонда өлі денелерге тіршілік лебі кіріп, жан бітті де, барлығы аяқтарына тұрды. Олар өте үлкен әскер екен.
11Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді: «Ей, пендем, мына сүйектер Исраилдің бүкіл халқын бейнелейді. Халық: «Сүйектеріміз қурап қалды, үмітіміз үзілді, біз мүлдем құрыдық!» деп жүр. 12Сондықтан оларға хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, өз халқым, біліп қойыңдар, Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алмақшымын. Бұдан кейін сендерді Исраил еліне қайтарып алып барамын. 13Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алғанымда, Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар, уа, халқым. 14Мен іштеріңе өз Рухымды салып,#37:14 11:19; 36:27; 39:29; Зәк 12:10. сендер өмір сүретін боласыңдар. Сендерді өз елдеріңе қоныстандырамын. Сонда Менің, Жаратқан Иенің, мұны айтқанымды да, жүзеге асырғанымды да білетін боласыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын».
Бір патшаның қол астындағы бір халық
15Бұдан кейін Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: 16«Пендем, бір ағаш тақтайша ал да, оған: «Яһудаға және онымен одақтасқан исраилдіктерге» деп ойып жаз! Сосын тағы бір тақтайша алып, оған: «Жүсіпке, яғни Ефремге,#37:16 Ефрем: Солтүстік Исраилдің жетекші руы (Жар 48:3-5; Еш 17:17; Ош 5:3,11-14). және онымен одақтасқан Исраил халқының бәріне» деп ойып жаз.#37:16 Рул 17:2. 17Содан соң екі тақтайшаны алып, оларды бір-біріне қосып, қолыңда біртұтас етіп ұста.
18Елдестерің сенен: «Бұнымен не айтпақсың?» деп сұрағанда, оларға былай деп жауап бер: 19Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Ефрем руының және онымен одақтасқан Исраилдің өзге руларының қолдарындағы Жүсіптің тақтайшасын аламын да, оны Яһуданың тақтайшасымен қосып, біртұтас етпекпін. Сонда олар қолымдағы біртұтас тақтайша іспетті болады.#37:19 Демек, Жаратқан Ие Сүлеймен патшаның қайтыс болған кезінен бері бір-бірінен бөлініп кеткен Солтүстік Исраил мен Яһуданың патшалықтарын (Пат3 11:42-43; 12:15-20) қайтадан біріктірмек. 20Өзің жазу жазған сол тақтайшаларды елдестеріңнің көзінше ұстап тұрып, былай де: 21Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен бөтен халықтардың арасына тарап кеткен Исраил халқын солардың ішінен алып шығып, жан-жақтан жинаймын да, өз елдеріне қайтарып әкелемін. 22Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында,#37:22 36:1-2,8-10. бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді.
23Халық енді қайтып өздерін жалған тәңірлерінің мүсіндерімен, басқа да жиренішті нәрселерімен және бас көтеріп жасаған өзге күнәларымен арамдамайды. Мен оларды Өзімнен бас тартып, опасыздықпен жасаған күнәларынан арылтып тазартамын. Осылай олар тағы да Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын.#37:23 5:11; 20:43; 36:25; Ерм 30:22. 24Менің қызметшім Дәуіт#37:24 Яғни Дәуіттің әулетінен шыққан билеуші (34:23-24; Ерм 30:9; Пат2 7:16). оларға патшалық құрады. Осылайша барлығының бағушысы біреу болады. Халқым Менің шешімдеріме сәйкес әрекет етіп, ережелерімді сақтап, іске асыратын болады.#37:24 36:27; Заң 4:1. 25Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады.#37:25 28:25; Жар 28:13-15; 35:12; Еш 1:2; 24:8,11-13. Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады.#37:25 37:24; Ош 3:5. 26Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім#37:26 Яки: татулық туралы Келісім (Рул 25:12; Иш 54:10; 55:3; 61:8). жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын.#37:26 Жар 15:5; 22:17; 26:4; 28:14; 32:12; Мыс 40:35. 27Осылай Менің (жер бетіндегі) тұрағым олармен бірге болады. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. 28Менің киелі үйім олардың ортасында тұрақты орнағанда, барлық ұлттар Менің, Жаратқан Иенің, Исраилді Өзіме бағыштап қасиетті ететінімді#37:28 Мыс 19:5-6; Леу 19:2; 22:32. білетін болады!»
Currently Selected:
Езекиел 37: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.