YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 19

19
Исраилдің билеушілері жайлы екі жоқтау
1Енді Исраилдің билеушілері жайлы мына жоқтауды#19:1 Сол заманда халық билеушісінің өліміне немесе өзінің құлдырауына қайғыру үшін не болмаса соны алдын ала білдіру үшін жоқтау (кей кезде сықақтап та) қолданылатын (2:10; Иш 14:4-21; Амо 5:1-3). айт:
2Анаң арыстандардың ішіндегі
Қандай керемет арыстан еді!
Күшті арыстандар арасында жатып,
Ол абдандарын асырайтын еді.#19:2 (Жар 49:8-9) Абдан: арыстанның күшігі.
3Солардың бірін айрықша қып өсірді,
Сол қуатты арыстан болып өсті,
Аулаған олжасын жыртып паршалады,
Адамдарға да бас салып, жалмады.
4Басқа ұлттар ол туралы естіді,
Торуылдап апандарына түсірді,
Шынжырлап#19:4 Яки: Қармақтармен (19:9 да солай). Мысырға айдап әкетті.#19:4 Пат4 23:34.
5Анасы үмітінің ақталмағанын
Көріп, күткенінің іске аспағанын,
Күшті арыстан қып өсірді басқасын.
6Арыстандармен бірге ол жортуылдады,
Нығайып, мықты арыстанға айналды,
Аулаған олжасын жыртып паршалады,
Адамдарға да бас салып, жалмады.
7Ол солардың қамалдарын қиратты,#19:7 Немесе: Олардың жесірлерін әйелдікке алды. (Сол замандағы әдетке сай жаңа патша бұрынғысының артында қалған әйелдерін алатын: Пат2 12:8; 16:21-22.)
Қалаларын ойрандап қаңыратты,
Зор даусымен бүкіл елді қалтыратты.
8Халықтар сонда қарсы шықты оған,
Шабуылдады көрші аймақтардан,
Олар торларын жайды оған арнап,
Қолға түсті ол апандарына құлап.
9Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,
Бабыл патшасының алдына әкелді.#19:9 Шеж2 36:6.
Сосын зынданға салып күзетті,
Исраилдің тауларында содан бері
Ақырған дауысы еш естілмейді.
10Су бойына орналасқан жүзімдіктегі#19:10 Немесе: Сен үшін қан (сияқты қызыл шырын) беретін (Жар 49:11).
Жүзім бұтасына анаң ұқсас еді.
Сол бұта мол судан жемісті көп берді,
Бұтақтары жайқалып тұратын еді.
11Бұтақтарының күшті болғаны сонша,
Лайықты билеуші асатаяғына.#19:11 Жар 49:10-11.
Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады.
12Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,
Жерге тасталды тамырымен жұлына,
Шығыстан соққан аңызақтан#19:12 Бұл Набуходоносор мен оның әскерін астарлап білдіреді (17:10). қурады,
Бар жемістерінен бұта айырылды,
Күшті бұтақтары оның қурап қалды,
От оларды аяусыз құртып жалмады.
13Сол бұта қазір жаңбырсыз шөл далада,
Қуарған сусыз мекен — иен далада.#19:13 Яғни Бабыл елінде (20:35).
14Оның үлкен бұтақтарының бірінен
От шығып, жалмап қойды жемісін барша.#19:14 Пат4 24:20.
Билеушінің асатаяғы болуға
Лайықты күшті бұтақ қалмады онда.
Бұл — жоқтау жыры, ол жоқтау мәнерімен айтылсын.

Currently Selected:

Езекиел 19: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in