Езекиел 14
14
Рухани екіжүзділікке шығарылған үкім
1Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам маған келіп, алдыма жайғасып отырды. 2Сонда Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
3«Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе? 4Сондықтан оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Исраил халқы жүрегінің төріне жалған тәңірлерді орнатып, өздерін адастырып, күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Әйтсе де, олар енді Менен ақыл сұрау үшін пайғамбарыма барды. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, оларды өздерін арамдайтын жалған тәңірлерінің молшылығына сәйкес жазалап, жауабымды беремін. 5Мұны өздерінің діңгек тәрізді тәңір мүсіндеріне табынуға Менен қашықтап кеткен исраилдіктердің жүректерін Өзіме кері қайтару үшін істеймін.
6Сондықтан Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтыңдар! Табынып жүрген жалған тәңірлеріңді тастап, барлық жексұрын салт-дәстүрлеріңнен бас тартыңдар! 7Егер де исраилдіктер мен елде тұрып жатқан жат жұрттықтар#14:7 Леу 17:8,10,13. Менен бөлініп, жүректерінің төріне өздерін арамдайтын тәңірсымақтарды орнатса, әрі өздерін адастырып, күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алса, ал кейін Менен ақыл сұрау үшін пайғамбарыма баратын болса, онда Мен, Жаратқан Ие, оларға Өзім жауап беремін. 8Мен сондайларға қарсы шығып, оларды басқаларға ескертетін сабақ пен мысал етемін.#14:8 Немесе: (басқаларға ескертетін) белгі мен мысал етемін (12:6,11; Шеж2 7:19-22). Оларды өз халқымнан аластатамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
9Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын.#14:9 Шеж2 18:19-22. 10Сол ақыл сұрағандар зұлым істерінің кінәсін өз мойындарымен көтереді. Олардың жазасы сол пайғамбардың жазасымен бірдей болмақ. 11Сонда исраилдіктер бұдан былай Менен безіп, өздерін әр түрлі заңсыз істерімен арамдамайтын болады. Олар Менің халқым болады, ал Мен олардың Құдайы боламын». — Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтады.
Иерусалимге әділ жазадан құтылу жоқ
12Кейінірек Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: 13«Пендем, егер бір ел Маған опасыздық жасап күнәға батса, Мен ондай елге қарсы қолымды созып, ашаршылық жіберіп, елді нансыз қалдырамын. Сөйтіп, оның халқы мен малын жоямын. 14Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп#14:14 (Жар 6:8,13,18,22; 7:1; Әйүп 1:1,8,22; 2:10; 42:7-10; Дан 1:8; 6:13) Даниял: түпнұсқада осы есімнің Данел деген түрі қолданылған (14:16,20-да да солай). үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында#14:14 Жар 18:25-26,32. олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. 15Немесе Мен бүкіл елді кезіп жүретін жыртқыш аңдарды жіберіп, олар тұрғындарды жалмап, соның кесірінен қаңырап қалған ел арқылы тіпті жолаушылар да өтпей қояды дейік. 16Сонда елде жаңағы үш әділ адам: Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалып, ел қаңырап бос қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін.
17Я болмаса Мен елге қарсы жаудың семсерін жіберіп, ол бүкіл елдің тұрғындарын мал-мүлкімен қоса құртады дейік. 18Сонда елде әлгі үш әділ адам тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін.
19Немесе Мен елге індет жіберіп, оның адамдары мен малдарын қырып қаһарымды төгемін дейік. 20Сонда елде Нұх, Даниял, Әйүп#14:20 14:14. тұрып жатса да, олар әділ болғандарының арқасында тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, тек өз бастарын ғана аман алып қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін.
21Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Иерусалимге қарсы оның халқы мен малын қыратын төрт ғаламат апатымды: семсер, ашаршылық, жыртқыш аңдар және індетті жібергенімде, бұл қандай қорқынышты болмақ?! 22Алайда халықтың біраз ұл-қыздары тірі қалады да, жау оларды қаладан бастап алып шығады. Осы тірі қалғандар Бабыл еліне айдалып келіп, сендерге қосылады. Солардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін көргенде сендер Менің Иерусалимге неліктен осындай апаттарды жібергенімді ұғып, жұбаныш табасыңдар. 23Демек, олардың зұлым мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін өз көздеріңмен көрген кездеріңде Менің сол қалаға тартқызған барлық жазаларымның нақты себептері болғанын түсініп, жұбанасыңдар, — дейді Жаратушы Тәңір Ие.
Currently Selected:
Езекиел 14: КК 2010
Highlight
Share
Copy
![None](/_next/image?url=https%3A%2F%2Fimageproxy.youversionapi.com%2F58%2Fhttps%3A%2F%2Fweb-assets.youversion.com%2Fapp-icons%2Fen.png&w=128&q=75)
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.