YouVersion Logo
Search Icon

Мысырдан шығу 17

17
Жаратқан Ие жартастан ағызған су
1Осыдан кейін Исраил үрім-бұтағының қауымы Син атты елсіз даладан#17:1 16:1; Рул 33:12. шығып, Жаратқан Иенің бұйрығымен көштерін әрі қарай жалғастырды. Олар Рефідимге жайғасты, бірақ ол жерде ауыз суы болмады. 2Халық Мұсаға ұрсып:
— Бізге су тауып беріңдер! — деп талап етті. Мұса оларға:
— Сендер неге маған ұрсасыңдар? Жаратқан Иеге сенбеушілік танытып, Оны еркінсіп сынамақсыңдар ма?#17:2 Яки: Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па деп еркінсіп сынамақсыңдар ма? (17:7) — деп жауап берді. 3Алайда халық шөлдегендіктен Мұсаға қарсы наразылық білдіруін қоймай:
— Бізді Мысырдан неге алып шықтың? Өзімізді, балаларымызды, мал-жандарымызды шөлден қатыру үшін бе? — деп шағымданды.
4Мұса Жаратқан Иеге қатты дауыстап сиынып:
— Мына халықты не істесем екен? Олар мені таспен атқылап өлтірудің аз-ақ алдында тұр, — деді. 5Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып:
— Өзіңе Исраилдің рубасыларының#17:5 3:16,18. бірнешеуін ертіп алып, жұртты бастап, Нілдің суын сабаған таяғыңды#17:5 7:17,20. қолыңа ұстай жүр. 6Мен Хориб тауындағы#17:6 Хориб тауларында Синай тауы да орналасатын (3:1; 19:2,11). анау жартастың басында сенің қасыңда тұрамын. Жартасты таяғыңмен соққанда ішінен халық ішетін су шықпақ, — деді. Мұса Исраил халқының рубасыларының көзінше солай істегенде су аға жөнелді.
7Кейін Мұса бұл жерді Маса («Еркінсіп сынау») және Меріба («Ұрсу») деп атады. Өйткені исраилдіктер сонда оған ұрсып, «Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па» деп Тәңір Иені еркінсіп сынаған еді.#17:7 17:2-3.
Амалек тайпасының шабуылы әрі жеңілісі
8Сол кезде исраилдіктермен Рефідимде соғыспақ болып, амалектіктер#17:8 Есаудың немересі Амалектің үрім-бұтағы (Жар 14:7). таяп келіп қалған еді. 9Мұса (көмекшісі) Ешуаға:#17:9 Нұн ұлы Ешуа пайғамбар (24:13; 32:17; 33:11; Заң 1:38; 34:9; Еш 1:1-5).
— Жігіттерді таңдап алып, амалектіктермен шайқасуға аттан! Ертең мен Құдайдың таяғын#17:9 4:17. қолыма алып, төбе басында тұрмақпын, — деп бұйырды.
10Ешуа Мұсаның айтқандарын орындап, Амалек жасағына қарсы ұрысқа аттанып кетті, ал Мұса, Һарон және Һұр#17:10 Һұр: Исраил халқының бір басшысы (24:14; 31:2). төбе басына шықты. 11Мұса қолын аспанға қарай көтерген кезде#17:11 Құдайға сиыну үшін (Тім1 2:8; Жақ 5:14-16). Исраил жеңіп, ал қолын төмен түсіргенде Амалек басым түсіп жатты. 12Бірақ Мұсаның қолдары талып қалды. Сонда Һарон мен Һұр үлкен тас алып келіп, соған Мұсаны отырғызды. Өздері біреуі оң жағында, екіншісі сол жағында тұрып, күн батқанша оның қолдарын сүйемелдеумен болды. 13Осылайша Ешуа бастаған сарбаздар өткір жүзді семсерлерімен Амалек жасағын күйретті.
14Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Мынаны естелік үшін кітапқа жазып қой да, Ешуаның құлағына құя бер: Мен аспан астынан Амалектің атын біржола өшіріп тастаймын!»#17:14 Құдай Мысырдан жаңа ғана құтқарған халқын тонамақ ниетпен баса-көктеп шабуыл жасаған Амалек тайпасына осы үшін қаһарын төкті (Рул 24:20). Сол тайпа кейінгі заманда да Құдайдың халқына зорлық-зомбылық жасады (Пат1 30:1-2).
15Мұса сол жерде құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Біздің туымыз — Жаратқан Ие» деп атады. 16«Жаратқан Иенің тағына қарай қолдарымыз созылған еді.#17:16 Немесе: Олардың қолдары Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тағына (яғни өз халқына) қарсы көтерілген еді (29:46). Оның Амалекке қарсы жүргізетін соғысы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын болады», — деді.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in