YouVersion Logo
Search Icon

Естер 4

4
Естердің өз халқының амандығы үшін күресуге бел байлауы
1Мардохай болған оқиға туралы толық білгенде, қатты қайғырып киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол азалы киім киіп, басына күл шашып,#4:1 4:3,16; Жүн 3:5-6; Нех 1:4. дауыстап жылап қаланың ортасына барды. 2Мардохай патша сарайының қақпасының алдына дейін ғана келе алды. Өйткені азалы киім киіп сарай қақпасына кіруге тыйым салынған болатын. 3Патшаның шығарған жарлығы жеткен аймақтардың барлығындағы яһудилер де ораза ұстап, еңіреп жылаумен болды. Олардың көбі азалы киім киіп, күл үстінде отырды.#4:3 4:1; Иш 58:5; Дан 9:3.
4Естерге өзінің қызметші қыздары мен сарай қызметкерлері келіп, Мардохай туралы айтып бергенде, ол да қатты алаңдап қорықты. Естер Мардохайға азалы киімін шешіп, ауыстырып киюге жай киімдер жіберді. Бірақ Мардохай оларды қабылдамады. 5Сонда Естер Хатахты шақырып алып, Мардохайдан не болғанын сұрап біліп келуге жіберді. Хатах патшаның Естерге қызмет етуге тағайындаған сарай қызметкерлерінің бірі еді.
6Хатах патша қақпасынан шығып, оның алдындағы ашық алаңдағы Мардохайға барды. 7Мардохай Хатахқа өзімен болған бүкіл жайтты, әрі Хаманның яһудилерді құрту үшін патшаның қазынасына төлеймін деген күмісінің дәл мөлшерін де айтып берді. 8Мардохай, сондай-ақ, яһудилерді құрту жайлы Сузыда шығарылған жарлықтың бір көшірмесін Хатахқа беріп, одан соны Естерге көрсетіп, түсіндіруін сұрады. Естер патшаның алдына барып, өз халқы үшін мейірім сұрауы керек деп те тапсырды.
9Қызметкер Хатах қайта оралып, Мардохайдың айтқанының бәрін Естерге жеткізді. 10Сонда Естер Хатахтан Мардохайға былай деген жауабын жіберді:
11— Патшаның барлық қызметкерлері және оның аймақтарының халқы мынаны біледі: Егер кімде-кім, әйел болсын, ер адам болсын, патшаның шақыруынсыз ішкі аулаға кіріп келетін болса, оған бір-ақ заң қолданылады: сол кісі өлтіріледі! Егер патша алтын асатаяғын сол адамға қарай созса ғана, ол тірі қалады. Ал өзімнің патшаның қасына шақырылмағаныма отыз күн болды.
12Естердің осы айтқаны Мардохайға жеткенде, 13ол Естерге былай деп жауап қайтарды:
— Патшаның сарайында тұрып яһудилердің арасынан жеке басым аман қалармын деп ойлама! 14Себебі егер осы уақытта үндемей қалатын болсаң, яһудилерге көмек пен құтқарылу басқа жақтан#4:14 Демек, Алла Тағаланың жағынан. келмек. Ал сенің өзің мен әкеңнің әулеті құрисыңдар. Мүмкін, патшайым болу құрметіне дәл осындай уақыт үшін де қол жеткізген шығарсың,#4:14 Бұл, әрине, Құдайдың керемет ісі болды (2:9,15,17; Жар 45:5-7). соны кім біледі?
15Естер Мардохайға мына жауабын жолдады:
16— Онда Сузыдағы барлық яһудилерді жинап, мен үшін ораза ұстаңыздар.#4:16 Яғни ораза ұстап Құдайға мінажат етіңіздер. Үш күн, үш түн бойы ішіп-жемеңіздер. Мен де қызметші қыздарыммен бірге сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін!
17Мардохай барып, бәрін Естердің тапсырғанындай істеді.

Currently Selected:

Естер 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in