Естер 2
2
Яһуди қызы Естердің патшайым болуға тағайындалуы
1Кейінірек#2:1 Гректерге қарсы дайындалған жорықтар осы аралықта іске асқан шығар (1:4-дегі түсініктемені қ.). ашуы басылғанда Ахасуер патша Астинді, оның не істегенін және оған қарсы шығарылған жарлықты есіне алды. 2Сонда патшаның жеке қызметкерлері мынадай ұсыныс жасады: «Патша ағзамға арнап сұлу да пәк қыздарға іздеу салынсын. 3Патша ағзам барлық аймақтарда арнаулы басқарушыларын тағайындап, бекіте көрсін. Олар сол сұлу да пәк қыздарды Сузы қорғанына әкелсін. Қыздар патшаның әйелдердің үстінен қарайтын сарай қызметкері Хегайдың қарамағындағы харемге#2:3 Яки: патшаның әйелдерінің үйіне (гаремге). жиналсын. Қыздар әрленуге арналған заттардың барлығымен қамтамасыз етілсін. 4Сосын арулардың ішінен патшаға ұнаған қыз Астиннің орнына патшайым болсын!»
Патша бұл ұсынысты мақұл көріп, жүзеге асыртты.
5Сузы қорғанында Мардохай есімді яһуди ер адам тұратын. Мардохай Бунямин руынан шыққан Жайырдың ұлы, Шимейдің әрі Қиштың ұрпағы болатын.#2:5 Б.з.д. 11 ғасырда өмір сүрген Қиш амалектерді жеңіп шыққан Саул патшаның әкесі, ал Шимей соның туысқаны болатын (Пат1 9:1-2; 10:21,24; 15:7-8,32-33; Пат2 16:5). Немесе: Шимейдің немересі, Қиштың шөбересі. 6Кезінде Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді жаулап алып, Яһуда патшасы Ехонияхпен бірге жер аударып әкеткен халықтың арасында#2:6 Пат4 24:8-16. Мардохайдың отбасы да бар болған еді. 7Мардохайдың қолында оның бір ағасының Хадаса есімді қызы болды. Хадаса Естер («Жұлдыз») деп те аталатын. Қыздың дене бітімі сымбатты, бет-әлпеті өте сұлу еді. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін, Мардохай оны өз қызындай тәрбиелеп өсірді.
8Патшаның әмірі жарияланғанда, Естер де көптеген басқа қыздармен бірге Сузы қорғанындағы патша сарайына әкелініп, харемнің бастығы Хегайдың қарамағына тапсырылды.#2:8 2:3. 9Естер Хегайға ұнап, оның мейіріміне бөленді. Хегай қызды әрленуге арналған иісмайлармен және арнайы тағамдармен дереу қамтамасыз етті. Ол, сондай-ақ, Естерге патша сарайынан таңдалған жеті қызметші қызды қосып беріп, оларды патшаның хареміндегі ең жақсы орынға көшіріп орналастырды.
10Естер өз ұлты мен ата-тегі жайлы ешкімге тіс жармады. Себебі Мардохай оған солай істеуге тыйым салған еді. 11Мардохай Естердің хал-жағдайын және оған не болып жатқанын білу үшін күн сайын харемнің ауласының маңайында әрлі-берлі жүретін.
12Әрбір қыз Ахасуер патшаның алдына бару кезегі келмес бұрын әйелдерге арналған он екі айлық әрлену мерзімінен өтетін. Сол мерзім алты ай бойы мүр майымен сылану, келесі алты ай бойы иіссулар мен әрлендіретін иісмайларды жағу кезеңдерінен тұратын. 13Қыздың патшаның алдына баратын уақыты келгенде, харемнен патша сарайына алып кеткісі келген нәрселерінің бәрі де оған берілетін. 14Қыз патшаға кешке келетін де, таңертең екінші харемге апарылатын. Сол жерде ол патшаның кәнизактарының#2:14 Яғни патшаның әйелдікке алған күңдерінің. үстінен қарайтын сарай қызметкері Шағашқаздың қарамағында болатын. Патша оны ұнатып, атын атап өзіне қайта шақырмаса, ол бұдан былай патшаға қайтып әкелінбейтін.
15Естер Мардохайдың ағасы Әбихаилдің қызы еді. Мардохай оны асырап алған болатын.#2:15 1:7. Енді Естердің патшаның алдына баратын кезегі келгенде, ол патша харемінің үстінен қарайтын сарай қызметкері Хегайдың ақыл-кеңесіне мойынсұнды.#2:15 2:3,8-9. Осылай Естер өзімен бірге алып кетуге оның ұсынған нәрселерінен басқа ештеңені сұраған жоқ. Ал Естерді көргеннің бәрі оған риза болды. 16Естер Ахасуер патша билік құрған жетінші жылдың оныншы (яғни тебет) айында#2:16 Б.з.д. 479 ж. желтоқсан - 478 ж. қаңтар айларында. патша сарайына апарылды. 17Патша басқа барлық қыздардан гөрі Естерді қатты ұнатты. Оған өзгелерге қарағанда көбірек риза болып, сүйсінгені сонша, басына патшалық тәж кигізіп, оны Астиннің орнына патшайым етті.
18Содан патша барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап үлкен қонақасы беріп, Естердің тойын жасады. Ол, сондай-ақ, аймақтарға демалыс күнін жариялатып, патшалық жомарттықпен сыйлықтар үлестірді.#2:18 1:14,7.
Яһуди Мардохайдың патшаның өмірін сақтап қалуы
19Қыздар екінші харемге әкелініп жиналған кезде, Мардохай патша сарайының қақпасында#2:19 Яғни патшалықтың әкімшілік мекемесінде (Пат2 19:8; Пат3 22:10; Дан 2:48-49). қызмет ететін болды. 20Естер өзінің ата-тегі мен ұлтын Мардохайдың ескертуімен бұдан былай да ешкімге ашпады. Ол бұрын Мардохайдың қолында тұрған кезінде де оның айтқанын екі етпейтін.
21Мардохай патша қақпасында қызмет етіп жүрген сол күндердің бірінде кіреберісті күзететін екі сарай қызметкері бірдеңеге патшаға өкпелеп ашуланып қалды. Олардың есімдері Бигтана және Тәреш#2:21 Олар Гавафа және Фарра деп те аталады. болатын. Содан екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырды. 22Осы туралы Мардохай біліп қойып, оны Естер патшайымға хабарлады. Ал Естер бұл жайтты Мардохайдың атынан патшаның өзіне жеткізді. 23Істің мән-жайы тексерілгенде расталып, екі қылмыскер дарға асылды. Бүкіл оқиға туралы баяндама патшаның көз алдында ресми жылнама кітабына жазылып енгізілді.#2:23 6:1-2.
Currently Selected:
Естер 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.